Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодекісінің 17-бабына БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Консультации










Консультации
Отправить по почте
«Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодекісінің 17-бабына БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің ғаламтор-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В.Школьник
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2014 жылғы «__» № бұйрығымен бекітілген
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидалары
1. Осы Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Жеке және заңды тұлғалар озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мына құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға арналған өтінім;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
4) өтінім берушінің штатында тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе тиісті арнайы орта білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, кемінде екі инженерлік-техникалық қызметкер – жауапты орындаушылардың бар екендігін растайтын құжаттар;
Ескертпе:
*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
3. Рұқсатты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган береді.
4. Рұқсатты уәкілетті орган тиісті құжаттармен бірге өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
5. Өтінім берушіге рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауап мынадай:
1) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар толық ұсынылмаған;
2) рұқсат алуға өтінім және мәліметтер нысаны осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес келмеген жағдайларда жіберіледі.
6. Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат бір күнтізбелік жыл мерзімге беріледі.
Рұқсат иеліктен шығарылмайтын және біреуге берілмейтін болып табылады.
7. Рұқсаттар беруге арналған өтінімдерді қарау үшін ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығы үшін өтінім берушілер жауапты болады.
8. Уәкілетті орган берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді.
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беруге арналған ӨТІНІМ
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(өтінім беруші ұйымның мекенжайы немесе жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы)
байланыс телефондары, факс _____________________________________
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету туралы мәлімдейді
__________________________________________________________________
Техникалық қызмет көрсетуге тартылған мамандар саны: ______________________________________________________
Озон қабатын бұзатын заттармен жұмыс жүргізу бойынша кәсіптік
даярлықтан өткен мамандар саны: __________________________________
Қызметі
Компанияға тән қызметтің түрін көрсетіңіз:
Тоңазытқыш жабдықты шығару
Тоңазытқыш жабдықты жинақтау/орнату
Сату
Тоңазытқыш жабдықты жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету
Басқалар __________________________________________________________________
Өтінім берушілер мәліметтердің дұрыстығы үшін толық жауапты болады
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Кәсіпорынның
басшысы ________________ _________________________
(жеке қолы) М.О. (Т.А.Ә.)
Өтінім тіркелген күн
20__ жылғы «___» __________________
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат алу үшін талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
1. Озон қабатын бұзатын заттарды қайта өңдеу және алу жөніндегі жабдықтың техникалық паспорты:
1) жабдықтың атауы
__________________________________________________________________;
2) жабдықтың моделі (маркасы)
3) функциялардың қысқаша сипаттамасы
__________________________________________________________________.
2. Өндірістік-техникалық база:
1) өндірістік үй-жайларды сатып алу/сату, жалға алу шартының нөмірі
__________________________________________________________________;
2) жасасу күні
__________________________________________________________________;
3) кіммен шарт жасасқан (заңды/жеке тұлғаның атауы)
__________________________________________________________________;
4) орналасқан жері (мекенжайы)
__________________________________________________________________.
3. Жабдықтарды пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, озон қабатын бұзатын заттарды есепке алуды және тасымалдауды қамтамасыз ететін қызмет:
1) құжаттың атауы
__________________________________________________________________;
2) құжаттың берілген күні
__________________________________________________________________.
4. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі:
1) сақтандыру полисінің нөмірі және берілген күні
__________________________________________________________________;
2) сақтанушының атауы
__________________________________________________________________;
3) сақтандырушының атауы
__________________________________________________________________;
4) сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі
__________________________________________________________________.
5. Персонал:
1) қызметкердің Т.А.Ә.
_________________________________________________________________
2) мамандануы мен біліктілігінің атауы
__________________________________________________________________;
__________________________________________________________________;
4) дипломның/аттестаттың берілген күні
__________________________________________________________________;
5) диплом/аттестат берген оқу орнының атауы
__________________________________________________________________;
6) мамандығы бойынша жұмыс өтілі
__________________________________________________________________;
7) сертификат/куәлік нөмірі
__________________________________________________________________;
8) сертификаттың/куәліктің берілген күні
__________________________________________________________________;
9) сертификат/куәлік берген ұйымның атауы
__________________________________________________________________.
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидаларына 3-қосымша
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге арналған рұқсат
Осы рұқсат ____________________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан (тұратын)
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
мына жұмыстарға берілді:
озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету
Осы рұқсаттың қолданылу мерзімі: _______________________ бастап _____________________ қоса алғанда
Өтінім беруші:
сатушы фирмалардың және сатып алушылар мен қолданатын облыстардың атаулары мен мекенжайларын көрсете отырып, озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың есебін жүргізуге;
жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен озон қабатын бұзатын заттармен жұмыс істеу жөніндегі есептілікті ұсынуға міндетті.
Лауазымы, Т.А.Ә., қолы М.О.
«Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы энергетика министрінің бұйрығы жобасына анықтама негіздеме
| р/с
| Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік органның атауы | Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтемемен нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (органның құзыреті) | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттар, дәлелдер және акті неге байланысты қабылданды) | Жобаны қабылдау заңға тәуелді деңгейдегі актілерді жоғары тұрған деңгейдегі актілерге сәйкес келтіру мақсатын көздейді |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені немесе күші жойылды деп танылғаны туралы ұсыныстарды әзірлеу туралы мәліметтер | Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 Қаулысы
|
| 5. | Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидалардың 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ
|
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдердің қысқаруын көздейтіндігі | Көздемейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер | Талап етілмейді |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) туралы мәліметтерді | Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің интернет-ресурсында www.ecocomitet.gov.kz орналастырылған |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) қамтуға тиіс | Жоқ |
Директор М.Хайруллин

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |