• Мое избранное
«Өсiмдiктердi қорғау мақсатындаауыл шаруашылығы дақылдарынөңдеуге арналған гербицидтердiң,биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Өсiмдiктердi қорғау мақсатындаауыл шаруашылығы дақылдарынөңдеуге арналған гербицидтердiң,биоагенттердiң (энтомофагтардың)және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Өсiмдiктердi қорғау мақсатындаауыл шаруашылығы дақылдарынөңдеуге арналған гербицидтердiң,биоагенттердiң (энтомофагтардың)және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының  6-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
4)	осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3.	Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
   Министр                                                                                  А. Мамытбеков 
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
  1. Осы Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының                   Заңына сәйкес өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы    тауарларын өндірушілерге ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату бойынша жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаржы есебінен және шегінде субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.
2. Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес мынадай бағыттар бойынша:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген гербицидтердің құнын арзандатуға (50 %-ға дейiн);
2) биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың құнын арзандатуға (40 %-ға дейiн) бөлiнедi.
3. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмi негiзiнде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетiлген бағыттарға сәйкес облыстың және Астана мен Алматы қалаларының тиiстi жылға арналған бюджеттерiнде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті бюджеттерінде көзделетін қаражат көлемі республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті жылға белгіленген, ауыл шаруашылығына бағытталатын ең аз бюджет қаражатының көлемінен төмен болмауы тиіс.
  4. Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстардың әкімдері оларды облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша             қайта бөле алады.
5. АШТӨ-нің субсидиялар алуға арналған тiзiмiн айқындау үшiн әрбiр ауданда (облыстық маңызы бар қалада, Астана және Алматы қалаларында) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмiнiң шешiмiмен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК) құрылады.
ВАК-тің құрамына:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмдiгiнiң, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң немесе басқармаларының;
2) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық инспекциясының;
3) тиісті облыстың, облыстық маңызы бар қалалардың, Астана және Алматы қалаларының аудандарындағы облыстар, Астана және Алматы қалалары өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалының (бар болса);
4) аграрлық бейіндегі қоғамдық және ғылыми ұйымдардың (бар болса) өкілдері кіреді.
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi, ал Астана және Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қала бойынша – қала әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлiмi (бұдан әрi – бөлiм) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
6. Бөлiм субсидиялар алу үшiн құжаттарды қабылдаудың басталатын және аяқталатын күнін белгілейді және құжаттарды қабылдау мерзiмi мен басқа да қажеттi мәлiметтердi көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс тәртiбiн жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi.
7. Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алқабының болжамды құрылымына қарай) облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді.
8. Облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімі бойынша:
1) субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары;
2) субсидияланатын биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың түрлері және биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушілерден сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған субсидиялар нормалары белгіленеді.  
2. Гербицидтердің құнын арзандатуға арналған субсидияларды төлеу тәртiбi
1. Субсидия төлеу шарттары
9. Гербицидтердің құнын арзандатуға арналған субсидиялар ағымдағы жылы гербицид жеткізушілерден гербицид сатып алған АШТӨ-нің және өткен жылдың төртінші тоқсанында шығындарды ішінара өтеуге субсидия алмаған АШТӨ-нің шығындарын iшiнара өтеуге арналады.
10. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрудi (формуляциялауды) және (немесе) сатуды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар гербицид жеткiзушiлер болып табылады.
11. Бюджеттік субсидиялар сатып алынған гербицидтердің 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялардың нормаларына сәйкес мынадай мөлшерде беріледі:
1) отандық өндірістің гербицидтерін сатып алған кезде субсидиялар АШТӨ-ге сатып алынған гербицид құнының 50 %-на дейінгі мөлшерде төленеді;
2) шетелдік өндірістің гербицидтерін сатып алған кезде субсидиялар АШТӨ-ге сатып алынған гербицид құнының 30 %-на дейінгі мөлшерде төленеді.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген гербицидтер түрлеріне арналған субсидиялар нормаларын белгілеген кезде гербицид жеткізушілер сататын шетелдік өндірістің гербицидтерінің құны ұқсас отандық өндірістің гербицидтерінің құнынан аспауы тиіс, отандық және шетелдік өндіріс гербицидтеріне арналған субсидиялар мөлшерлері арасындағы айырмашылық осы тармақта белгіленген айырмашылыққа барабар сәйкес болуы тиіс.
12. Осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарында белгіленген шарттарды АШТӨ-нің сақтамауы облыстың (Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрi – басқарма) төленген субсидияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріп алуы үшін негіз болып табылады.
2. Қажетті құжаттар тізбесі
13. АШТӨ бөлiм белгілеген мерзімдерде бөлiмге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған АШТӨ тізіміне (бұдан әрі – АШТӨ тізімі) қосуға өтінім береді, бұл ретте бір уақытта гербицидтерді жеткізуші берген шот-фактуралар мен тауарлық-көліктік жүкқұжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Өтінім қабылданған күні АШТӨ-ге өтінімнің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Қосымша қаражат бөлінген жағдайда, бөлім жоғарыда көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінімдерді қосымша қабылдауды бөлім белгілеген мерзімде жүзеге асырады.
14. Осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес субсидиялар алатын, гербицидтердің құнын шартта айтылған мерзімдерде төлейтін АШТӨ де бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізіледі.
15. Мынадай жағдайларда: