Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте
«Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге өзгерістер енгізу туралы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1217 қаулысымен мақұлданған «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге өзгерістер енгізу туралы» қосымша келісімнің жобасы (бұдан әрі – Қосымша келісім) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы энергетика министрі Владимир Сергеевич Школьник Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қосымша келісім жасасуға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Масимов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы « » № қаулысымен мақұлданған
жоба
2005 жылғы 28 желтоқсандағы «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге өзгерістер енгізу туралы қосымша келісім
Астана қ. 2014 жылғы « »
Бұдан әрі «Құзыретті орган» деп аталатын Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі атының Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Владимир Сергеевич Школьник бірінші тараптан, және бұдан әрі «Концессионер» деп аталатын «Батыс транзит» акционерлік қоғамы атынан Жарғы негізінде әрекет жасайтын басқарма төрағасы Құрманғазы Бейсембайұлы Ибрагимов екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар 2005 жылғы 28 желтоқсандағы «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге өзгерістер енгізу туралы осы қосымша келісімді (бұдан әрі – Қосымша келісім) жасасты:
1. «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1217 қаулысымен мақұлданған 2005 жылғы 28 желтоқсандағы «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге (бұдан әрі – Концессиялық келісім) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспенің бiрінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұдан әрі «Құзыретті орган» деп аталатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атының Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасы энергетика министрі Владимир Сергеевич Школьник бірінші тараптан, және бұдан әрі «Концессионер» деп аталатын «Батыс транзит» акционерлік қоғамы атынан Жарғы негізінде әрекет жасайтын басқарма төрағасы Құрманғазы Бейсембайұлы Ибрагимов екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар осы «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы Концессиялық келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты.».;
«Келісімнің мәні» деген 2-бөлімде:
4-тармақта:
үшінші абзацтағы «2022 жылдың 31 желтоқсаны аралығы» деген сөздер «2030 жылдың 31 желтоқсаны аралығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктік деректемелері» деген 19-бөлімде:
екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьник» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В.С. Школьник» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қосымша келісім Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
3. Қаралмаған шарттар бөлігінде Концессиялық келісім өзгеріссіз қалады.
4. Қосымша келісім бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада, әрбір Тарап үшін бір-бір данада жасалды.
Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктің деректемелері
|
Құзыретті орган : | Концессионер:
|
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 010000, Астана қ. , Қабанбай батыр көшесі , 19, А Блогы БСН 140940023346 БСК KKMFKZ2A ЖСК KZ92070101KSN0000000 Астана қ. бойынша Қазынашылық департаменті
| «Батыс транзит» акционерлік қоғамы 050008, Алматы қ., Шевченко көшесі, 162-Ж БСК 190501956 ИИК KZ 889 261 802 139 189 000 «Казкоммерцбанк» АҚ АФ Алматы қ. БИК KZKOKZKX |
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В.С. Школьник __________________ | «Батыс транзит» АҚ басқарма төрағасы Қ.Б. Ибрагимов __________________ |
«Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
| № р/с | Түсіндірме жазбада көрсетілген тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
| 1 | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі |
| 2 | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінiң бiрiшi орынбасары Б. Сагынтаевтың 2014 жылғы 25тамыздын №17-47/160 тапсырмасы |
| 3 | Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік – экономикалық және/немесе құқықтық салдар | Қаулы жобасын қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болжамайды. Қаулы жобасын қабылдау мемлекеттік жекесеріктестік ықпал етеді |
| 4 | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Жобаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржылық шығыстарды қажет етпейді |
| 5 | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі | 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін пайдалану барысында Ақтөбе облысының энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, электр қуатына тарифті төмендету , сонымен қатар қаржылық міндеттерді уақытылы орындау |
| 6 | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | «Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1217 қаулысы |
| 7 | Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | Қажеті жоқ |
| 8 | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері. | Талап етілмейді |
| 9 | Өзге де мәліметтер | Жоқ |
| 10. | Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі | Рұқсат етіледі |
| 11 | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www . energo . gov . kz сайтында орналастырылған |
| 12 | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | Жоқ |
| Қазақстан Республикасының Энегетика министрі |
В.Школьник |
| |
|
«Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
| № р /н | Құрылымдық бөлім | Қолданыстағы редакциясы | Жаңа редакциясы | Негіздемесі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| . | Концессиялық келісімнің кіріспесінің 1-абзацы | Бұдан әрі «Құзыретті орган» деп аталатын Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрлігі «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы №1217 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет жасайтын Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі Школьник Владимир Сергеевич тұлғасында бірінші жақтан, және будан әрі – «Концессионер» деп аталатын Жарғы негізінде әрекет жасайтын Басқарма төрағасы Ысқақов Асқар Кежекұлы тұлғасында екінші жақтан, «Батыс транзит» акционерлік қоғамы бірлесіп «Тараптар» деп аталатын осы «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы Концессиялық келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты. | Бұдан әрі «Құзыретті орган» деп аталатын Қазақстан Республикасы ң энергетика министрлігі «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы №1217 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің атының Қазақстан Республикасы энергетика министрі Школьник Владимир Сергеевич бірінші тараптан, және бұдан әрі «Концессионер» деп аталатын «Батыс транзит» акционерлік қоғамы атынан жарғы негізінде әрекет жасайтын басқарма төрағасы Ибрагимов Құрманғазы Бейсембайұлы е кінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар осы «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы Концессиялық келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты. | Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы №875 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» жарлығысы |
| 2. | Концессиялық келісімнің 2-бөлімінің 5-тармағының 3-абзацы | пайдаланылу кезеңі - 2009 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 31 желтоқсаны аралығы. | пайдаланылу кезеңі - 2009 жылдың 1 қаңтарынан 2030 жылдың 31 желтоқсаны аралығы. | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі C.Ахметовтың 2012 жылғы 24 қазандағы №17-33/623-юр тапсырмасы |
| 3. | Концессиялық келісімнің 19 -бөлімінің 2 -абзацы | Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрлігі | Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі | Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы №875 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» жарлығысы |
| 4. | Концессиялық келісімнің 19 -бөлімінің 7 -абзацы | Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьник | Қазақстан Республикасы энергетика министрі В.С.Школьник |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьник

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |