• Мое избранное

Отправить по почте

«Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К.Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы « »
№ бұйрығына
1-қосымша
Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын  
және құтқарушыларды аттестаттау  
және қайта аттестаттау қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 49) тармақшасына сәйкес әзірленген, авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттауды өткізу тәртібін айқындайды.
2. Кәсіби, кәсіби әскерилендірілген және ерікті авариялық-құтқару қызметтері (бұдан әрі - АҚҚ), құралымдары және құтқарушылар аттестатталуға және қайта аттестатталуға жатады.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тартылатын АҚҚ, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау:
1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға әзірлігі дәрежесін;
2) тиісті техниканың, мүліктің және жарақтардың бар-жоғын және олардың жай-күйін;
3) құтқарушылардың кәсіби машығына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық әзірлігіне сәйкестігін анықтау мақсатында өткізіледі.  
4. АҚҚ, құралымдары және құтқарушылар бастапқы, қайталама, мерзімді және кезектен тыс аттестатталуға жатады:  
1) бастапқы аттестаттауға жаңадан құрылған АҚҚ, құралымдары және құтқарушы болуға тілек білдірген азаматтар жатады;
2) қайталама аттестаттау (қайта аттестаттау) алдыңғы аттестаттауда анықталған барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін, АҚҚ, құралымдарының және құтқарушылардың қызметін қайта бастау үшін өткізіледі;
3) АҚҚ, құралымдарын және құтқарушыларды мерзімді аттестаттау үш жылда бір рет жүргізіледі;
4) АҚҚ, құралымдарын және құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау олар орындайтын авариялық-құтқару жұмыстарының түрі немесе түрлері өзгерген жағдайда өткізіледі.  
2
Аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібі
5. Аттестаттау комиссиялары мынадай тәртіпте:  
1) АҚҚ, құралымдарын аттестаттау және құтқарушыларға «Халықаралық сыныптағы құтқарушы» сыныптық біліктілігін беру үшін азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) шешімімен;  
2) ведомстволық АҚҚ және құралымдарын аттестаттау үшін Министрлік және азаматтық қорғаудың басқару органының бірлескен шешімімен;  
3) құтқарушыларды аттестаттау үшін АҚҚ, құралымы басшысының шешімімен құрылады.  
6. Аттестаттау комиссиясы АҚҚ, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттауды және қайта аттестаттауды мына құжаттар:
1) әрекет жасайтын қызмет көрсетілетін объектінің жоспары;
2) пайдалану жоспарланып отырған ықтимал қауіпті объектілердің, аумақтардың және болжанған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың негізгі сипаттары;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жүргізетін жұмыс түрлерінің тізбесі;
4) жарғы көшірмесі;
5) ұйымдық-штаттық құрылымы;
6) авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға тікелей тартылатын құтқарушылардың жеке куәлігі мен кітапшаларының көшірмесі;
7) жедел көліктің, арнайы техниканың және жабдықтың болуы туралы құжаттар көшірмелері;
8) оқу-материалдық база туралы ақпараттың (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақтандыру, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары) негізінде жүргізеді.  
7. АҚҚ, құралымдарын және құтқарушыларды мерзімді және кезектен тыс аттестаттау кезінде аттестаттау комиссиясының құрамына осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.
8. Қаралған материалдар мен жүргізілген тексерулер негізінде АҚҚ, құралымдарының және құтқарушылардың міндеті бойынша жұмыстарды орындауға мүмкіндігі туралы қорытындысы бар аттестаттау актісі жасалады. Аттестаттау актісінің мазмұны АҚҚ, құралымы басшысының назарына жеткізіледі.  
АҚҚ, құралымының басшысы, құтқарушы, сондай-ақ бастапқы аттестаттаудан өтпеген азамат аттестаттау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда сот тәртібінде шағымдануына болады.  
3
9. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Министрлік аттестатталған АҚҚ және құралымдарына авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына бірыңғай үлгідегі куәлік береді. Авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына бірыңғай үлгідегі куәліктің қолданылу мерзімі келесі аттестаттауға дейін 3 жылды құрайды.  
10. Бастапқы аттестаттау үшін азаматтар аттестаттау комиссиясына мынадай құжаттар:
1) жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық анықтама (№ 086/у нысан);
2) психоневрологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерден анықтама;
3) жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесі (жеке куәлік немесе паспорт);
4) олардың авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бағдарламасы бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттар;  
5) 2 дана көлемінде, көлемі 3 х 4 см фотография ұсынады.  
11. Бастапқы аттестаттаудан өту кезінде азаматтар Уәкілетті орган бекіткен кәсіби және дене даярлығы бойынша нормативтерді орындайды.  
12. Бастапқы аттестаттаудан өткен азаматтарға Уәкілетті орган белгілеген үлгілер бойынша құтқарушы куәлігі, құтқарушы кітапшасы және құтқарушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қан тобы және тіркеу нөмірі жазылған жетон беріледі. Кейінгі аттестаттау кезінде құтқарушы кітапшасына тиісті жазу жазылады.  
13. Құтқарушыларды мерзімді, қайталама және кезектен тыс аттестаттау үшін аттестаттау комиссиясына құтқарушылар кітапшалары ұсынылады.  
14. Құтқарушылар кәсіби және дене даярлығы бойынша нормативтерден өткеннен кейін мерзімді аттестаттау қорытындылары бойынша мына сыныптық біліктілік:
1) екі жылдан кем емес құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптығын дәлелдеген құтқарушыға «3-сыныпты құтқарушы» біліктілігін;
2) екі жылдан кем емес 3-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптығын дәлелдеген құтқарушыға «2-сыныпты құтқарушы» біліктілігін;
3) екі жылдан кем емес 2-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптығын дәлелдеген құтқарушыға «1-сыныпты құтқарушы» біліктілігін;
4) екі жылдан кем емес 1-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар, халықаралық құтқару жұмыстарына және оқу-жаттығуларына қатысқан, шет тілдері курстарының сертификаты бар құтқарушыларға «халықаралық сыныптағы құтқарушы» біліктілігін беру жүргізіледі. 
4
15. Қайталама аттестаттаудан өтпеген АҚҚ және құралымынан авариялық-құтқару жұмыстарының нақты түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына берілген куәлік қайтарылып алынады және оның қызметі тоқтатыла тұрады.  
Қайталама аттестаттаудан өтпеген құтқарушылар құтқарушы мәртебесінен айырылады.  
 _______________________________________
Авариялық-құтқару қызметтерін
және құралымдарын аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына қосымша
Бақылау талоны
 № ___________ АҚҚ куәлігі
 _____________________________________________________________ берілді
  (заңды тұлғаның, өкілдіктің толық атауы, жеке тұлғалар үшін – аты-жөні толық)
 Куәлік берген орган___________________________________________________
  (куәлікті берген органның толық атауы)
 Куәлік берген күні ____________________________________________________
 Басшы (уәкілетті адам)______________________________ _________________
  (аты-жөні) (қолы)
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -  
 
КУӘЛІК
 _____________________________________________________________ берілді
  (заңды тұлғаның, өкілдіктің толық атауы; жеке тұлғалар үшін – толық аты-жөні)
 ____________________________________________________________________
 ________________________________________________________ жүргізуге
  (құтқару жұмыстарының түрлері)
 ____________________________________________________________________
 Куәлікті берген орган_________________________________________
  (куәлікті берген органның толық атауы)
 ____________________________________________________________________
 Басшы (уәкілетті адам)____________________________________
  (куәлікті берген орган, басшысының (уәкілетті адамның) аты-жөні)
 ____________________________________________________________________
 Куәлікті берген күні 20__ж. «____»____________М.О.
 АҚҚ куәлігінің нөмірі № ____________
 ________________________қаласы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы « »
№ бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және  
қайта аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 70-15) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібін айқындайды.  
  2. Аттестаттау және қайта аттестаттау қызметкерлердің штат санының, техникалық жарақталуы мен кәсіби жарамдылығының Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.       
3. Аттестаттауды және қайта аттестаттауды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган құратын аттестаттау комиссиясы жүргізеді. Комиссия құрамына функциясына өрт қауіпсіздігі саласындағы мәселелер жатқызылған азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері кіргізіледі.  
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер (бұдан әрі – МӨҚҚ) алғашқы, қайталама және мерзімдік аттестаттауға жатады:  
1) алғашқы аттестаттауға жаңадан құрылатын МӨҚҚ жатады;  
2) қайталама аттестаттау (қайта аттестаттау) бұрынғы аттестаттауда анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін жүргізіледі;
3) МӨҚҚ мерзімдік аттестаттау үш жылда бір рет жүргізіледі.  
5. МӨҚҚ-ны аттестаттауды жүргізу үшін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұйымның атауы, заңды тұлғаның мекенжайы мен байланыс деректері көрсетілген МӨҚҚ-ны аттестаттау және қайта аттестаттау туралы өтініш ұсынылады.
Өтінішке осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі. 
2
Өтінішке қоса берілетін құжаттар тізбесі шығу немесе шығу техникасысыз МӨҚҚ ұсынылатын біліктілік талаптарын ескере отырып қалыптастырылады.  
6. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған құжаттардың сәйкестігіне тексеріс жүргізеді.
7. МӨҚҚ аттестаттаудан және қайта аттестаттаудан бас тарту үшін негіздер:
1) осы Қағидаларда көзделген құжаттар тізбесін толық ұсынбау;
2) аттестаттау туралы өтініште және (немесе) аттестаттау комиссиясына ұсынылған құжаттарда күмәнды не бұрмаланған мәліметтердің болуы;
3) МӨҚҚ-ның осы Қағидаларда көзделген міндетті талаптарға сәйкес келмеуі.
8. Ұсынылған құжаттардың негізінде аттестаттау комиссиясы МӨҚҚ-ға аттестат беру туралы қорытындымен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес аттестаттау (қайта аттестаттау ) хаттамасын дайындайды. Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда МӨҚҚ атына аттестат беруден дәлелді бас тарту жіберіледі.  
9. Аттестаттау комиссиясына ұсынылатын құжаттарды қарау мерзімі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес айқындалады.
10. Аттестат беруден бас тарту туралы аттестаттау комиссиясының шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.  
11. Аттестаттау комиссиясының оң шешімі қабылданған МӨҚҚ-ға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес МӨҚҚ атауында жолға шығатын техникасы бар немесе жолға шығатын техникасының жоқ екенін көрсете отырып, ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерінде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беріледі.
12. Аттестаттау және қайта аттестаттау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес МӨҚҚ тіркеу журналына (тізіліміне) енгізіледі.
13. МӨҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу үшін ұсынылған құжаттар, сондай-ақ оның нәтижелері іске жинақталады.  
14. Аттестат бүлінген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда ұйым басшысының жазбаша өтініші негізінде өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде «телнұсқа» деген белгімен ресімделген аттестаттың телнұсқасы беріледі.
15. Аттестаттың телнұсқасын алу үшін ұйым азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға қажетті негіздемемен және бұрын берілген аттестатпен қоса (жоғалтқан (ұрлатқан) жағдайлардан басқа) ерікті нысанда жазылған өтінішті береді.  
3
 ______________________________
Мемлекеттік емес
өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына
1-қосымша
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау туралы өтінішке қоса берілетін құжаттар тізбесі
1) Ұйым жарғысының көшірмесі;
2) Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) Өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық байқаудан өтуі туралы куәліктің көшірмесі; 
4) Өрт сөндіру автомобильдерінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актілері;
5) Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің (бұдан әрі – МӨҚҚ) ұйымдастыру-штаттық құрылымы;
6) Қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді;
7) Қызметкерлердің мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі немесе МӨҚҚ-дағы еңбек өтілі туралы мәліметтер (еңбек кітапшасының көшірмесі);  
8) Дипломдар, білім туралы аттестаттар;
9) Қызметкерлердің лауазым санатына байланысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлаудан (қайта даярлаудан) өткені туралы сертификаттар;
10) Қызметкерлердің МӨҚҚ-да жұмыс істеуге жарамдылығын растайтын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген 086/У нысанындағы медициналық анықтамалар, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалар;  
11) Қызметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыру үшін ғимараттың немесе үй-жайдың бар екенін растайтын құжаттардын көшірмесі.  
  ________________________________
Мемлекеттік емес
өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына
2-қосымша
БЕКІТЕМІН:
 ____________________________
 (аттестаттауды өткізуге жауапты органның лауазымды адамы)
 ____________________________
 (тегі, аты, әкесінің аты)
 ____________________________
 (күні)
 №____ аттестаттау (қайта аттестаттау) хаттамасы
  "___"__________20___ж. бастап "___"__________20___ж. дейінгі аралықта
  _________________________________________________________________негізінде
   (аттестаттау өткізу туралы өтініштің кіріс нөмірі мен күні)
комиссия мынадай құрамда:
  Комиссия төрағасы_____________________________________________________________________
  (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
  Комиссия төрағасының орынбасары _____________________________________________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
  _____________________________________________________________________________
  Комиссия мүшелері ____________________________________________________________
  (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
  _____________________________________________________________________________
  Комиссия хатшысы___________________________________________________________
  (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
  алғашқы (мерзімдік, қайталама)____________________________________________өткізді
  (қандай екенін көрсету)
  _____________________________________________________________________________
  (мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы)
Аттестаттау (қайта аттестаттау) кезінде мыналар анықталды (ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу мен сөндіру, өрт қауіпсіздігін қаматмасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жұмыстарын орындауға сәйкестік дәрежесі жазылады, жарақталу сипаты, қызметкерлердің біліктіліктері, қызметкерлер мен техниканы орналастыру жағдайының сипаты, аралық аттестаттау кезеңінде негізгі қызмет көрсеткіштері көрсетіледі).  
  _____________________________________________________________________________ 
2
    _____________________________________________________________________________
  _____________________________________________________________________________
Баяндалғанның негізінде, комиссия мынадай қорытындыға келді:
  _____________________________________________________________________________
  (мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы)
Қазақстан Республикасының ұйымдарында, елді мекендері мен объектілерінде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталады/ аттестаттаудан өтпеді.
Комиссия мүшелерінің қолдары:
  Комиссия төрағасы________________________________________________________
  (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
  Комиссия төрағасының орынбасары______________________________________________
  (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
  _____________________________________________________________________________
  Комиссия мүшелері_______________________________________________________________
  (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
  _______________________________________________________________
  (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
  _____________________________________________________________________________
  (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
М.О.
__________________________________
Мемлекеттік емес
өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына
3-қосымша
Аттестат
 ___________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы)
Қазақстан Республикасының ұйымдарында, елді мекендері мен объектілерінде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына берілді
  Аттестат берген орган_______________________________________________________
  (аттестат берген органның толық атауы)
  _____________________________________________________________________________
  Басшы (уәкілетті адам)_____________________________________________
  (аттестат берген орган басшысының лауазымы, Т.А.Ә.)
  _____________________________  (қолы)
  Аттестатты берген күні «____»____________20__ж.  
  Аттестаттың қолданылу мерзімі: ___________________дейін М.О.
  МӨҚҚ аттестатының нөмірі______
  ________________________қаласы
 ___________________________________
Мемлекеттік емес
өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына
4-қосымша
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді тіркеу журналы  
 (тізілімі)  
 

р/с

Аттестаттың тіркеу нөмірі

Қызметтің атауы

Қызметтің құрылтайшылары (заңды тұлғаның атауы)

Мекенжайы , телефон дар ы

Тіркеу үшін негіз

( аттестаттау актісінің деректемелері )

Ескертпе

1

2

3

4

6

7

8

























































 ______________________________
«Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйырығына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Р/с

Т ү сіндірме жазбада к ө рсетілуге тиіс м ә ліметтерді ң тізбес і

Ә зірлеуші мемлекеттік органны ң ақпараты

1.

Жобаны ә зірлеуші мемлекеттік орга н

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтемемен нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесін (органның құзыреті)

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-15) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесін (нақты мақсаттар, дәлелдер және акті неге байланысты қабылданды)

Жобаны жүзеге асыру авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерін аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібін, олардың авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге даярлығын және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына сыныптық беруді айқындауға мүмкіндік береді.

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені немесе күші жойылды деп танылғаны туралы ұсыныстарды әзірлеу туралы мәліметтерді

1) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 және 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қыркүйектегі № 820 қаулысы;

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысы.

5.

Жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ.

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдердің қысқаруын көздейтіндігі

Жобаны іске асыру республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржы шығынын талап етпейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтерді

Жоқ.

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) туралы мәліметтерді

Жоба Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми сайтына www.emer.gov.kz орналастырылды.

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жүргізілген жоқ.

Заң департаментіның  
директоры С. Пономарев
  2014 жылғы «___» _______________