• Мое избранное
«Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Жоба
Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.  
2. Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (Есімханов С.Қ.) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бір өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр  В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2014 жылғы «____» _________
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2014 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін (бұдан әрі – сәуле шығару көздері) есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар ядролық материалдармен және сәуле шығару көздерімен жұмыс iстеу, ядролық материалдар, радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды өндiру, пайдалану, қайта өңдеу, тасымалдау және орналастыру, ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерін экспорттау мен импорттау кезiнде оларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзу, ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерін пайдалана отырып, ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын барлық заңды тұлғаларға қолданылады.  
Ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерін мемлекеттiк есепке алу және бақылау:  
ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерінің бар мөлшерiн, олардың табылған жерлерін дәлме-дәл айқындау;
жоғалуын, рұқсатсыз пайдаланылуын және ұрлануын болдырмау;  
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдарына, халықаралық ұйымдар мен басқа мемлекеттерге ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерінің бар-жоғы және орнын ауыстыру, есептен шығарылуы және көмiлуi, экспорты және импорты туралы жедел ақпарат беру мақсатында жүзеге асырылады.  
Ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылау оларды бастапқы өндіру кезеңінен бастап және түпкілікті көмгенге дейін, сондай-ақ олар жоғалған жағдайда оларды бақылауды қалпына келтіру арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік есепке алуға және бақылауға:  
құрамында уран-235, уран-233, плутоний мен торий изотоптары бар ядролық материалдар;  
радиациялық сипаттамалары алу деңгейiнен асатын, оның ішінде құралдардың (бұйымдардың, қондырғылардың) құрамына кіретін иондаушы сәуле шығару көздерi жатады.
Құрамында уран, торий және плутоний изотоптары бар, оның ішінде радиоизотопты құралдар құрамына кіретін сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау тәртібі сәуле шығару көздерін есепке алу тәртібі ретінде де, ядролық материалдарды есепке алу тәртібі ретінде де айқындалады;
өрт сигнализациясының датчиктеріндегі радионуклидті көздер, радиофармацевтикалық препараттар, иммунологиялық талдауға арналған жинақтар, медициналық мақсаттағы радиоизотоптық генераторлар, радионуклидтермен белгiленген қосылыстар, сондай-ақ 125-йодты қоса алғанда, жартылай ыдырау кезеңi 60 (алпыс) тәулiкке дейiнгi тіршілігі қысқа радионуклидтер негiзіндегi радиоизотоптық препараттар мен ерiтінділер оларды пайдаланатын ұйымдарда ғана есепке алынады.  
Мұндай сәуле шығару көздерінің жалпы саны және жиынтық белсенділігі  туралы мәліметтер уәкілетті органға жыл сайынғы түгендеу нәтижесі бойынша беріледі.
Осы Қағидаларда  мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
кіруді бақылау құралдары – ядролық материалды рұқсатсыз алып қоюды, пайдалануды, орнын ауыстыруды, кіру аймағына енуді анықтауға арналған техникалық құралдар (қадағалау жүйесі  мен араласуды индикациялау құрылғылары);
есепке алу құжаттары – ядролық материалды және/немесе сәуле шығару көздерін өлшеу, бар-жоғы, саны, құрамы, орналасқан орны мен жай-күйінің нәтижелері туралы деректерді, сондай-ақ оларды нақтылау мен түзету туралы мәліметтерді қамтитын ұйымның қызмет түріне байланысты құжаттар;
есеп беру құжаттары – түгендеу санының өзгергені туралы есеп және материалдық-теңгерімдік есеп;
физикалық түгендеу – материалдық теңгерім аймағындағы ядролық материалдың нақты саны мен жай-күйін тексеру;
қондырғы – реактор, сындарлы құрастырма, конверсиялау жөніндегі зауыт, шығарушы зауыт, қайта өңдейтiн қондырғы, изотоптарды бөлуге арналған зауыт, әдетте бiр тиiмдi килограмнан артық мөлшерде ядролық материал пайдаланылатын жеке қойма немесе кез келген болу орны;  
қондырғының құрылымы туралы ақпарат – әрбір қондырғының сипаттамасы бойынша ақпарат (мақсаты, номиналды қуаты және географиялық орналасуы, атауы және мекенжайы, олар әдеттегі іскерлік мақсаттар үшін пайдаланылады), қондырғыны орналастыру сипаттамасы (ядролық материалдың нысаны, орналасқан орны және ағыны, ядролық материал пайдаланылатын, өндірілетін және өңделетін жабдықты жинақтау), ядролық материалдарды есепке алу және бақылау бойынша қолданылатын рәсімдер туралы ақпарат;  
қондырғыдан тыс болу орны – әдетте ядролық материал пайдаланылатын кез келген объекті немесе қондырғыдан тыс кез келген болу орны;  
материалдардың теңгерім аймағы (теңгерім аймағы) – ядролық материалды теңгерім аймағына немесе одан әрбір орнын ауыстыру кезіндегі саны айқындалатын және ядролық материалдың қолда бар саны айқындалатын қондырғыдағы немесе одан тыс аймақ;  
материалдық-теңгерімдік есеп – ядролық материалдың бастапқы және соңғы тіркелген санын, ядролық материал санының есепті кезең ішінде ұлғаюын/азаюын, материалдың теңгерім аймағындағы ядролық материалдың соңғы нақты қолда бар саны мен санын түгендеу айырмашылығын қамтитын есеп;  
материал партиясы (партия) – негізгі өлшем нүктесінде құрамы мен саны ерекшеліктің немесе өлшемнің бірыңғай кешенімен айқындалатын есепке алу мақсаты үшін өлшем бірлігі ретінде пайдаланылатын ядролық материалдың бір бөлігі;  
негізгі өлшем нүктесі (өлшем нүктесі) – материалдың ағынын немесе түгендеу санын айқындау үшін ядролық материалды өлшеуге болатындай нысанда болатын жер;
түгендеу саны – қондырғыдағы немесе қондырғыдан тыс болу орнындағы ядролық материалдың саны;
түгендеу санының өзгеруі туралы есеп – ядролық материалдың түгендеу санындағы барлық өзгерістер туралы мәліметтерді қамтитын есеп;
ядролық материалдың нақты қолда бар санының тізімі – физикалық түгендеу нәтижесінде айқындалған ядролық материалдың әрбір бірліктегі немесе партиядағы саны көрсетілген ядролық материалдың есептік бірліктерінің және/немесе партияларының тізбесі.  
Ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерінің құрылымы
Ядролық материалдар мен сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелері екі деңгейде: уәкілетті орган деңгейінде және өз қызметінде ядролық материалдарды және (немесе) сәуле шығару көздерін пайдаланатын ұйымдар деңгейінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган: