• Мое избранное

Отправить по почте

«Тапсырысшының-құрылыс салушының қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Тапсырысшының-құрылыс салушының қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 20-бабының 23-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Тапсырысшының-құрылыс салушының қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қырылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Қ.Қ. Айтмұхаметов):  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауын;  
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының үлттық экономика вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.  
Министр Е. Досаев