• Мое избранное
"Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын пайдалану қағидалары бекітілсін;
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті (Сарсенов Б.Н.):
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға БАҚ-қа жіберуді;
«Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жолдануын;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  Министр                                                                                      В. Школьник  
 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

____________ Е. Досаев

2014 жылғы «____»________

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 ж. « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Жылу энергиясын пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жылу энергиясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді Қазақстан Республикасы аймағындағы тұтынушылардың жағдайын реттейді және энергияны өндіру арасындағы жылу энергиясын пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
  жылу желісінің баланстық тиесілігі – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және тұтынушыға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде жабдық және (немесе) жылу желісіне тиесілі; 
баланстық тиесілігінің шекарасы – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушы арасындағы, сондай-ақ тұтынушы және қосалқы тұтынушы арасындағы жылу желісіне тиесілі теңгерімдік бойынша анықталатын жылу желісінің бөлініс нүктесі; 
төлем құжаты – оның негізінде тұтынылған жылу энергиясы үшін тұтынушы төлем жүргізетін құжат (есеп, хабарландыру, түбіртек, есеп-ескерту); 
өлшеу құралдарын тексеру – өлшеу құралдарының (коммерциялық есепке алу аспабының) белгіленген метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындау мен растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа да аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы; 
тұтынылған жылу энергиясын есептеу - тұтынылған жылу энергиясын немесе келісім тарап негізінде тұтынылған төлемді;
есептік кезең – тұтынылған жылу энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлемге ұсынылатын уақыт кезеңі; 
жылу тасымалдағыштың шығысы – уақыт бірлігі ішінде құбырдың көлденең қиылысы арқылы өткен жылу тасымалдағыштың массасы (көлемі);
реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндірісі және жылу берілісі, жылу тұтыну қондырғыларынан құрылған жиынтық;
жылу тұтыну жүйесі – бір немесе бірнеше жылу жүктемесі түрлерін тұтынуға арналған жылу тұтыну қондырғыларының кешені; 
қосалқы тұтынушы – жылу қондырғылары және (немесе) тұтынушының жылу желілеріне қосылған тұтынушы; 
жылу энергиясына арналған тариф – тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем алу бойынша, сондай ақ табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен жылу энергиясы құнының ақшалай мәні;
жылу желісі – жылу таратуды беруге, арналған құрылғылар жиынтығы;
теплоснабжение – деятельность по производству, передаче, распределению и продаже потребителям тепловой энергии и (или) теплоносителя; жылумен жабдықтау – тұтынушыларға жылу энергиясын және (немесе) жылу тасмалдағышты сатуға және таратуды беруге, өндіріс бойынша қызметі;
жылу жүктемесі – уақыт бірлігі ішінде жылу тұтыну қондырғысы қабылдайтын жылу энергиясының мөлшері; 
жылу тұтыну қондырғысы – жылу энергиясын пайдалануға және қабылдауға арналған техникалық құрылғы;
жылу тасымалдағыш – жылу энергиясын беру үшін жылумен жабдықтау жүйесінде пайдаланылатын зат (су, бу); 
жылу энергиясы – тұтыну кезінде жылу тасымалдағыш қондырғының термодинамикалық параметрлері (температура, қысым); 
жылу энергиясының жұмсалуын есепке алу нүктесі - коммерциялық есеп жүргізу аспабының көмегімен немесе есеп айырысу әдісімен жылу энергиясының шығыстары мәнін айқындайтын жылумен жабдықтау схемасының нүктесі; 
есепке алу торабы – жылу энергиясын есепке алуды қамтамасыз ететін аспаптар мен құрылғылар жүйесі;
энергия беруші ұйым – жылу энергиясын таратуды және беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым; 
сарапшы ұйым – электр энергетикасы және энергия үнемдеу мәселелері бойынша энергетикалық сараптама жүргізуге уәкілетті орган арқылы рұқсат алу ұйым; 
энергия үнемдеу - отын-энергетика ресурстарын ұтымды және үнемді пайдалануға бағытталған қызмет.
энергетикалық сараптама – жұмыс істеп тұрған объектілер, қайта жаңартылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, жылу желілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігіне электр энергетикасы саласында жүргізілетін сараптама;
 техникалық шарттар – жылу желілеріне қосу үшін қажетті техникалық талаптар; 
тұтынушы – шарт негізінде жылу энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым; 
энергия өндіруші ұйым – жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым;
есептік жылулық жүктемесі – сыртқы ауаның есептік температурасы бір сағат ішінде ғимараттың микроклиматының мөлшерленген параметрлерін сүйемелдеу үшін  жылу энергиясының мөлшері.
2. Жылумен жабдықтауды ұйымдастыру
Жылу энергиясын сатып алу-сату энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымның жылу желілерін қосылған тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасында жасалатын жылумен жабдықтау шарты негізінде жүзеге асырылады. 
Меншік нысанына қарамастан, барлық тұтынушыларға жылу энергиясын босатуды, егер шартта өзгеше көзделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйым үздіксіз жүргізеді. 
Шартқа жылу желілерінің теңгерімдік тиесілігін шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі актісі мен өзге де құжаттар қоса беріледі. 
Жылумен жабдықтауға арналған шартта тұтынушының жылу желісіне қосылған қосалқы тұтынушылар туралы мынадай деректер: атауы, ең жоғары сағаттық жүктеме, жылу тұтыну, қайтарылатын конденсаттың мөлшері, тараптардың пайдалану жауапкершілігі, жылу энергиясы үшін ақы төлеу шарттары көрсетіледі. 
 100 Гкал/сағ. дейінгі жылу жүктемесіндегі энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйымдар (жылыту қазандықтары) көрсетілетін қызметтердің (жылу энергиясын беру, жылумен жабдықтау) түрлері бойынша шығындарды, кірістерді бөлек есепке алуды жүзеге асырмайды. 
Қосалқы тұтынушы шартын энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тікелей тұтынушы ұйымның келісімімен ғана жасаса алады. 
 Тұтынушыларға қосалқы тұтынушылардың энергиямен жабдықтаушы ұйыммен шарттар жасасуына кедергі жасауға жол берілмейді. 
Жылу энергиясының будағы және ыстық судағы ең жоғары сағаттық босатылуы, сондай-ақ жылу тасымалдағыштың тиісті ең көп сағаттық шығыны мен оны қайтару ережесі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамалар ескеріле отырып, тұтынушымен жасасылған жылумен жабдықтау шартында белгіленеді.
Тұтынушының тұтынылатын жылу энергиясының жүктемесі мен мөлшерін шартта көрсетілгендерден артық, бірақ алынған техникалық шарттарда мәлімделген және тіркелген жобалық шамалардан аспайтындай етіп арттыруына шартта тиісті өзгерістер болған кезде энергиямен жабдықтаушы ұйымның рұқсатымен жол беріледі.
Егер энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдардың қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса жылу энергиясын тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйелеріне қосуға тыйым салынады.
Жылу энергиясының тұтынушылық қасиеттері мен берілу режимі жоспарлы жөндеу, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жағдайларынан басқа, тұтынушының жылыту маусымына дайындық жөніндегі іс-шаралар кешенін орындауы және энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым берген техникалық дайындық актісін ресімдеу және сараптама ұйымының қорытындысын алу шарттарын орындаған кезде нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Тұтынушылар мен энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасындағы шешімін таппаған қайшылықтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шешіледі. 
3. Тұтынушыларды жылу энергиясына қосуға арналған техникалық шарттар
 Энергия берілісі (энергия өндірістік) жылулық желілеріне тұтынушылар нысанын жалғауға техникалық жағдайлар берілуі үшін: 
 жаңадан енгізілетін нысандардың жылулық желілеріне жалғануы;
тұтынушының жылулық пайдалану құрылғыларының кеңеюімен немесе жаңғыртылуымен байланысты техникалық жағдайлармен және шарт талаптарымен орнатылғаннан жоғары  пайдаланылатын энергиясы мөлшерінің (немесе жылу тасымалдағыш параметрлерінің) өзгеруі; 
бұрын жалғанбаған нысандарды жылулық желілеріне қосу;
 сыртқы жылулық жабдықтаушы схемасының өзгерілуі.
Энергия беруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін екі апта мерзім ішінде жаңадан салынған кәсіпорындарды, ғимараттарды, үймереттерді, олардың кезектерін немесе жекелеген өндірістерді, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, ғимараттарды, үймереттерді, жылу тұтынушы қондырғылар мен жылу желілерін қайта жаңғыртуды жылумен жабдықтауға арналған техникалық шарттарды береді. 
Тұтынушының жылу желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар алуға берген өтінімінде жобаланатын объектіні сипаттайтын деректер, оны жобалау, салу ұзақтылығының нормативтік мерзімдері мен объектіні пайдалануға берудің белгіленген мерзімдері, тұтыну түрлері бойынша - технологиялық қажеттіліктер, жылыту және желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету жүктемелерінің сипаттамалары, жылумен жабдықтау сенімділігі жөніндегі талаптар қамтылуы тиіс. 
      Энергия беруші ұйым тұтынушының жылумен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты басқа да деректерді талап етуге құқылы. 
Жаңа кәсіпорындарды, ғимараттарды, үймереттерді, олардың кезектерін, жекелеген өндірістерді немесе тұтынушыны сырттай жылумен жабдықтау схемасын өзгертуді талап ететін кеңейтілетін және қайта жаңғыртылатын жұмыс істеп тұрған объектілерді жылумен жабдықтау жөніндегі шешімдерді келісуді құрылыс салу үшін алаң таңдау кезінде энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйымдар жасайды. 
Тұтынушының, тұтынылатын жылу энергиясының мөлшерін немесе жылу тасымалдағыштың параметрлерін өзгертуді талап ететін, жылу тұтынатын қондырғыларын шарттың белгіленген техникалық ережелері мен шарттың ережелерінен артық қайта жаңғырту немесе кеңейту кезінде тұтынушы, сондай-ақ энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия өндіруші ұйымнан олардың қосылуына техникалық шарттар алуы қажет.
Жылу тұтыну қондырғылары тұтынушылардың желілеріне қосылатын қосалқы тұтынушылар техникалық шарттарды энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия өндіруші ұйымнан алады және тұтынушымен келіседі.
Объектіні жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарда мыналар көрсетіледі: 
 жылумен жабдықтау көзі, жылу желілеріне қосылу нүктесі, босатылатын жылу энергиясының мөлшерін реттеу тәсілі; 
басқа тұтынушылардың жүктемелерін ескере отырып, негізгі және резервтегі іске қосу нүктелеріндегі жылу тасымалдағыштың параметрлері мен гидравликалық режимі; 
басқа тұтынушылардың жүктемелерін қосу перспективасын ескерумен негізгі тұтынушының жүктемесі; 
қазіргі бар желінің өткізу қабілетін арттыру қажеттігі жөніндегі негіздеме; 
қайтарылатын өндірістік конденсаттың мөлшері, сапасы және қайта айдау режимі, конденсатты жинау және қайтару схемасы; 
жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату жөніндегі талаптар;
жылыту-желдету мен технологиялық жүктемелерді және ыстық сумен жабдықтау жүктемесін қосудың жылу схемасы; 
температуралық кесте мен желілік судың шығыны.
Энергия беруші ұйымның тұтынушылардың жылу тұтыну қондырғыларын қосу мақсатында берген техникалық шарттарын орындау тұтынушылар мен олардың жобалау және құрылыс ұйымдары үшін де қажет.
Жылумен жабдықтау және жылу тұтыну жүйелерін салу мен қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстарды қызметтің осы түріне лицензиясы бар және барлық мүдделі ұйымдармен келісілген жоба бойынша тек қана мамандандырылған ұйымдар жүргізе алады.
Тиісті энергия беруші ұйымның бұрыннан бар желілерінің өткізгіштік қабілетін ұлғайту қажет болған жағдайда жұмысты қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделінген тәртіпте жүргізіледі.
Техникалық шарттарды қолданудың мерзімі, тек бір жылдан кем емес жобалаудың және салудың қолданылып жүрген нормаларын ескерумен белгіленеді.  
Кәсіпорындарды, ғимараттарды, үймереттерді, олардың кезектерін немесе жекелеген өндірістерді салу жобалары құрылыс алаңын таңдау және ғимаратты жобалау үшін дайындау сатысында энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйыммен келісіледі және объектіні жылу желілеріне қосудың техникалық шарттарында көрсетіледі.
Сараптама жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты бар сараптама ұйымдары он күндік мерзімде қабылданған жобалау шешімдерінің берілген техникалық шарттарға, қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексереді және өз қорытындысын береді. 
Кәсіпорындарды, ғимараттарды, имараттарды, оның кезектерін немесе жекелеген өндірістерді жобалау кезінде көрсетілген техникалық шарттардан шегіну қажеттілігі туындаған жағдайларда бұл шегіністер энергия беруші және (немесе) энергиямен өндіруші ұйыммен келісілуі тиіс.  
Плата за выдачу и переоформление технических условий не взимается.
Тұтынушы берілген техникалық шарттардың негізділік мәні жөнінде сараптама ұйымына жүгінуге құқылы. 
Жобалық құжаттамада техникалық шарттардың талаптарынан немесе қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардан айтарлықтай ауытқушылық байқалған жағдайда, тұтынушыға уәдеден бас тарту беріледі. 
Техникалық шарттарды беру және қайта рәсімдеу үшін ақы алынбайды.  
 Нысан иесінің өзгеруі жағдайында, жаңа жеке меншік иесі меншікке құқығы тіркелген күннен он жұмыс күні ішінде жазбаша түрінде энергия жіберілісі (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымын иесінің өзгеруі туралы ескертеді. Иесінің өзгеруі, меншік иесінің ауысуы жағдайында бұрын берілген техникалық жағдай қайта толтырылмайды. 
Қайта толтыруға энергиямен жабдықтау шарты жатады.  Шарт бекітілген соң энергиямен жабдықтаушы ұйым техникалық жағдайды талап етуге құқығы жоқ.
 Тұтынушылардың жылуды пайдалану құрылғысын жалғау мақсатында энергия беруші ұйымдарынан берілген техникалық жағдайлардың орындалуы тұтынушылар, жобалау және құрылыстық ұйымдар үшін міндетті. 
Құрылыс бойынша жұмыстар, жылумен жабдықтаушы және жылуды тұтынушы жүйелерінің жаңғыртылуы, осы іс түрлеріне лицензиясы бар және жобаға қатысы бар ұйымдардың келісімі бойынша тек мамандандырылған ұйымдар жүргізе алады.  
 Тұтынушы энергия жіберуші ұйымына  сыртқы жылулық желілерінің, жылулық торабын, есептеу құралдарын, жылытудың ішкі жүйесінің жобаларын келісімге жібереді. 
Энергия жіберуші ұйымы жобаны тапсырған күннен он жұмыс күні келісіледі немесе дәлелді бас тартады.
 Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының жылулық желілеріне жалғануы тұтынушының осы жұмысы (жалғау бойынша) төленген соң жазбаша өтініші бойынша ұйымның өзімен жүргізіледі. 
Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының жылулық желілеріне жалғанған соң тұтынушы келесі тәртіпте: 
1) жылулық торабын, есептеу құралдарын, жылытудың ішкі жүйесінің құрылысынан кейін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының өкілін жаңадан жөнделген жабдықты жуылу бойынша жұмыстарын қабылдау соңынан акт толтыру үшін шақырады;  
2) совместно с представителями энергопередающей (энергопроизводящей) организации оформляет акт раздела границ балансовой принадлежности и эксплуатационной ответственности; энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының өкілдерімен бірге актің баланстық шекарасы және пайдалану жауапкершілігі бөлімін толтырады;  
  3) паспортты толтырып және кедергі құрылғының өлшемін алады (сопел, шайб). Кедергі құрылғыларының дайындалуы нормативтік-техникалық құжаттамамен және алған есебіне сәйкес жүргізіледі. Кедергі құралын орнату кезінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының өкілін пломбалау үшін шақырады;   
4) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымына жуылу, жөнделуінің актін алдағы жылулық мерзіміне жылуды тұтынушы құрылғыларының және жылулық желілерінің техникалық дайындығының актін алу үшін тапсырады.
4. Тұтынушылардың жылу тұтынатын қондырғыларын пайдалануға жіберу
Барлық жаңадан қосылатын және жаңғыртылатын жылу тұтыну жүйелері энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйыммен келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес орындалуы тиіс.
Пайдалануға жіберілгенге дейін және әрбір жылыту маусымының алдында жылу тұтыну қондырғылары қабылдап алу-тапсыру (техникалық дайындық актісімен көзделген техникалық) сынақтарынан өтуі және сараптамалық ұйымның қорытындысын алуы тиіс. 
Жылу тұтыну жүйесін пайдалануға жіберу тұтынушының тиісті дайын персоналы мен жылу тұтыну қондырғыларының сенімді әрі қауіпсіз жұмысына жауапты адамы, немесе осындай қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетуге шарты бар болғанда ғана мүмкін болады.
Жылумен қамтамасыз етумен шарт бекітілген соң энергия жіберілісі (энергия өндіруші) ұйымына орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылу үшін өнінім тапсырылады.
Қосылу энергия жіберілісі (энергия өндіруші) ұйымының өкілдігінің және қосылуына толтырылған актісімен тұтынушының қатысуымен соңынан энергиямен жабдықтаушы ұйымына тапсырылуымен өндіріледі.
Техникалық-экономикалық негіздемелер және жаңаларын салу мен 500 және одан да жоғары тонна шартты отынның отын-энергетикалық ресурстарын жылдық тұтынумен жұмыс істеп тұрған нысандар мен кәсіпорындарды кеңейту жобалары міндетті түрде энергия үнемдеу сараптамасына жатады.
5. Коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату және пайдалану
 Тұтынушылардың жылу тұтыну қондырғылары энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясы үшін есеп айырысуға қажетті коммерциялық есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Жылу энергиясын есепке алуды ұйымдастыру, жылу энергиясын есепке алу және жылу тасымалдау тораптарының техникалық жай-күйі нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына жауап беруі тиіс. 
Жылу энергиясын есепке алу үшін тұрпаты өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік тізіліміне енгізілген коммерциялық есепке алу аспаптары пайдаланылуы тиіс. Бұл ретте олардың осыған құқылы ұйымдардың алғашқы немесе кезеңдік тексеруі туралы белгісі болуы қажет. 
Коммерциялық есепке алу аспаптарын мерзімді тексеруді, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді энергия беруші ұйым немесе тұтынушымен жеке шарты бойынша осындай қызмет түріне рұқсаты бар басқа мамандандырылған ұйым жүргізеді.
Коммерциялық есептеу құрылғыларының тексерілуі мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) аралық тексерілу интервалының өтіп кетуі;
2) тұтынушының  немесе энергия жіберілісі (энергия өндірістігі) ұйымдарының өтінімі бойынша көрсеткіштердің анығынан күмәндәну;
3)тұтынушы немесе энергия жіберілісінің ұймымен нақты өлшем жүргізуге әсер етуші коммерциялық есептеу құрылғыларының бұзылғандығы табылса.  
Жылу энергиясын жіберуді есепке алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, жылу желілерінің бөліну шекарасында жүргізілуі тиіс. 
Коммерциялық есепке алу аспаптары тараптардың пайдалану жауапкершілігі шекарасында орнатылғанда, бөлу шекарасынан коммерциялық есепке алу аспаптары орнатылған орынға дейінгі желі учаскесіндегі шығындар теңгерімінде көрсетілген желі учаскесі бар тұлғаға жатқызылады. 
Жылу шығындарын есепке алуды немесе жылу шығындарына сынақ өткізуді энергия беруші ұйым тұтынушымен бірлесіп жүргізеді.
Коммерциялық есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру аралық тексеру интервалына сәйкес аспапқа әдістемеде көрсетілген мерзімдерде, сондай-ақ мүдделі тараптардың бірінің өтініші бойынша олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына күмән келтірілген жағдайда жүргізіледі. 
Жоспардан тыс салыстырып тексеру жүргізілген жағдайда салыстырып тексеру жөніндегі шығындарды жоспардан тыс салыстырып тексеруді талап еткен тарап көтереді.
Егер салыстырып тексеру кезінде коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері олардың дәлдік сыныбы рұқсат еткен кінаратынан асып кетсе, онда жоспардан тыс салыстырып тексеру жөніндегі шығындарды аспаптардың иесі төлейді. Басқа жағдайда тексеру жөніндегі шығындарды жоспардан тыс салыстырып тексеруді талап еткен тарап көтереді.
Тұтынушы коммерциялық есепке алу аспаптарының ақаулылығын тапқан жағдайда тұтынушы энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымға хабарлайды. 
Коммерциялық есепке алу аспаптарын тексеруден өткізу туралы өтініш беруі тұтынушыны белгіленген мерзімде өзі тұтынған жылу энергиясына ақы төлеуден босатпайды.
Егер шартпен өзгеше көзделмесе, жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды энергия беруші ұйымның өкілдері тұтынушының өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
Шартта белгіленген мерзімде тұтынушы энергия берілісі ұйымына жылулық энергиясы есебінің  және жылулық жүйесі журналының көшірмесін немесе құрылғылардың архивтік тәуліктік көрсеткіштерін  тапсыруы қажет.
6.  Тұтынушылардың жылу пайдалану жүйелерін пайдалануы
Жылуды пайдалану жүйелерінің жай-күйі және қызмет көрсетуі үшін тұтынушы мен энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы олардың теңгерімдік тиесілігімен немесе келісу бойынша айқындалады және жылумен жабдықтауға жасалған шартқа қоса берілген тараптардың пайдалану жауапкершілігі актісінде бекітіледі.
Тұтынушы бірақ энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйымдарға құрылыстардың, коммуникациялардың және жылу қондырғыларының сақталуына жауапты болады. 
Жылумен жабдықтауды сенімді қамтамасыз ету мақсатында тұтынушы: 
1) тұтынылған жылу энергиясы үшін уақытылы ақы төлеуге; 
  2) энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлерін түсіру крандарын, арматураларды, жылу энергиясын есептеу желісіне дейін орналасқан бақылау-өлшеу аспаптарын пломбылауды жүргізуі үшін жіберуге және қойылған пломбылардың сақталуына, ал оларды алып тастауды энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның рұқсатымен жүргізуге;    
3) жылу тұтынудың тапсырылған режимдерін сақтауға;
4) мемлекеттік энергетикалық қадағалау (бұдан әрі - Мемэнергияқадағалау), энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлерін жылу желілерінің, жылу тұтыну қондырғылары мен коммерциялық есепке алу аспаптарының техникалық жай-күйін тексеруге жіберуге міндетті;
  5) әр жылу беру мезгілінің алдында жылуды тұтынушы құрылғылары қабылдау-тапсыру (техникалық дайындығы техникалық актісімен қарастырылған) сынақ және жөндеуден өтуі тиіс.   
7. Тұтынушыларға жылу энергиясын беруді шектеу және тоқтату шарттары
Энергиямен жабдықтаушы ұйым жылу энергиясын жіберуді тұтынушымен жасалған жылумен жабдықтауға арналған шартқа сәйкес жүргізеді.
Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым, тұтынушыға мынадай жағдайларда жылу энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға құқылы:
 жылумен жабдықтауға немесе жылу энергиясын беруге арналған шартта көзделген жағдайда; 
шартта белгіленген мерзімдерде жылу энергиясы үшін төлем құжаты төленбеген жағдайда; 
жылу желісіне жаңа қуаттар мен қосалқы тұтынушыларды өз бетінше қосқанда; 
коммерциялық есепке алу аспаптары орнатылғанға дейін жылу тұтыну жүйелерін қосқанда; 
жылумен жабдықтаушы ұйымның келісімінсіз шартпен белгіленген ең жоғары сағаттық жүктемелерден және тұтынудың шарттық режимінен асып кеткен жағдайда;
егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шартта көзделген конденсат көлемінің кемінде 30%-ын қайтарса; 
жылу тұтыну жүйелеріне қызмет көрсету үшін тиісті біліктіліктегі қызметші болмаған жағдайда;
Мемэнергияқадағалаудың ұйғарымдарын белгіленген мерзімдерде орындамаған және энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші ұйым берген техникалық шарттардың талаптарын бұзған жағдайда;
Мемэнергияқадағалау органдары мен энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымының өкілдерін жылу тұтынатын жүйелерге және (немесе) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына жібермеген жағдайда; 
тұтынушы адам өміріне қауіп төндіретін апаттарды жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдамағанда;
жылу тұтынатын қондырғылар мен желілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық актісінсіз және сараптамалық ұйымның қорытындысынсыз энергия беруші ұйымды жылу желісіне қосқан жағдайда; 
қосалқы тұтынушылар Ереженің талаптарын бұзғанда оларды ағытып тастау жөніндегі энергиямен жабдықтаушы ұйымның ұйғарымдарын орындамаған жағдайда.
Бұл ретте энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым:
1), 2), 5), 6), 7), 8), 9), 11), 12) тармақшаларда айтылғандай, егер шартта өзгеше көзделмесе, жылу беруді тоқтатуға немесе шектеуге дейін кемінде үш тәулік уақыт қалғанда тұтынушыларды хабарландыра отырып, толық немесе ішінара тоқтатуға;
3), 4), 10) тармақшамен - дереу тоқтатуға құқылы.
Жабдықтарды жөндеу мен жаңа тұтынушыларды қосу жөніндегі жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін резервтік қорек болмаған кезде жылумен жабдықтау шартында осы мақсаттар үшін тұтынушыларды ажырату тәртібі көзделуі тиіс.
Тұтынушы желі суын рұқсатсыз алған, жылу тұтыну жүйесіне өз бетімен қосылған, тұтынушы коммерциялық есептеу аспаптарын бүлдірген, есептеу торабында орнатылған пломбылар бүлінген немесе болмаған жағдайда энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым акт жасайды және тұтынушы пайдаланған жылу энергиясының көлемінде екі еселенген мөлшерде қайта есептеу жүргізіледі. 
Ыстық су бойынша қайта есептеу жылдан аспайтын кезеңде, ал жылу жүйесі үшін жылыту маусымының басынан бастап осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жағдайлар байқалған сәтке дейін жүргізіледі. 
Акт энергиямен жабдықтаушы ұйым өкілінің және тұтынушының немесе оның өкілінің қолы болған жағдайда жарамды. Акт тұтынушы немесе оның өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда да, бірақ энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның және/немесе құрамында кемінде үш адам бар кондоминиумның басқару органының комиссиясы ресімдеген жағдайда, жарамды болып саналады.
Өз торабындағы апаттың алдын алу немесе оны жою жөнінде шұғыл шаралар қолдану үшін энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым міндетті түрде хабардар етумен, энергиямен жабдықтаушы ұйым толық бермеген жылу үшін қайта есептеумен, тұтынушының жылу тұтыну жүйесін уақытша ажыратуға құқылы.
8. Тұтынушыларға жіберілетін будағы жылу энергиясының мөлшерін анықтау
 Тұтынушыға жіберілген жылу энергиясының мөлшері жылу желілерінің теңгерімдік тиесілі шекарасында есептеледі. Желілердің бөліну шекарасынан кейінгі жылу энергиясының жоғалуы тұтынушы арқылы төленеді. 
Тұтынушыға келіп түсетін будағы жылу энергиясының мөлшері бу мөлшерін оның жылу ұстауына көбейтіндісі ретінде анықталады.
Қайтарылатын конденсат үшін тұтынушыға төлем мөлшері оның жылу ұстауын ескеру арқылы шартпен белгіленеді.
Жылумен жабдықтауға арналған шарттарда жылу тасымалдағыштың әрбір параметрі бойынша ең көп сағаттық жүктеме, сондай-ақ тұтынушыға жылу энергиясын жіберудің жалпы көлемі белгіленеді.
Тұтынушыға шартпен көзделген өткір, кемітілген немесе іріктелген бу жіберілген кезде тұтынушымен есеп айырысу тұтынушы шын мәнінде алған бу үшін белгіленген тариф бойынша жүргізіледі.
Жылу энергиясын тұтыну режимінің ауытқуы шарттық шамадан 
+/−10 %-дан аспауы тиіс. 
Жылу энергиясын тұтыну шарттық шамадан +/−10 %-дан аса 
ауытқыған жағдайда экономикалық санкциялар шарт ережелеріне сәйкес 
қолданылады.
 9.  Тұтынушыларға жіберілетін ыстық судағы жылу 
энергиясының мөлшерін анықтау және тұтынушылар қайтаратын     конденсаттың мөлшерін анықтау
Тұтынушының жылу тұтынатын қондырғыларын коммерциялық есепке алу аспаптарынсыз қосқан жағдайда жылумен жабдықтаушы ұйыммен жіберілетін жылу энергиясының көлемі нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген тәртіппен анықталады.
Берілетін жылу жеткізгіштің температурасын шартта қабылданған температуралық кестеге сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым береді.
Энергиямен жабдықтаушы ұйым ыстық суда жылу энергиясын пайдалану және температуралық режимді сақтау кезінде тұтынушы кейін қайтатын желілік суды кесте бойынша оның мәнінен аспайтын температурамен қайтарады. Есепке алу аспабы жоқ тұтынушыларға шарттық көлемнен артық жіберілген жылу мөлшерін есептеу нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі. 
Жіберілетін желі суының температурасы көтерілуі себепті тұтынушыға орташа тәуліктік кестеге қарсы шарттық көлемнен артық жіберілген жылу энергиясына, егер шартта өзгеше көзделмесе, тұтынушы ақы төлемейді.
Температуралық графикпен салыстырғанда жіберілетін желі суының орташа тәулігінің температурасы көтерілсе энергиямен жабдықтаушы (немесе) энергия беруші ұйым есептеуге құқылы, ал тұтынушы қабылданған температуралық кесте бойымен өндірілген аралығында керi тораптық желі суының қызудың айырымына жылутасығыштың шығарған нақты массасының  өлшемiнде жылу қуатын және жылу желiсiне iс жүзiнде тұтынушымен қайтарылатын температуралық графигі бойынша қосымша ретiнде төлеуге мiндеттi.
Ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде тұтынушы, шарттың ережелерінде айтылғандай, шығатын судың құнын, оны тазалау және химиялық дайындау бойынша шығындарды төлейді.
Тұтынушының меншігіндегі жылу желілеріндегі жылу тасымалдағыштың нормадан артық ысырап болуын энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым анықтайды және кесімге тұтынушының қатысуымен актіге жазылады. Соңғысының актіге қол қоюдан бас тартуы оны белгіленген тәртіппен ақы төлеуден босатпайды.
Тұтынушының жылу желілеріндегі жылу энергиясының шығыны егер де тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, олар мен қосалқы тұтынушылардың арасында жылу энергиясын тұтыну үлесіне қарай тепе-тең жылу торабының ұзақтығына қарай бөлінеді.
Тұтынушының жылулық желілеріндегі жылу энергиясының жойылуы оның және субтұтынушының араларында тепе-тең жылулық энергиясының пайдалану үлестерін және жылулық желілерінің ұзындығына қарай, егер екі жақтың келісімімен басқа шарт орнатылмаса бөлінеді.  
Тұтынушылар жылыту, желдету және ыстық сумен жабдықтау үшін бу түріндегі жылу энергиясын пайдалану кезінде энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымға қайтаруға, ал ол өз кезегінде конденсаттың кем дегенде 95% (егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе) қайтаруға міндетті, ал бу технологиялық мақсаттар үшін пайдаланылған кезде, конденсатты қайтару шартта белгіленген көлем мен сапада жүзеге асырылады.
Тұтынушы қайтаратын конденсат шартта келісілген көлем мен сапаға сәйкес болуға тиіс.
10. Төлем құжаттарын ұсыну және ақы төлеу тәртібі
Тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясы үшін өтінім берілген шарттық келісімнің, коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің негіздерінде энергиямен жабдықтаушы ұйым жазып берген төлем құжаттары бойынша, ал олар болмаған жағдайда - нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген тәртіппен есеп айырысу жолымен есеп айырысады. 
 Есеп айырысудың шарттары мен нысандары жылумен жабдықтауға жасалған шартта белгіленеді. 
Тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеу белгіленген тәртіппен реттеуші орган бекітетін тарифтер бойынша жүргізіледі.
Энергиямен жабдықтаушы ұйым шартқа сәйкес мерзімі өткізілген ақы төлеу сомасына өсім тағайындайды. Тағайындалған немесе ерікті тәртіппен танылған өсім сомалары акцептісіз, кейіннен тұтынушының есеп шотына ақша алғашқы түскен кезде ұсталады.
Егер тұтынушы пайдаланған жылу энергиясы үшін ақы төлемегендігі үшін белгіленген тәртіппен ажыратылып тасталса, онда оны қосу қарызды жапқаннан және оны ажырату/қосу жөніндегі шығындарды өтегеннен кейін жүргізіледі.
11. Келіспеушіліктерді шешу тәртібі
Жылу энергиясын беруді тоқтату уақыты, сондай-ақ оның сапасының нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес еместігі уақыты (күні, сағаты) туралы белгі қойылып энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерлік қызметі журналында белгіленуі тиіс, кейіннен тиісті (тиесілі) сападағы жылу энергиясын беруді жаңғыртудың уақыты (күні, сағаты) туралы белгі қойылуы керек.
Жылу энергиясын беруде үзілістер болған немесе жылу энергиясы тиесілі емес сапада берілген жағдайда, тұтынушы бұл туралы энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымға тікелей өзі (өтініммен) немесе берілген уақыты, күні және оны берген және қабылдаған адамның аты-жөнін міндетті түрде көрсете отырып, телефонограммамен хабарлауы тиіс. Телефонограммада тауар сапасының төмендей бастаған (болмаған) уақыты, нашарлау сипаты және энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым өкілінің қатысу қажеттігі (егер тауар сапасының нашарлауы немесе оны энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымның тоқтатуы журналда тіркелмеген болса) көрсетіледі. 
Тұтынушы жеке өзі өтініш жасаған жағдайда өтінімнің көшірмесі болуы тиіс, онда оның түсу сәтіндегі тіркеу нөмірі, өтінімнің берілу күні мен уақыты, оны қабылдаған энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым өкілінің қолы қойылады. Жылумен жабдықтау тоқтатылған жағдайда, өтінім дереу, параметрлері нашарлаған жағдайда - ауытқушылық басталған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірілмей беріледі. 
Энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым тауар сапасының өтінімде (телефонограммада) көрсетілген нормадан ауытқуы туралы журналдағы белгілерді, тұтынушыларға оны берудегі үзілістерді салыстырады және келіспеушіліктер болмаған жағдайда оның нақты тұтынылуына сәйкес параметрлердің есептегіден орта тәуліктік ауытқуынан шығара отырып тауар құнын қайта есептеуді орындайды.
Энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым жылу энергиясының берілмеуінің немесе сапасы төмен тауардың (жылу энергиясының) берілу фактісін растаудан бас тартқан жағдайда тұтынушы жазбаша өтініш жасауға құқылы, онда: 
тауар беруден (ажыратудан) немесе оны сапасыз жеткізуден бас тарту басталған уақыты; 
тауар сапасының нашарлау сипаты; 
өтінім беру уақыты және оның тіркелу нөмірі (энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымның журналы бойынша);
жылу энергиясын беруді қалпына келтіру (оның сапасын қалыпқа келтіру) уақыты;
тауардың болмау (сапасының нашарлау) кезеңі көрсетіледі. 
Өтінішке тұтынушы, тұтынушының жылу шаруашылығы үшін жауапты адам, екі тәуелсіз куәгер қол қояды және ол энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымға жіберіледі. Дау реттелмеген жағдайда тұтынушы Мемэнергияқадағалауға жүгінуге немесе сотқа талап-арыз беруге құқылы.
 Жылу энергиясын тұтыну кезінде тұтынушы жіберген ереже бұзушылықтар екі дана етіліп энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым өкілдері мен тұтынушының екіжақты актісімен ресімделеді, олардың біреуі тұтынушыға беріледі. 
Акт оған тұтынушы қол қоюдан бас тартқан кезде де, бірақ оны құрамы кемінде үш адамнан тұратын энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымның комиссиясы ресімдеген жағдайда жарамды болып есептеледі.
Акт негізінде энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым есепке алынбай қалған жылу энергиясының мөлшерін анықтайды және қайта есептеу соманы негіздей отырып тұтынушыға сотқа дейінгі талабын жібереді.
Дау тараптардың келісуімен реттелмеген жағдайда энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым тұтынушыдан тағылған соманы мәжбүр ету тәртібімен өндіріп алу туралы сотқа талап арыз береді және белгіленген тәртіппен шарттың орындалуын тоқтатуға құқылы болады.
 12.Тұрмыстық мұқтаж үшін жылу энергиясы жүргізілетін, тұтынушылардың жылу энергиясын пайдалануы туралы қосымша қағидалар     
 Тұрмыстық мұқтаж үшін тұтынушыларды жылумен жабдықтауға байланысты және осы Қағидалардың 12-бөлімінде қарастырылмаған мәселелер осы Қағидалардың тиісті тармақтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. 
Тұтынушының уәкілетті тұлғалары (кондоминиум объектісін басқару органы) тіреуіштен, жылытатын элементтерден, реттейтін және бекіту арматурасынан, басқару торабынан (элеваторлардан), есеп торабынан, жылу энергиясын есепке алу аспаптарынан, сондай-ақ осы желілерде орналасқан басқа жабдықтан тұратын жылыту жүйесі мен ыстық сумен жабдықтау, үйге ортақ (үйшілік) меншікті құрайтын коммерциялық есепке алу аспаптарын (үйге ортақ) тиісті техникалық жағдайды ұстайды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жылыту және ыстық сумен жабдықтау мақсатында тұрмыстық тұтынушыларға жылу энергиясын беруді жылумен жабдықтауға арналған шартқа сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым жүзеге асырады (Көпшілік шарт).  
Кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жылу тұтынатын қондырғыларға қызмет көрсетуді дербес немесе шарт бойынша басқа мамандандырылған ұйыммен атқара алады.
 Тұтынушы жылу энергиясы үшін энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген тариф бойынша есеп айырысады. 
Коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу мөлшері жергілікті атқарушы орган бекіткен нормалар бойынша анықталатын болады.
Үй-жайлар меншік иелері кооперативтерінің басқаруындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі бойынша анықталады.
 Жылумен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушыға: 
 энергия беруші ұйымның келісімінсіз және жергілікті атқарушы ұйымдар, архитектура және қала құрылысы саласындағы міндетті жүзеге асыруға пәтерші желілерді, инженерлік жабдықты және қондырманы қайта жабдықтауға; 
 жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, реттеуші және бекітуші арматураны орнатуға және бөлшектеуге; 
жылыту жүйелерінде жылу тасымалдағышты тікелей мақсаттан тыс (жылу жүйесінен және аспаптардан суды ағызу) пайдалануға рұқсат етілмейді. 
Осы шарт бойынша тұтынушы энергияны тұрмыстық мақсатта пайдаланушы азамат болып шықса, шарт тұтынушының қосылған желіге белгісіз мерзімге алғашқы нақты қосылған сәтінен бастап жасалған деп есептеледі (егер де тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе) және азаматтық заңнамаменкөзделген негіздер бойынша өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
Пәтерде тұратын адамдар (бір немесе бірнешеу) бір айдан артық мерзімге уақытша кетіп қалған жағдайда коммерциялық есепке алу аспабы болмаса, тұтынылған ыстық суға бір адамға есептелетін ақы олар жоқ кезде алынбайды. Қайта есептеу өтініш бергенде, төлем құжаты бейнеленіп және есептік кезеңінде орындалады растаушы құжатты тапсырғанда (емдеу мекемесінен немесе жұмыс орнынан анықтама, санаторийге жолдаманың түбіршегі, уақытша тұратын орны бойынша тіркеу туралы анықтама және сол сияқтылар).
Коммерциялық есепке алу аспабы уақытша болмаған жағдайда, тұтынылған ыстық су үшін бір адамға есептелетін ақы нақты тұрып жатқандардың саны бойынша алынады.
Жылу энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды, егер шартта өзгеше көзделмесе, энергия беруші ұйым мен кондоминимум объектісінің (тұтынушының) өкілі жүргізеді.
Коммерциялық есепке алу аспабымен жабдықталмаған пәтерде нақты тұратындардың саны жылумен жабдықтау шартында көрсетілгенмен сәйкеспеуі байқалған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым ыстық су үшін ұсынылған төлемді жыл басынан бастап екі есе мөлшерде қайта есептеуге құқылы.
Тұтынушы жылу энергиясын ұрлаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік арқалайды.
Шартта белгіленген мерзімде пайдаланған жылулық энергиясы  үшін төленбесе энергия жіберілісі немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымы тұтынушыны жылулық энергиясынан ажыратудан отыз күнтізбелі күндерінен кешіктірмей ескертеді. 
«Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің  2014 жылғы «____» _____________ №____ бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 22) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтіру

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

«Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 712 қаулысымен бекітілген.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «___» _________ № ____ қаулысымен күші жойылды.

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

жоқ



6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

жоқ

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

жоқ



8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Қазақстан Республикасының энергетика министрлігінің интернет-ресурсында www . energo . gov . kz жарияланған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)





 

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрлігінің

Заң қызметі департаментінің

директоры





М. Хайруллин

  2014 жылғы «____» _______________