• Мое избранное
«Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» қаулысының 22-тармақтың 5) тармақшасына  және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына  сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына  сәйкес балық аулауға;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына  сәйкес балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың Үлгі нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жарияланғанын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы « »
 № бұйрығына
 1-қосымша
Үлгі нысаны
Балық аулауға арналған шарт  
  ____________қаласы  20___жыл«__»__________
____________________________________________________________________
  (жергілікті атқарушы орган)
  бұдан әрі «Әкімдік» деп аталатын, _________________________________
____________________________________________________________________
 (басшының тегі аты әкесінің аты (болған кезде))
  атынан Ереже негізінде әрекет ететін, _______________________________
бір тараптан, және басшы ____________________________________________
 (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен)
  атынан _________________________________________ немесе жеке кәсіпкер
 (ұйымның аты)
  ____________________________________________________________________
 (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен)
  конкурстық комиссияның 20_____ жылғы «_____» ______________________  
  № __________ шешімімен конкурстың жеңімпазы танылған, бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталатын _________________________________________  
  (ереже, жарғы және т.б.)
негізінде әрекет етуші екінші тараптан төмендегілер туралы шарт
жасасты.
1. Шарттың мәні
1. «Әкімдік» ұсынды, ал «Пайдаланушы»
  __________________________________________________________ мақсатында
  (кәсіпшілік аулау (жағалаулық. теңіздік), ғылыми-зерттеу және т.б.)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
  (су айдынының, учаскесінің және орналасқан ауданының атауы) балық
ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалану құқығына ие болды.
2. Тараптардың құқықтары
2. «Пайдаланушы» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) жануарлар дүниесі объектілерін, оларды ұсыну шарттарына сәйкес пайдалануға;
2) ауланған жануарлар дүниесі объектілері мен оның барысында алынған өнім меншігіне;
3) оған бекітіліп берілген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулау үшін жеке тұлғаларға жолдамалар беруге;
3. «Әкімдік» заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Пайдаланушыға» балық және басқа да су жануарларын аулаудың оған бекітіліп берілген квотасын игеру үшін жануарлар дүниесін пайдалануға бөлінген төлем тәртібінде әр кеме, буынға немесе әр бригадаға төленген нақты қаржыға сәйкес көлемде балық және басқа су жануарларын аулау құқығына рұқсаттама береді.
Шарт «Пайдаланушыға» су айдынының және (немесе) учаскесінің су ресурстарын пайдалану құқығын бермейді.
3. Тараптардың міндеттемелері
4. «Пайдаланушы» заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) тек осы шартпен рұқсат етілген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану түрін жүзеге асыруға;