«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
| Продукты: |
|
Отправить по почте
«Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстарды азықтандыру нормативтерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстарды азықтандыру нормативтерін бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстарды азықтандыру нормативтері бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Респуликасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы «__» _______№ ______ бұйрығымен бекітілген
Спорт түрлері бойынша пайдаланылатын жануарлар мен құстардың азықтандыру нормативтер
| |||
| Р/с № | Рацион атауы | Азықтандыру нормативі | |
| Айғырға (500-550 кг) | Биеге (500-550 кг) | ||
| 1 | Әртүрлі шөп | 10 кг | 10 кг |
| 2 | Сұлы | 3 кг | 3 кг |
| 3 | Арпа | 1,5 кг | 1 кг |
| 4 | Бидай жармасы | 1 кг | 1 кг |
| 5 | Күнбағыс күнжарасы | 1 кг | 1 кг |
| 6 | Жүгері | 2 кг | 2 кг |
| 7 | Сәбіз | 3 кг | - |
| 8 | Жұмыртқа | 5 кг | - |
| 9 | Алғы қоспа | 0,5 кг | 0,5 кг |
| 10 | Тұз | 33 гр | 33 гр |
|
|
| ||
| 1 | Ет | Жазғы мерзімде | Қысқы мерзімде |
| 1 кг | 0,5 кг | ||
_______________________________
«Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстарды азықтандыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы «___» __________ № ___ бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1 | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі |
| 2 | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі ( мемлекеттік органның құзыреті ) | «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы |
| 3 | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі ( нақты мақсаттары , себептері және акт неге байланысты қабылданды ) | «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру |
| 4 | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | жоқ |
| 5 | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | жоқ |
| 6 | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме | жоқ |
| 7 | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | жоқ |
| 8 | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет – ресурсында орналастырылды
|
| 9 | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | жоқ |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры М. Жақсыбаев 2014 жылғы «___» ________________
2014 жылғы «___» ________________