Toggle Dropdown
«Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Қ.Қ.Айтмұхаметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2).осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А.Өскенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы __ _______
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары
1. Осы Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторларын (бұдан әрi – инспекторлар) аттестаттау өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары аттестаттауға жатады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылысы қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
2) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы – сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның басшысы;
3) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары – сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
4) мемлекеттік құрылыс инспекторлары – лауазымдық міндеттеріне сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау кіретін уәкілетті органның штаттағы қызметкерлері;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдардың басшылары;
6) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдардың басшыларының орынбасарлары;
7) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары – лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдардың штаттағы қызметкерлері.
4. Аттестаттау сарапшылардың кәсіби дайындық деңгейі мен құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізіледі және үш кезеңнен тұрады:
1) Аттестаттау комиссиясының ұсынылған құжаттарды қарауы;
2) тестілеу (теориялық білімін анықтау мақсатында);
3) әңгімелесу (күнделікті жұмыста теориялық білімдерінің практикада қолдану деңгейін анықтау мақсатында).
5. Инспекторлар қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн аттестациядан өтедi.
Бұл ретте аттестаттау көрсетiлген мерзiм басталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.
6. Аттестаттау аттестациядан өтетiн инспектордың өтiнiшi бойынша мемлекеттiк немесе орыс тілінде жүргiзiледi.
2. Аттестаттау комиссиясы
7. Аттестаттау өткiзу үшін уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен аттестаттау комиссиясы құрылады.
Аттестаттау комиссиясы комиссия төрағасынан, мүшелерi мен хатшысынан тұрады.
Комиссия мүшелерiнiң саны бес адамнан кем болмауға тиiс.
Комиссияның хатшысы комиссия мүшесi болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
8. Уәкiлеттi органның басшысы белгiлеген уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi аттестаттау комиссиясының жұмыс органы (бұдан әрi – жұмыс органы) болып табылады.
9. Уәкiлеттi органның басшысы жұмысшы органның ұсынысы бойынша аттестатталуға тиiс инспекторлардың тiзiмi бекiтiлетiн, аттестация өткiзудiң мерзiмi мен кестесi белгiленетiн бұйрық шығарады.
Жұмысшы орган аттестациядан өтетiн адамдар бойынша қажеттi құжаттар дайындауды жүзеге асырады.
10. Аттестаттау комиссиясының құрамына уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары және уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары енгiзiледi.
11. Өңiрлiк аттестаттау комиссиялары ведомстволық бағынысты аумақтағы мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестациядан өткiзе алады.
Өңiрлiк аттестаттау комиссиялары көшпелi аттестация өткiзедi.
Өңiрлiк аттестаттау комиссияларының құрамы уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен белгiленедi.
12. Аттестаттау комиссиясының отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісін құрайтын кворум болған кезде заңды болады.
13. Шешiм аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде аттестаттау комиссиясы төрағасының даусы шешушi болып табылады.
14. Аттестаттау комиссиясының бір мүшесі аттестаттаудан өткен жағдайда, осы адам өзіне қатысты дауыс беруде қатыса алмайды.
3. Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы мен олардың орынбасарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас және уәкілетті органнның мемлекеттік құрылыс инспекторлары мен олардың орынбасарларын аттестациядан өткiзудi ұйымдастыру
15. Жұмыс органы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес аттестатталуға тиiс инспекторларды айқындайды және аттестатталуға тиiс инспекторлардың тiзiмiн уәкiлеттi орган басшысына бекiтуге ұсынады.
16. Жұмысшы орган аттестация өткiзу басталғанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын аттестатталуға тиiс адамдарды оның өткiзiлу мерзiмi туралы жазбаша хабардар етедi.
17. Уәкілетті органның және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдардың кадр қызметі аттестаттау өткізуге дейін екi апта қалғанда аттестатталуға тиiс инспекторлар үшiн мынадай құжаттарды дайындайды және жұмыс органына жiбередi:
2) кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парақ;
4) бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
5) ғылыми дәрежесiнiң, атағының болуы, бiлiктiлiгiн арттырғаны және т.б. туралы куәлiктердiң, сертификаттар мен куәлiктердiң (бар болса) көшiрмелерi.
18. Қызметтiк мiнездеме аттестатталатын адамның кәсiптiк, жеке қасиеттерi мен қызметтiк iс-әрекетi нәтижелерiнiң бағасын қамтуға тиiс және оған:
1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары үшін – уәкілетті органның басшысы;
2) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары үшін – жергілікті атқарушы орган басшысы не оның орынбасары;
3) бас мемлекеттiк құрылыс инспекторларының орынбасарлары мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк құрылыс инспекторлары үшін – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдардың басшылары;
4) уәкілетті органның мемемлекеттiк құрылыс инспекторлары үшiн – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдардың басшыларының орынбасарлары;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк құрылыс инспекторлары үшiн – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдардың басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.
19. Жұмыс органы тест сұрақтарын жасайды және оны уәкілетті органның басшысы бекітеді.
Тест сұрақтары жауаптар парақтарын толықтыру түрінде аттестатталатын адамның білім деңгейін бағалаған кезде пайдаланылады.
20. Тестілеу екі кезеңнен тұрады:
1) тестілеуге қатысушылардың тестіден өтуі;
Тестілеу тестілеуге қатысушының өтiнiшi бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жүргiзiледi.
21. Тестілеу кезінде қатысушылардың:
1) тестілеу аяқталғанға дейін үй-жайдан кетіп қалуына;
2) тестілеуге қатысушылармен сөйлесуіне және басқа да іс-қимылымен кедергі жасауына;
3) жеке электрондық құралдарды (оның ішінде компьютерді, ұялы телефонды) пайдалануына рұқсат етілмейді.
Жоғарыда көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда тестілеуге қатысушы тестілеу өткізіліп жатқан үй-жайдан шығарылады; осы адам үшін тестілеу өтпеді деп танылады және тестілеуге қатысушы әңгімелесуге жіберілмейді, бұл туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Осы адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзімде қайта аттестаттаудан өтеді.
22. Тест тапсырмаларын орындауға берілген жалпы уақыт 90 минутты құрайды. Тест сауалнамалары 100 (жүз) сұрақтан тұрады.
Тесті орындау үшін бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін материалдар аттестаттау комиссиясына ұсынылады.
23. Тестілеу нәтижесін санауды 3 (үш) сағаттан аспайтын уақыт ішінде дұрыс жауаптардың кодтарын пайдалана отырып, аттестатау комиссиясы жүргізеді.
24. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары, олардың орынбасарлары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары үшін шекті мән – кемінде дұрыс жауаптың 70 %; аттестаттауға жататын қалған санаттар үшін – кемінде 60 %, тестілеу нәтижесі есептеледі.
25. Тестiлеуден өту кезінде шектi мәннен төмен баға алған тестілеуге қатысушы әңгiмелесуге жiберiлмейдi.
Осы адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзiмде қайта тестілеуден өтеді.
26. Қайта тестілеуден өткен кезде тестілеуге қатысушы шектi мәннен төмен баға алса, онда аттестатау комиссиясы тестілеуге қатысушы атқаратын инспектор лауазымына сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
27. Аттестация аттестатталатын адамның қатысуымен өткiзiледi.
28. Аттестаттау комиссиясы аттестатталатын адамға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресiмдейдi.
29. Аттестаттауға тиiс, бiрақ дәлелдi себептермен келмей қалған адам аттестаттау комиссиясы белгiлеген мерзiмде аттестаттау рәсiмдерiнен өтедi.
30. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделеп, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тестілеуге жібермеу туралы шешім, осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілгендей, құжаттарды толық тапсырмаған, құрылыс саласында кәсіптік білімінің жоқ болу, теріс мінездеме ұсынылған жағдайда қабылданады
31. Тестілеудің қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес әңгімелесуге шекті мәннен жоғары балл алған адамдар жіберіледі.
32. Аттестатталатын адаммен әңгімелесудің қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
2) аттестациядан өтпедi және қайта аттестатталуға жатады;
3) аттестациядан өтпедi және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейдi (тек қайта аттестатталған жағдайда).
33. Аттестаттау комиссиясының шешiмi оның отырысына қатысқан төраға, төраға орынбасары, аттестация комиссиясының мүшелерi мен оның хатшысы қол қойған хаттамамен ресiмделедi.
34. Аттестатталатын адам аттестаттау комиссиясының шешiмiмен таныстырылуға тиiс.
35. Аттестаттау комиссиясының шешiмi аттестация өткiзiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
36. Аттестаттау комиссиясының бекiтiлген шешiмi аттестатталатын адамның аттестаттау парағына енгiзiледi.
37. Аттестациядан өткен аттестатталатын адамның аттестаттау парағы жеке iс-қағазда сақталады.
38. Уәкiлеттi органның басшысы бекiткен аттестациядан өтпегенi және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейтiнi туралы шешiм аттестатталатын адамды инспектор лауазымынан босату үшiн негiз болып табылады.
39. Аттестация өткiзу кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
Сәулет-құрылыс бақылауын және
қадағалауды жүзеге асыратын
мемлекеттiк құрылыс инспекторларын
аттестаттау қағидаларына
қосымша
Аттестатталатын инспектор туралы ақпарат
Тегi, аты, әкесiнiң аты _________________________________________________
Туған күнi және жерi __________________________________________________
Бiлiмi _______________________________________________________________
Лауазымы және тағайындалған күнi _____________________________________
Жалпы еңбек _________ стажы (оның ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарында), оның iшiнде осы лауазымдағы ___________________
Аттестаттау нәтижелерi туралы мәлiметтер:
Қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң саны________
«Жақтағандар»______________
«Қарсы»____________________
Қабылданған шешiм:____________________
(аттестаттаудан өттi; аттестаттаудан өтпедi және қайта аттестатталуға жатады; аттестаттаудан өтпедi және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейдi)
Төраға /________________/
Төрағаның орынбасары /________________/
Мүшелері /________________/
Қабылданған шешiммен таныстым ______________________________________
(аттестатталатын адамның қолы және күнi)
«Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауқағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасына анықтама-негіздеме
|
№
|
Көрсетілуге тиіс
мәліметтердің тізбесі
|
Мемлекеттік органның
ақпараты
|
|
1.
|
Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
|
|
2.
|
Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)
|
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-3) тармақшасы
|
|
3.
|
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)
|
Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау
қағидаларын бекіту үшін
|
|
4.
|
Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» 2006 жылғы 22 мамырдағы №437, «Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 29 маусымдағы № 883, «Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 411 қаулылары
|
|
5.
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтері
|
Жоқ
|
|
6.
|
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме
|
Көзделмейді
|
|
7.
|
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдар мен келісу туралы мәлімет
|
|
|
8.
|
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау (тарау) туралы мәліметтер
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің minplan.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған
|
|
9.
|
Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты актілер үшін)
|
|
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Экономиканың инфрақұрылымын
дамыту департаменті
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Заң департаменті
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Кәсіпкерлік дамыту департаменті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі және жер ресурстарын басқару комитеті, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 293-V «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгін ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңнына сәйкес әзірленген «Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығын жобасын қарауға жолдаймыз.
Қарастырып өз ұсыныстарыңызды және ескертулеріңізді ұсынуды сұраймыз.
Қосымша мемлекеттік және орыс тілдерінде:
1) бұйрықтын жобасы, ____ парақта;
2) анықтама-негіздеме, ____ парақта;
3) «Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» жобасы, ____ парақта.
Төраға орынбасарының м.а. М. Косачев