«Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық- құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық- құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңының 1-бабы 141-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В.Петров) заңда белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген соң күнтiзбелiк он күн iшiнде мерзiмдi басылымдарда және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялау үшiн жiберудi;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К.Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін
кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидалары
1. Осы Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақыларына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының (бұдан әрі – құтқарушы) өтілін есептеу тәртібін айқындайды.
2. Құтқарушының еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы алуға құқық беретін өтіліне:
1) кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарындағы жұмыс істеген;
2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеру;
3) кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жолдамалары бойынша жұмыстан қол үзіп кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыған уақыты есептеледі.
3. Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдарға қызмет көрсететін, республикалық бюджет есебінен ұсталмайтын құтқарушыларға еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемеақы алуға құқық беретін өтіліне азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бөлімшелері мен қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істеген уақыты қосылады.
4. Өтілі, сондай-ақ осы Қағидалар сәйкес еңбек сіңірген жылдарына есептелетін уақыт күнтізбелік есептеумен ескеріледі.
5. Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы алуға құқық беретін өтіліне қосу үшін құтқарушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өзінің еңбек қызметін растайтын тиісті құжаттарды тапсырады.
__________________________