Toggle Dropdown
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Айтмұхаметов Қ.К.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға он күнтiзбелiк күн ішінде жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін .
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А.Өскенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы __ _______
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтiк қызметтер – оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткiзу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау);
2) сараптамалық жұмыстар – ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргiзу жөнiндегi жұмыстар;
3) сарапшы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтердің белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлға;
4) сарапшының аттестаты – сарапшының мәртебесін және оның қала құрылысы мен құрылыс қызметінде сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтер көрсетуді орындау құқығын куәландыратын белгіленген үлгідегі біліктілік аттестаты (куәлік);
5) өтініш беруші – сарапшы мәртебесін алуға үміткер жеке тұлға не кезекті аттестаттауға жататын сарапшы;
6) жергілікті атқарушы орган – құжаттардың талаптарға сәйкестiгiн қарайтын, тестілеуге жіберілген сарапшылардың тізімін және тестілеу өткізудің кестесін бекітетін, сондай-ақ сарапшылардың аттестаттаудан өткендігі туралы шешім қабылдайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
3. Аттестаттау сарапшылардың кәсіби дайындық деңгейі мен құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізіледі.
4. Кезекті аттестаттау сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтердің мынадай түрлерін:
1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын;
2) техникалық қадағалауды;
4) ғимараттар мен құрылыстардың сеніміділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшылар үшін бес жылда бер рет өткізіледі.
5. Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
2) жобалау алдындағы құжаттама;
4) конструкциялық бөлігі;
5) инженерлік желілер мен жүйелер (инженерлік желілер мен жүйелердің түрлері бойынша);
6) технологиялық бөлігі (объектінің мақсатына байланысты);
7) жобаның арнайы бөлігі.
6. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
1) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
2) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - инженерлік желілер бөлігінде;
3) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша –технологиялық жабдықтар бөлігінде;
4) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
5) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша –инженерлік желілер бөлігінде;
6) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде.
7. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
1) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – сәулет бөлігінде;
2) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
3) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша –сәулет бөлігінде;
4) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша –тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде.
1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін – қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдерін әзірлеу жөнінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
2) тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
3) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
4) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
5) тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
6) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
7) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
8) сәулет бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
9) тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
10) сәулет бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
11) тiреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
12) ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі сарапшы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және есеп пен конструкциялау мамандығы бойынша жобалау қызметінің үш жылдан кем емес немесе осы бағытта сарапшы ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар.
9. Аттестаттаудан өту үшін өтініш берушілер мынадай құжаттарды жібереді:
1) жергілікті атқарушы органға:
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
жоғары кәсіптік бiлiмi туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі (ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы болғанда – тиісті құжаттардың көшiрмелерi);
еңбек кітапшасының не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Өтініш беруші (сарапшы) уәкілетті органының қызметкеріне салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсынған жағдайда, нотариалды куәландыру қажет емес.
Электронды үкімет порталына:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
кәсіптік жоғары білімі туралы дипломның нотариалды расталған көшірмесі (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, тиісті құжаттардың көшірмелері – құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде электрондық сұрауға қоса тіркеледі);
еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде электрондық сұрауға қоса тіркеледі).
10. Құжаттарды жинақтау нәтижесі бойынша жергілікті уәкілетті орган аттестаттаудан өтуге өтініш берген адамдардың тізімін қалыптастырады және тестілеуге жіберілген өтініш берушілердің тестілеу кестесін жасайды.
11. Тестілеу екі аптада бір реттен сиретпей өткізіледі.
12. Ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкестiгiн қарау нәтижелері бойынша жергілікті уәкілетті органның бұйрығымен тестілеу жүргізу кестесі мен хаттама бекітіледі, онда әрбір сарапшыға қатысты мынадай шешімдер ресімделеді:
1) тестілеуге жіберiледі;
2) тестілеуге жіберілмейдi.
13. Жергілікті уәкілетті орган бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге тестілеудің өткізілетін орны, күні және уақыты туралы, не тестілеуге жіберілмеудің себептері туралы жазбаша хабар береді.
14. Тестілеу мынадай талаптар мен рәсімдерді көздейді:
1) тестілеу автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен сарапшының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі;
2) өтініш берушіні тестілеуге жіберу оның жеке басын куәландыратын құжаты бойынша жүзеге асырылады;
3) уәкілетті органның қызметкерлері тестіленушілерді тестiлеудi өткiзу рәсімімен таныстырады;
4) тестiлеу уақытында сарапшылардың сөйлесуiне және тестiлеу өткiзiліп отырған үй-жайдан шығып кетуiне болмайды. Дербес электрондық құрылғыларды (оның iшiнде компьютерлердi, ұялы телефондарды) тестiлеу кезiнде пайдалануға тыйым салынады;
5) уәкілетті органның қызметкерлері осы тестiлеудi өткiзу рәсімін бұзған сарапшыларды тестілеуден шығарып жібереді;
6) компьютерлік тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу автоматты компьютерлiк бағдарламамен жүргізіледі.
15. Тестіні орындауға жiберiлген уақыт 120 минутты құрайды. Тест 100 сұрақтан тұрады. Тест сұрақтарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
16. Тестілеуден өту үшін шекті мәні:
1) осы Қағидалардың 8-тармағының 2), 3), 4), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген сарапшылар үшін 90 дұрыс жауапты;
2) барлық қалған сарапшылар үшін 70 дұрыс жауапты құрайды.
17. Тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған өтініш берушілер алдыңғы аттестаттаудан өткен сәтінен бастап кемінде үш ай мерзiмнен кейiн қайтадан аттестаттаудан өтуіне болады.
Аттестаттауды қайта тапсыру саны шектелмеген.
18. Тестілеу негізінде әр сарапшыға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
2) аттестаттаудан өтпедi.
20. Жергілікті атқарушы орган тестілеу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді тестілеу қорытындыларымен таныстырады.
21. «Аттестаттаудан өтпеді» деген шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге себептерін көрсетеді.
22. Жергілікті уәкілетті орган бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өтініш берушілерді аттестаттаудан өтпегені туралы жазбаша хабардар етеді.
23. Аттестаттаудан өткен сарапшылар туралы ақпарат сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-сайтында орналастырылады.
24. Сарапшы аттестаты www.egov.kz сайтында жергілікті уәкілетті органның бұйрығына қол қойылған күннен бастап бес күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланады.
25. Жеке тұлға техникалық және авторлық қадағалауды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметтерде жүзеге асыру үшін мынадай жауапкершілік деңгейлеріне бөлінеді:
жауапкершіліктің I деңгей – бар аттестат шегінде жауапкершілігі барлық деңгейдегі объектілерде, осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асырады;
жауапкершіліктің II және III деңгейлері – бар аттестат шегінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілерде, осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асырады.
26. Сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыруға сарапшыны аттестаттан айырған, аттестатын алып қойған жағдайда, жеке тұлға сот тәртібімен аттестаттан айырылған сәттен бастап үш жылдан соң қайта аттестатталуға құқығы бар.
Бір адамды үш жыл ішінде, аттесттаттан қайта айырған жағдайда, қайта аттестаттау сот тәртібімен аттестаттан айырған сәттен бастап кемінде 5 жылдан кейін өткізілуге тиіс.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
саласында сараптамалық жұмыстар мен
инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын
сарапшыларды аттестаттау қағидаларына
1-қосымша
____________________________________________________________________
(аумақтық уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық аты-жөні)
____________________________________________________________________________________жүзеге асыру жөніндегі сарапшы ретінде
(Қағидалардың 4-тармағының тармақшасын көрсету)
_____________________________________________________________________________________________________________мамандығы
(Қағидалардың 5, 6, 7-тармақтарының тармақшасын көрсету)
бойынша аттестаттауды сұраймын.
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
______________________________________________________________________________________________________________________
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
_____________________________________________________________________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
_____________________________________________________________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, диплом нөмірі)
_____________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы)
_____________________________________________________________________________________________________________________
7. Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
____________________ _______________________________
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
саласында сараптамалық жұмыстар мен
инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын
сарапшыларды аттестаттау қағидаларына
2-қосымша
| [ Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі атауы ] | | [ Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі атауы ] |
| [ Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі деректемелері ] | [ Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі деректемелері ] |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшының
[ТЕГІ] [АТЫ] [ӘКЕСІНІҢ АТЫ]
түр бойынша: [Сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер түрі]
мамандану бойынша: [Мамандану]
осы қызметті жүзеге асыру құқығымен сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер бойынша сарапшы мәртебесі берілгені куәландырылады.
Аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы
[Хаттама күні] № [Хаттама нөмірі]
Аттестаттың жарамдылық мерзімі [Аттестаттың жарамдылық мерзімі]
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тізіліміне № [Нөмірі] енгізілді.
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Т.А.Ә.]
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасына анықтама-негіздеме
|
№
|
Көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Мемлекеттік органның
ақпараты
|
|
1.
|
Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
|
|
2.
|
Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)
|
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-1) тармақшасы
|
|
3.
|
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)
|
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту үшін
|
|
4.
|
Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер
|
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 165 қаулысы
|
|
5.
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтері
|
Жоқ
|
|
6.
|
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме
|
Көзделмейді
|
|
7.
|
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдар мен келісу туралы мәлімет
|
|
|
8.
|
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған
|
|
9.
|
Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты актілер үшін)
|
|
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Кәсіпкерлік дамыту департаменті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі және жер ресурстарын басқару комитеті, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 293-V «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгін ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңнына сәйкес әзірленген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын» бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығын жобасын қарауға жолдаймыз.
Қарастырып өз ұсыныстарыңызды және ескертулеріңізді ұсынуды сұраймыз.
Қосымша мемлекеттік және орыс тілдерінде:
1) бұйрықтын жобасы, ____ парақта;
2) анықтама-негіздеме, ____ парақта;
3) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын» жобасы, ____ парақта.
Төрағасының орынбасары В. Галиев
Мемлекеттік емес ұйымдарға
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі және жер ресурстарын басқару комитеті, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 293-V «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгін ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңнына сәйкес әзірленген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» және «Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтар жобасын қарауға жолдайды.
Қарастырып өз ұсыныстарыңызды және ескертулеріңізді ұсынуды сұраймыз.
Орындаудың қысқа мерзіміне байланысты бес жұмыс күні ішінде қарауныз сұраймыз.
Қосымша мемлекеттік және орыс тілдерінде:
1) бұйрықтарын, ____ парақта;
2) түсіндірме жазбасы, ____ парақта;
3) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын» бекіту туралы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын» және «Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» жобалар, ____ парақта .
Төраға орынбасарының м.а. М. Косачев
Список аккредитованных Объединений субъектов частного предпринимательства
| п/п № | Наименования объединений | Место нахождение/телефон |
| 1 . | Евразийская промышленная Ассоциация | г. Астана, пр. Кабанбай батыра, 30а тел. 8 (7172) 592-133,ф.592-177 e - mail : nazym.baidildina@kz.enrc.com |
| 2 . | Республиканское объединение юридических лиц «Союз товаропроизводителей и экспортеров Казахстана» | г. Астана, ул. Кунаева д.12/1, ВП-8, тел. 8 (7172) 689-601 e - mail : Mail @ agmp . kz |
| 3 . | Объединение юридических лиц «Казахстанская Ассоциация природопользователей для устойчивого развития» | 010000, г. Астана тел: 8 (7172) 59-20-56 59-21-86 Кабанбай батыра 30а, 4 этаж, каб. 412 e - mail : kbcsd @ kap . kz . 050022, г. Алматы, ул. Шевченко 90, офис 23а. 8 (727) 313-78-10. |
| 4 . | Объединение юридических лиц «Республиканская ассоциация горнодобывающих и горно - металлургических предприятий» | г. Астана, ул. Кунаева д.12/1, ВП-8, тел. 8 (7172) 689-601 e - mail : Mail @ agmp . kz , |
| 5 . | Объединение юридических лиц «Ассоциация налогоплательщиков Казахстана» | г. Алматы, ул. Мынбаева 46, офис 517. Тел. 8 (727) 334-18-32, 8 (727) 392-28-47, 8 (727) 222-36-70, 8 (727) 222-36-70 e - mail : 3341832@ mail . ru , info @ ank . kz , office @ ank . kz , |
| 6. | Объединение юридических лиц « А ссоциация магазинов беспошлинной торговли Казахстана» | г. Астана, Туран 14 вп 6, тел: 798889, факс: 798894,
e-mail: ulay_tuleuova@mail.ru, u.tuleuova_adf@dutyfree.kz, dilyara_adf@mail.ru, |
| 7. | Объединение юридических лиц «Союз промышленников и предпринимателей « Национальная индустриальная палата Казахстана » | г. Астана, ул. Сарайшык д.11, оф.5 тел. 8 (7172) 602-683 8 (7172) 602-675 (факс) e - mail : nipk 1@ mail . ru , |
| 8. | Объединение юридических лиц «Казахстанская ассоциация индустрии детских товаров» | г. Алматы, ул. Латифа Хамиди 4а, 3 этаж, 1 офис тел. 8 (727) 397-68-43, 8 (727) 390-75-93. e - mail : nursulu @ alexpo . kz , manager 1 1@alexpo.kz ,
|
| 9. | Объединение юридических лиц «Казахстанская электроэнергетическая ассоциация» | г. Астана, ул. Кунаева, д. 12/1, ВП-44, административное здание «На водно-зеленом бульваре», блок 5Б, офис Д. Телефон/факс: 8 (7172) 68-96-51. e - mail : kea.astana@mail.ru, |
| 10. | Объединение юридических лиц в форме союза «Казахстанский продовольственный союз 2030» | Юридический адрес: 010000 , г. Астана, район Алматы, шоссе Софиевское, д.7. Телефон: 8 (7112) 531506 сот:87015345478, Фактический адрес: 090000, г. Уральск, пр. Абылхайыр хана,д. 6а. e - mail : kazprodsoyuz 2030@ mail . ru , |
| 11. | Объединение юридических лиц «Казахстанская ассоциация организаций нефтегазового и энергетического комплекса « KAZENERGY » | 010000, г. Астана, пр. Кабанбай батыра, 19, В-15. Телефон: 8-7172-979398, факс: 8 (7172 ) 979391, e - mail : reception @ kazenergy . com , kense @ kazenergy . com ,
|
| 12 . | Объединени е юридических лиц и индивидуальных предпринимателей в форме ассоциации «Казахстанская Топливная А ссоциация 1» | 010000, г. Астана, ул. Ж. Тархана, д. 4, БЦ «Форум», оф. 421, Телефон: 8 (7172) 293730, e - mail : kazfuel @ bk . ru , |
| 1 3 . | Объединение юридических лиц «Транспортно-логистическая ассоциация « KAZLOGISTICS » | 010000, г. Астана, ул. Кунаева, 6 Блок А, каб.3309., Телефон: 8 ( 7172 ) 60043 8, e-mail: kazlogistics@mail.ru, |
| 14. | О бъединени е юридических лиц « Ассоциация производителей фармацевтической и медицинской продукции Казахстана «ФармМедИндустрия Казахстана» | 010000, г. Астана, ул. Достык , 12/1, Телефон: 8 ( 7172 ) 446266 , 446258 e-mail: aphmikz@list.ru, |
| 15. | О бъединени е юридических лиц « Ассоциация виноделов Республики Казахстан » | 050050, г. Алматы, ул. Казыбаева, 12-А Телефон: 87025777444 e-mail: gorshkovoleg@mail.ru, |
| 16. | Объединени е юридических лиц « Ассоциация Букмекеров Казахстана » | г. Алматы, ул. Тургут Озала 247, оф.2, сот : 8 701 872 67 00 e-mail: m_354327@mail.ru, |
| 1 7. | Некоммерческое объединение юридических лиц «Ассоциация судовладельцев и предпринимателей морской индустрии»
| 010000, г. Астана, ул. Иманова,13 офис. 604, Бизнес центр «НұрСаулет-2» 15ел. 8 (7172) 90 10 27 e - mail : ship _ raisa @ mail . ru , |
| 18 . | Объединение юридических лиц « Союз строителей Республики Казахстан и Центральной Азии» | 010000, г. Астана, ул. Бараева, 10 , офис. 1. 8 (7172) 402915 e-mail: kurylys_rkca@mail.ru, |
| 19 . | Объединение юридических лиц «Ассоциация предпринимателей экономических зон Республики Казахстан» | 010000, г. Астана, ЖК «Нурсая-2», ул. Достык 13, офис 205, тел.: 70-49-75, 70-49-76. +7 771 101 60 67. e - mail : sez . unionkz @ gmail . com , marketing.sezunion@gmail.com , |
| 20. | Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан
| г. Астана, ул. Сыганак 29 б/ц «Евроцентр», 2 этаж тел.: 8 (7172) 51-70-15, 51-70-73, 51-69-60 (канцелярия) info@palata.kz,
|