«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1) тармақшасының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Әрекеттестiктiң, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда телекоммуникация желiлерiн орталықтандырылған басқарудың бiрыңғай тәртiбiн бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Әрекеттестiктiң, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда телекоммуникация желiлерiн орталықтандырылған басқарудың бiрыңғай тәртiбiн бекiту туралы
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1) тармақшасының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары бекітілсін.
2. Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С. С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды, соның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.К. Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы ___________
№ ___ бұйрығымен бекітілген
Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 21-бабына (бұдан әрі - «Байланыс туралы» Заң) сәйкес әзірленді және телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасау және оларды орталықтан басқару тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісін құрайтын желілерге қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесі - басқарушы технологиялық параметрлерді қалыптастыру және олардың атқарылуын бақылау жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені (бұдан әрі - ТЖОБ жүйесі);
2) уәкілетті мемлекеттік органдар - осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік органдар;
3) ТЖОБ жүйесіне қатысушылар – байланыс саласындағы уәкілетті орган, байланыс операторлары, мемлекеттік техникалық қызмет;
4) шетелдік байланыс операторлары - Қазақстан Республикасынан тыс байланыс қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;
5) түйісу нүктесі - қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторларының көлік желілерінде халықаралық қосылысты ұйымдастыру үшін қызмет атқаратын шекара маңындағы желілік торап.
2. Телекоммуникация желілерінің өзара іс-қимыл жасау және оларды орталықтан басқару тәртібі
4. Трафикті өткізуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылуы мен өзара іс-қимыл жасауы уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін орталықтан басқаруды байланыс саласындағы уәкілетті орган «Байланыс туралы» Заңға сәйкес және мына:
1) халықаралық байланыс желілерінде телекоммуникация желілері трафигінің ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты жинақтау және талдау;
2) байланыс құралдары тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүддесіне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсатта пайдаланылған жағдайда соттардың байланыс желілеріндегі жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың кез келген желілер мен байланыс құралдарының қызметін тоқтата тұру туралы шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
3) уәкілетті мемлекеттік органдарды басым пайдалану, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде кез келген желілер мен байланыс құралдарының (үкіметтік байланыстан басқа) қызметін тоқтата тұру құқығымен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
6. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы қызметтерін ұсынуға лицензиясы жоқ операторлар шетелдік операторлармен трафик алмасуды Қазақстан Республикасының қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары арқылы ғана жүзеге асырады.
7. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы қызметтерін ұсынуға лицензиясы бар байланыс операторлары шетелдік операторлармен трафик алмасуды ТЖОБ жүйесі арқылы жүзеге асырады.
8. ТЖОБ жүйесін техникалық сүйемелдеуді мемлекеттік техникалық қызмет жүзеге асырады және ол ТЖОБ жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, оны жаңғыртуды және одан әрі дамытуды қамтиды.
9. Байланыс операторлары өздерінің телекоммуникация желілерін орталықтан басқару орталықтарын ТЖОБ жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етеді.
10. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторларының телекоммуникация желілерін ТЖОБ жүйесіне қосу телекоммуникация желілерінің жұмыс істеуін, орнықтылығын және ақпараттық қауіпсіздігін ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету шараларын көздейтін және байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісілген байланыс операторы мен мемлекеттік техникалық қызмет арасындағы екі жақты келісімдері негізінде жүзеге асырылады.
11. Байланыс операторларының шетелдік байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасауы байланыс операторының халықаралық трафигі ТЖОБ жүйесі арқылы өткен және түйісу нүктелері тіркелген жағдайда жүзеге асырылады.
12. Байланыс операторлары осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес шетелдік байланыс операторларының телекоммуникация желілерімен жұмыс істеп тұрған түйісу нүктелерін тіркеуді қамтамасыз етеді.
13. Түйісу нүктелерін тіркеу үшін байланыс операторлары байланыс саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарлама жолдайды.
14. Байланыс операторлары өздерінің өндірістік пайдалануға жаңадан енгізілетін түйісу нүктелері туралы хабарламаны шетелдік байланыс операторларының телекоммуникация желілерімен физикалық қосылыстың жоспарланған орнатылуына дейін кемінде 30 күнтізбелік күн қалғанда береді.
15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мерзім ішінде мемлекетік техникалық қызмет байланыс операторының қажеттілігіне сай келетін көлемде халықаралық трафикті ТЖОБ жүйесі арқылы өткізу үшін техникалық шарттарды дайындауды және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
16. Мемлекеттік техникалық қызметтің шет елдердің телекоммуникация желілерін басқару орталықтарымен өзара іс-қимыл жасауы байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісілген екіжақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
17. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған және байланыс саласындағы уәкілетті органның немесе байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың атына соттың кез келген байланыс желілері мен құралдарының (үкіметтік байланыстан басқа) қызметін тоқтата тұру туралы шешімдері келіп түскен жағдайда байланыс саласындағы уәкілетті орган оларды орындау үшін дереу мемлекеттік техникалық қызметке жібереді.
18. Желілердің және байланыс құралдарының қызметін тоқтата тұру туралы шешімді алған кезде мемлекеттік техникалық қызмет дереу осы шешімнің орындалуын қамтамасыз етеді және байланыс операторларына оның орындалуын қамтамасыз етудің пайдаланылатын технологиялық параметрлері туралы хабарлайды.
19. Көрсетілген шешімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін байланыс операторы өзінің телекоммуникация желісінің басқару орталығына байланыс саласындағы уәкілетті органның жеке қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
20. Желілердің және байланыс құралдарының қызметін қалпына келтіру соттың немесе байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Байланыс саласындағы уәкілетті орган көрсетілген шешімдерді орындау үшін тез арада мемлекеттік техникалық қызметке жолдайды.
21. Желілердің және байланыс құралдарының қызметін қалпына келтіру туралы шешімді алған кезде мемлекеттік техникалық қызмет дереу осы шешімнің орындалуын қамтамасыз етеді және оның орындалуын қамтамасыз етудің пайдаланылатын технологиялық параметрлері туралы байланыс операторларына хабарлайды.
Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларына 1-қосымша
Мемлекеттік органдардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
7. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
8. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
9. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
11. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
15. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
17. Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі
Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларына 2-қосымша
КІМГЕ: Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті;
Шетелдік байланыс операторларымен түйісуді тіркеуге
ХАБАРЛАМА
__________________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы немесе өтініш берушінің Т.А.Ә.)
кейіннен ____________________________________________________________
__________________________________________________________________
(шетелдік байланыс операторының атауы)
шетелдік байланыс операторымен трафик алмасуды жүзеге асыру үшін
__________________________________________________________________
(түйісудің географиялық координаталары, параметрлері, деректері)
түйісуді тіркеуді жүргізуді сұрайды
_____________________
(қолы, күні)
М.О.
« Әрекеттестiктiң, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда телекоммуникация желiлерiн орталықтандырылған басқарудың бiрыңғай тәртiбiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің « » 2014 жылғы № бұйрығына анықтама – негіздеме
| № р / н | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның анықтамасы |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні берген мемлекеттік орган
| Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйеніп нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлектетік органның құзыреті) | Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабын ың 1) тармақшасының 2 тармағына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттар, уәждері және қайндай мақсатта акт қабылданған) | Ә рекеттестiктiң бiрыңғай тәртiбiн, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ұйымдастыру-техникалық iс-шаралар кешенiн, басқарылатын параметрлердi қалыптастыруды және олардың орындалуын бақылауды қамтитын телекоммуникация желiлерiн орталықтандырылған басқаруды айқында у мақсатында |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға байланысты оларға өзгерістер мен толықтырулар немесе күшін жойған деп тану туралы ұсыныстар дайындау туралы мәлімет | «Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1499 Қаулысы |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акті шығындардың өсуін немесе республикалық немесе жергілікті бюджеттерге түсімдерді қысқартуды қарастыра ма? | Қарастырылмаған |
| 7. | Мүдделі мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық актілерді келісу туралы мәлімет
| Жоқ |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары, интернет-ресурстарды қоса бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мәлімет | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми www.mi d .gov.kz сайты және интранет-порталда орналастырылған |
| 9. | Сараптамалық қорытынды бермеген кәсіпкерлердің тіркелген бірлестіктері тізімі ( жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты актілер үшін ) | Жоқ |
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
Заң департаментінің директоры А. Әлиакпаров

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |