«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабы 21-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабы 21-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (Қ.С. Құлмырзин):
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялау.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі _____________ Е. Досаев 2014 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары
1. Осы Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мұнайдың әлемдік бағасы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін нарықтық бағалары туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбеге енгізілген ақпарат көзінің негізінде тиісті кезеңде «Датированный Брент» (Вrent Dtd) стандартты сорты бағасының шетел валютасында орташа белгіленуі;
2) баррельдендіру коэффициенті - өндірілген шикі мұнайдың тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып, стандарттық өлшем шарттарына келтірілген өлшем бірлігін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру коэффициенті.
Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
3. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағасы мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға қосымшада келтірілген нысан бойынша әзірлейтін мұнайдың әлемдік бағасына байланысты бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағасы мәндері кестесінің (бұдан әрі - Кесте) негізінде, мынадай формуланың негізінде айқындалады:
мұндағы:
1) Р - мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек саудадағы шекті бағасының мәні;
2) Р Br - баррельдендіру коэффициенті бойынша ауыстырылған мұнайға әлемдік бағаның белгіленуі;
3) L - коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрі бағасының белгіленуіне мұнай бағасының белгіленуін ауыстыру коэффициенті;
L=Р Nр /Р Вr Р Nр - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін нарықтық бағалары туралы ресми танылған ақпарат көзінің негізінде Тізбеге енгізілген бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өніміне сәйкес келетін мұнай өніміне әлемдік бағасының белгіленуі;
4) ТС Ех - өзіне жалдауды (Новороссийск портынан FОВ Италия-Августа Жерорта теңізіне дейін теңіз танкерімен мұнай өнімдерін тасымалдау құны), ауыстырып тиеу шығыстарын (мұнай өнімдерін темір жол цистерналарынан құйып алу құны, порттағы қойма резервуарларына құю және қоймадан танкерге құю), Қазақстан Республикасының шекарасына дейін темір жол тасымалын (Новороссийск портынан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін темір жол тасымалының құны) қамтитын мұнай өнімдерін Еуропа нарықтарынан (ҒОВ Италия) Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізу жөніндегі көліктік шығыстардың шартты орташа мәні;
5) ЕСD - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген формула бойынша есептелген мұнай өнімінің тиісті түріне кедендік әкету бажының мәні;
6) С - табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі — Уәкілетті орган) Кесте ұсынылған күніне белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгеге АҚШ долларының бағамы;
7) Т - «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бекітілген мұнай өнімінің тиісті бір түріне акциз және қосымша құн салығы;
8) ТС Dom - Қазақстан Республикасы бойынша темір жол көлігімен мұнай өнімдерін тасымалдау құнының орташа арифметикалық мәні;
9) S — мұнай базасында мұнай өнімдерін сақтау бойынша 3% мөлшеріндегі шығыстар;
10) О рех - мұнай өнімдері нарығына барлық қатысушылардың 10% мөлшеріндегі операциялық шығыстарының жиынтығы;
11) М - мұнай өнімдері нарығына барлық қатысушылардың 15% мөлшеріндегі маржасы;
13) D – қуаты шағын мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шығарушы зауытының техникалық паспортына сәйкес өлшеу шарттары стандартты болған кезде мұнай өнімінің тиісті түрінің орташа тығыздығы.
4. K i коэффициентінің мәнін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімдерінің тиісті түріне бағалардың тарихи серпініне байланысты бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ доллары аралығымен мұнайдың әлемдік бағасының әрбір шекті мәніне мынадай формула бойынша есептейді:
мұндағы:
1) Q min – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімдерінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең төменгі мәні;
2) O – бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ долларына тең келетін мұнай аралығының адымы;
3) U – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралық;
4) F – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралыққа сәйкес келетін мұнайдың Brent Dtd сортына әлемдік бағаның ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралық;
5) P Bri – бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ доллары аралығымен мұнайдың әлемдік бағасының әрбір шекті мәніне сәйкес келетін мұнайға әлемдік бағаның белгіленуі;
6) P Br min – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең төменгі мәніне сәйкес келетін мұнайға әлемдік бағаның белгіленуі;
7) N – Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық кезеңге арналған болжамында айқындалған инфляцияның болжамды деңгейі;
8) P i – K i коэффициентінің мәні есепке алынбай осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес формула бойынша есептелген мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының шекті мәні;
5. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган Уәкілетті органға әзірленген Кестені есептерді, негіздемелер мен тиісті ақпарат көзінің деректерін қоса бере отырып:
1) жыл сайын – жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың он бесінші қарашасынан кешіктірмей;
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген бір және одан көп көрсеткіштер бұрын бекітілген көрсеткіштердің мәнінен 10%-дан астам өзгерген кезде – осындай өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.
6. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган Уәкілетті органға өткен күнтізбелік айдың он бесінші күнінен бастап ағымдағы күнтізбелік айдың он төртінші күні бойынша қалыптасқан мұнайға әлемдік бағаның мәліметтерін ай сайын он бесінші күннен кешіктірмей ұсынады.
7. Уәкілетті орган шекті бағаны белгілеу үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша нысанда сұратады, ол мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган тиісті сұратуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
8. Уәкілетті орган Кестенің және мұнайдың әлемдік бағасы жөніндегі мәліметтердің негізінде бұйрық нысанында қабылданатын шешім қабылдау жолымен мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті баға белгілейді.
9. Бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы бұйрықтың жобасы үш жұмыс күні ішінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау саласындағы уәкілетті органға жолданады.
10. Бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы бұйрық (бұдан әрі - Бұйрық):
1) жоспарланып отырған күнтізбелік жылға – жоспарланған жылдың алдындағы жылдың он бесінші желтоқсанынан кешіктірілмей;
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген бір және одан көп көрсеткіштер 10%-дан астам өзгерген кезде ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін қалған мерзімге – осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Кесте алынған кезден бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;
3) Кестеге сәйкес мұнайдың әлемдік бағасының бір шекті мәнінің шегінен асатын мұнайдың әлемдік бағасы өзгерген кезде ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін қалған мерзімге – осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес мұнайға әлемдік баға бойынша деректер алынған кезден бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей бекітіледі.
11. Мемлекеттік органдармен келісілген және Уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қойған бұйрық Уәкілетті органның және табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау саласындағы уәкілетті органның Интернет-ресурстарында келісілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жариялануы тиіс.
12. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауға жататын мәмілелерге қолданылмайды.
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидаларына қосымша
Мұнайдың әлемдік бағасына байланысты мұнай өнімдерінің бөлшек саудасына өткізуге белгіленетін шекті баға мәндерінің кестесі
| Р/с | Әлемдік бағаның шегі, $/бар | ДО-ға бөлшек саудадағы шекті баға, тг/л | Аи-80-ге бөлшек саудадағы шекті баға, тг/л | Аи-92/93-ге бөлшек саудадағы шекті баға, тг/л |
| 1. |
|
|
|
|
| 2. |
|
|
|
|
| 3. |
|
|
|
|
| 4. |
|
|
|
|
| 5. |
|
|
|
|
| 6. |
|
|
|
|
| 7. |
|
|
|
|
| 8. |
|
|
|
|
| 9. |
|
|
|
|
| 10. |
|
|
|
|
| 11. |
|
|
|
|
| 12. |
|
|
|
|
| 13. |
|
|
|
|
| 14. |
|
|
|
|
«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабының 21-3) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңын жүзеге асыру мақсатында |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме | Қажет етілмейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | ҚР Ұлттық экономика министрлігі
|
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің ресми сайтында www . energo . kz орналасқан |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | Жоқ |
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментінің директоры М. Хайруллин