• Мое избранное
«Отбасы және балалар саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Отбасы және балалар саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Отбасы және балалар саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандарттарын бекіту
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған:
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»;
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»;
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»;
«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»;
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»;
«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау»;
«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру»;
«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»;
«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу»;
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу»;
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту»;
«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне (З.Ж. Оразалиева):
осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралында ресми жариялауды.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Министр А. Саринжипов
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  
 «Отбасы және балалар саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына АҢЫҚТАМА-НЕГІЗДІМЕ
 

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау негізі (мемлекеттік органның құзыры) қолданыстағы нормативтік құқықтық актінің нормаларына сәйкес сілтеме

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қ азақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V Заңының 136-тармағы 5-тармақшасына сәйкес

Нормативтік құқықтық актіні қабылдауға қажетті негіздеме (нақты мақсаты, дәлелі және акт неге байланысты қабылданды)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қ азақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы

Нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты оларды өзгертулер мен толықтырулар немесе күшін жою туралы ұсыныс дайындау және осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық акт туралы мәлімет

«Отбасы және балалар саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысы

Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан немесе заңды сараптаудан өтпеген оларды жою туралы реквизиті көрсетілген бұрын қабылданған нормативтік құқықтық акт туралы мәлімет



Қажет етпейді

Осы нормативтік құқықтық акті республикалық немесе жергілікті бюджеттер түсімдерінің шығыстарын арттыру немесе қысқартуды қарастырады

Қажет етпейді

Нормативтік құқықтық акт мемлекеттік органдардың мүдделерімен келісу туралы мәлімет

Қажет етпейді

Нормативтік құқықтық акт жобалары жеке кәсіпкерлердің субъектілері мүдделерін қоғау бұқаралық ақпараттық құралдарында, интернет-ресурстарында жарияланған (таларған) туралы мәлімет

Қажет етпейді

Сараптамалық қорытындыны ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілері мүдделеріне қатысты актілер үшін)

Қажет етпейді
Заң департаментінің  
директоры И. Рамазанов  
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы «___» ___________
№ _____ бұйрығымен бекітілген
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Жалпы ережелер
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
«электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
ХҚО-ға құжаттарды тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап – 5 минут.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы ақпарат ақпараттық жүйесінде жоқ болғанда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 7 жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 5 минуттан аспайды.  
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жетім балаға (балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық форматта ұсынылады.  
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат форматында жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Жұмыс кестесі: