• Мое избранное
«Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлiк жүйенiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны беру қағидаларын бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлiк жүйенiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны беру қағидаларын бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлiк жүйенiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны беру қағидаларын бекiту туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлiк жүйенiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны беру қағидаларын бекітілсін. 
2. Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С. С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды, соның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.К. Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы ___________
№ ___ бұйрығымен бекітілген
Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлiк жүйенiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлiк жүйенiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) енгізу үшін компьютерлiк жүйе (бұдан әрі – КЖ) болып табылатын бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – деректерді электрондық алудың және/немесе беруді, КЖ жұмыс істеуін, оларды қорғау бойынша шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ететін ұйымның қызметкері;
3) ақпараттық жүйені қорғау жөніндегі шаралар кешені – КЖ-нің қауіпсіз жұмыс істеуін, оның ішінде электрондық құралдар мен компьютерлерді рұқсатсыз қол жеткізуден бағдарламалық-аппараттық қорғауға бағытталған, орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпаратқа қол жеткізуді бақылауды қамтамасыз ететін, тіркелген пайдаланушылар өкілеттіктерінің ара жігін ажыратып беретін ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар;
4) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімі – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат берген бақылау-кассалық машиналары моделдерінің тізбесі;
5) бірдейлестіру – ақпараттық жүйеде бар қол жеткізудің берілген деректемелерінің сәйкестігін анықтау жолымен қол жеткізу субъектісінің немесе объектісінің түпнұсқалылығын растау;
6) жауапты тұлға – фискалдық есептер алуды және қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету, сауда операциялары кезінде жүзеге асырылатын, әрі қарай түзету мүмкіндігінсіз ақшалай есептерді белгілейтін, барлық жүргізулерді белгілеу үдерісін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жауапты ұйымның операторы, әкімшісі және өзге де қызметкерлері;
7) Кассирдің АЖО (кассирдің автоматтандырылған жұмыс орны немесе сауда үшін бағдарламалық-аппараттық кешен) – қызмет көрсету пункті персоналына қызметтер мен тауарлар үшін төлем қабылдаған кезде КЖ-да операцияларды тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, КЖ модулі болып табылатын, мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету;
8) КЖ функционалдық көшірмесі – КЖ толық орнату үшін қажетті бағдарламалық құралдар кешені;
9) қызметтер төлемі терминалы – қызметтерге автоматты режимде төлем ретінде қолма-қол ақша қабылдауды жүзеге асыратын, электрондық-механикалық құрылғы;
10) оператор – қорғаудың кіші жүйесін пайдалана отырып, хабарламаларды дайындау, өңдеу, қабылдау және беруді тікелей жүзеге асыратын ұйымның қызметкері;
11) пайдаланушы – ақпараттық жүйеден қажетті электрондық ақпараттық ресурстар алу үшін өтініш білдіретін субъект;
12) пос-терминал – кассир клиенттерден төлемдер қабылдауды жүзеге асыратын жерде орнатылған сауда терминалы (сауда немесе кассирдің АЖО-ға арналған бағдарламалық-аппараттық кешені);
13) сауда автоматы – автоматты режимде қолма-қол ақша арқылы тауарлар сатуды жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;
14) сәйкестендіру – КЖ-де бар сәйкестендірушілер тізбесін сәйкестендірушінің жүйеге және (немесе) жүйе ресурсына қол жеткізу үшін ұсынылған сәйкестікті беру немесе анықтау үдерісі;
15) сәйкестендіруші – жүйенің субъектісіне және (немесе) объектісіне берілген және жүйеге және (немесе) жүйенің ресурстарына қол жеткізуді регламенттеуге арналған бірегей дербес код және (немесе) атау;
16) тіркеу куәлігі – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңымен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін куәландыру орталығы берген қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат;
17) фискалдық деректер – бақылау-касса машиналарының фискалдық жадында белгіленетін ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат;
18) фискалдық есеп – белгілі кезеңде бақылау-кассалық машиналарының фискалдық жадындағы көрсеткіштердің өзгеруі туралы есеп;
19) фискалдық жады – түзелмейтін ауысым сайын тіркеуді және жүргізілген ақшалай есеп айырысулар туралы қорытынды ақпаратты энергияға тәуелді ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені;
20) фискалдық режим – түзелмейтін ауысым сайын тіркеуді және ақпаратты фискалдық жадыда энергияға тәуелді ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз ететін бақылау-аппараттық машиналардың жұмыс істеу режимі;
21) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігі және мазмұнының өзгермегенiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi;
22) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
23) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары – электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшiн пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы.
3. Мемлекеттік тізілімге қосу үшін компьютерлік жүйенің талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру үшін КЖ мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) тауарларды сату және қызметтер көрсету кезінде жүргізілген ақшалай есептер туралы ақпаратты тіркеу үшін қолдану;
2) барлық фискалдық деректерді түзелмейтін ауысым сайынғы тіркеуді қамтамасыз ету;
3) фискалдық деректердің таралу мүмкіндігін жоюды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) фискалдық деректерді энергияға тәуелді ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз ету;
5) фискалдық режимде пайдаланылатын, КЖ модулдеріне (интерфейс, КЖ кіріс нысандары) мемлекеттік және орыс тілдерінде тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;
6) резервтік көшірмелер жасауды, фискалдық деректерді мұрағаттауды, оларды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
7) қол жеткізу құқықтарын бақылаумен, қорғау құралдары бар ақпараттық жүйелерді пайдалануды қамтамасыз ету;