Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Законодательство -
Тип документа:
Кодекс










Отправить по почте
«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
1. «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 334-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
12-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасында жасалатын жаңа автокөлік құралдары өтініш берушінің таңдауы бойынша «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында белгіленген 1-8, 10-схемалардың бірі бойынша сәйкестікті растаудан өтеді. Пайдалану мерзімі 3 жылдан аз, Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келісімі) шеңберінде берілген, үлгіні мақұлдауды растайтын құжаты бар автокөлік құралдары «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгіленген 2 немесе 9-схема бойынша сәйкестікті растаудан өтеді».
2. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі №675 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы жобасына салыстырмалы кесте
| р/с № | Құрылымдық элемент | Қолданыстағы редакция | Ұсынылатын редакция | Негіздеме |
| 1. | 1-бөлім 12-тармақ | «12. Қазақстан Республикасында жасалатын жаңа автокөлік құралдары өтініш берушінің таңдауы бойынша «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында белгіленген 1-8, 10-схемалардың бірі бойынша сәйкестікті растаудан өтеді. Пайдалану мерзімі 3 жылдан аз, Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келісімі) шеңберінде берілген, үлгіні мақұлдауды растайтын құжаты бар автокөлік құралдары «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгіленген 9-схема бойынша сәйкестікті растаудан өтеді». | «12. Қазақстан Республикасында жасалатын жаңа автокөлік құралдары өтініш берушінің таңдауы бойынша «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында белгіленген 1-8, 10-схемалардың бірі бойынша сәйкестікті растаудан өтеді. Пайдалану мерзімі 3 жылдан аз, Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келісімі) шеңберінде берілген, үлгіні мақұлдауды растайтын құжаты бар автокөлік құралдары «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгіленген 2 немесе 9-схема бойынша сәйкестікті растаудан өтеді». | «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағы, 4-бабының 2-тармағының 4) және 9)-тармақшаларының талаптарына сәйкес келтіру |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А. Рау
«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
| Р/с № | Түсіндірме хатта көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші - мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Жобаны әзірлеуші - мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2. | Жобаны қабылдау қажеттігіннің негіздемесі | Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағы, 4-бабының 2- тармағының 4) және 9)-тармақшаларының талаптарына сәйкес келтіру |
| 3. | Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономиакалық және/немесе құқықтық салдарлар | Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді |
| 4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Жобаны іске асыру қаржылық шығындарды қажет етпейді |
| 5. | Жобаны, қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі | Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген, «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентін іске асыру щеңберінде саудада техникалық кедергілерді жою және өтпелі кезең ұсыну |
| 6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президентінің және/немесе Үкіметінің бұрын қабылданған актілері және олардің іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» қаулысы
|
| 7. | Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі. | Талап етілмейді |
| 8. | Премьер – Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері | Болмайды |
| 9. | Өзге де мәліметтер | Болмайды |
| 10. | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік қондырғыларына материалдарды (көшірмелер) беру | Рұқсат етіледі |
| 11 | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында, интранет-порталында немесе өзге ақпараттық жүйесінде) қаулы жобасын орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және күні) және ақпарат (әрқайсысының байт саны көрсетіле отырып шығарылған файлдар атауы) | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
|
| 12 | Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз-жаршысын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) орналастыру туралы ақпарат | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
2014 жылғы «___» ___________

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |