• Мое избранное
«Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін бекіту туралы
«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламенті бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (Есімханов С.Қ.) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр  В. Школьник
 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрi

Е. Досаев ______________

2014 жылғы «____» _________



«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрi

Ә . Исекешев ______________

2014 жылғы «____» _________



Қазақстан Республикасының
 Энергетика министрінің
20___ жылғы «__»_________
№ __ бұйрығымен бекітілген
«Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) атом станцияларының (бұдан әрі - AC) ядролық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламенттің талаптары қолданылатын жабдықтар мен құбыржолдар мынадай қауіпсіздік сыныптарына жатады:
1) 1-қауіпсіздік сыныбы. 1-қауіпсіздік сыныбына істен шығуы персоналды және (немесе) халықты сәуле алуға, радиоактивті заттардың шығарындысының (тастандысының) қоршаған ортаға жобадағы авариялар үшін белгіленген шектен артық шығуына әкеліп соғатын жобадан тыс авариялардың бастапқы оқиғалары болуы мүмкін элементтер жатады;
2) 2-қауіпсіздік сыныбы. 2-қауіпсіздік сыныбына істен шығуы жобадағы аварияларға әкеп соғатын бастапқы оқиға болуы мүмкін элементтер жатады;
3) 3-қауіпсіздік сыныбы. 3-қауіпсіздік сыныбына 1 және 2-сыныптарға жатқызылмаған элементтер; істен шыққан жағдайларда құрамындағы радиоактивті және (немесе) улы заттар үй-жайларға және (немесе) қоршаған ортаға түсуі, нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленген деңгейден асып түсуі мүмкін элементтер; персоналды және халықты радиациялық қорғауды қамтамасыз етуді бақылау функцияларын орындайтын элементтер жатады.
3. Жабдықтар мен құбыржолдардың нақты номенклатурасын олардың қауіпсіздік сыныптарына тиесілілігін көрсете отырып, АС-ты әзірлеушілер жоба сатысында белгілейді.
4. Құрамына әртүрлі топтардың бұйымдары (бөлшектері, құрастыру бірліктері) кіретін жабдық пен құбыржолдар талаптары анағұрлым жоғары топқа жатады.
5. АС-ты қалыпты пайдалану жағдайында, авариялар кезінде және аварияның зардаптарын жою кезінде персонал, халық және қоршаған орта үшін радиациялық-қауіпті факторлар сыртқы гамма, бета, нейтрондық сәулелер, радиоактивті газдар мен аэротозаңдардың ағзаға тыныс жолдары арқылы түсуі, радиоактивті заттармен ластанған үй-жайлардың, өндірістік жабдықтар мен құралдардың, орамалардың, арнайы киімнің және қосымша жеке қорғаныс құралдарының үстіңгі қабаттары, сондай-ақ АС-ты пайдалану кезінде пайда болатын газ тәрізді, сұйық және қатты радиоактивті қалдықтар болып табылады.
6. Ядролық отын мен оның бөлшек өнімдері, жылу тасушының, конструкцияның және реактор бөлшектерінің, олардың тоттанған өнімдерінің реттелген белсенділігі, белсенді аймақта сәулеге ұшыраған материалдар мен үлгілер, үй-жайлардың, өндірістік құрал-жабдықтардың, орамалардың, арнайы киімдер мен қосымша жеке қорғаныс құралдарының радиоактивті заттармен былғанған үстіңгі қабаттары әртүрлі энергиялардың гамма, бета сәуле шығарғыштарының сыртқы сәулелену көздері болып табылады.
7. Реактордың белсенді аймағы нейтрондық сәуле шығару кезі болып табылады. Бұл ретте шапшаң нейтрондардан бастап жылулық нейтрондарға дейінгі бүкіл спектр іске асырылады. Реактор жұмыс істеп тұрған кезде реактор залының үй-жайында және нейтрон шоқтарын қорғаудан шығару кезінде эксперименттік арналарға жақын жерлерде нейтрондардың әсері болуы мүмкін. Тоқтатылған реакторда іске қосу көздері, сондай-ақ олардың технологиялық жабдықты тексеру және жөндеу кезінде бұзылған жағдайындағы трансурандық изотоптары бар ампулалар нейтрон көздері болуы мүмкін.
8. Ядролық отын, активтендірілген жылу тасушы, технологиялық нұсқаларда орналастырылатын сәуле шығаратын материалдар радиоактивті аэрозол көздері болып табылады.
9. Радиоактивті газдардың көздері мыналар:
1) реактор жүйелерінің конструктивті қуыстарын толтыратын, немесе технологиялық мақсаттар үшін пайдаланылатын газдарда, сұйықтарда және жылу тасушыларда қоспа ретінде кездесетін ауадағы, 40-аргон сәулелену кезінде түзілетін аргон-41;
2) ксенон, криптон, йод және т.б. сияқты бөлінудің жарықшақ газ тәріздес және жеңіл ұшып кететін өнімдері. Конструкциялардың тұмшалануы бұзылған кезде немесе технологиялық желдеткіш жүйесінің жеткіліксіз тиімді жұмыс істеуі кезінде олардың жұмыс аймағының ауасына бөліну көзі ретінде реактордың белсенді аймағы, жылу тасушының контуры және газ жүйелері қызмет етеді;
3) жылу тасушыны және кідірткішті белсендіру өнімдері.
2. Терминдер мен анықтамалар, белгілер мен қысқартулар
10. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және атом энергиясын пайдалану саласындағызаңнамасына сәйкес терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер қолданылады:
1) авария - радиоактивті өнімдердің және (немесе) иондаушы сәулелердің қауіпсіз пайдаланудың белгіленген шегінен асатын мөлшерде қалыпты пайдалану үшін жобада көзделген шекарадан шығуы байқалған AC пайдаланудың бұзылуы;
2) авариялық жағдай - АС-тың қауіпсіз пайдалану шектерінің және (немесе) жағдайларының аварияға ұласпаған бұзылуымен сипатталатын жағдайы;
3) AC әкімшілігі - АС-ты пайдалану құқықтары, міндеттері берілген және жауаптылығы жүктелген басшылар мен басқада лауазымды тұлғалар;
4) AC қатаң режим аймағы - персоналға сыртқы сәулеленудің әсер етуі, әуе кеңістігінің радиоактивті газдармен және аэротозаңмен ластануы, құрылыс конструкцияларының және жабдықтардың үстіңгі қабаттарының радиоактивті заттармен ластануы мүмкін үй-жай, ғимарат немесе құрылыс;
5) АС-тың еркін режим аймағы - персоналға иондаушы сәуленің әсері іс жүзінде болмайтын және дербес дозиметрлік бақылауды жүзеге асыру талап етілмейтін үй-жай, ғимарат;
6) атом станциясы (AC) - берілген қолдану режимдері мен жағдайларында энергия (электр және/немесе жылу) өндіруге арналған және жобада айқындалған аумақтың шегінде орналасқан ядролық қондырғы, онда осы мақсатты жүзеге асыру үшін ядролық реактор (реакторлар) және қажетті персоналмен бірге қажетті жүйелер, құрылғылар, жабдықтар мен құрылыстар кешені пайдаланылады;
7) атом станциясының (бұдан әрі - AC) блогы - жобада айқындалған көлемде AC функциясын орындайтын АС-тың бір бөлігі;
8) атқарушы тетік - ядролық реактордың реактивтілігіне әсер ету органының жағдайын өзгертуге арналған және жетек пен жалғастырып тұратын буыннан тұратын құрылғы;
9) жабдық - ыдыстар, сорғылардың корпустары және арматура;
10) жобадан тыс авария - жобалық аварияларда ескерілмейтін бастапқы оқиғалардан туындаған немесе жобалық авариялармен салыстырғанда жекелеген істен шығудан тысқары қауіпсіздік жүйелерінің қосымша істен шығуларымен, персоналдың қате шешімдерінің іске асырылуымен бірге жүретін авария;
11) жобалық авария - жобада ол үшін бастапқы оқиғалар мен түпкілікті жағдайлар айқындалған және қауіпсіздік жүйелерінің жекелеген істен шығу принципін немесе персоналдың бастапқы оқиғаларға қатысы жоқ жалғыз қателігін ескере отырып, осындай авариялар үшін белгіленген шекте оның зардаптарын шектейтін қауіпсіздік жүйелері көзделген авария;
12) жұмысқа қабілеттілік - жабдықтардың, құбыржолдардың ұйғарылған пайдалану шектері мен жағдайларында белгіленген уақыт кезеңінің ішінде белгіленген функцияларды қанағаттанарлық орындауға қабілеттілігі;
13) нақты іске қосу - реакторды ядролық отынмен толтыруды, реактордың сыни жағдайға жетуін және реактордан бөлінетін жылу табиғи жылу ысырабының (шашыраудың) есебінен жүзеге асырылатын қуат деңгейінде қажетті физикалық эксперименттерді орындауды қамтитын ядролық реакторды пайдалануға беру кезеңі;
14) конфигурация тәуекелін басқару - пайдалану конфигурациясы, жөндеу жұмыстары мен кезеңдік бақылау сынақтарын мұқият теңгерімдеу арқылы тәуекелді барынша азайту мақсатында жүйелер мен жабдықтардың конфигурациясын нақты уақытта басқару түжырымдамасы;
15) реактивтілікке әсер ету органы - қатты толтырғышы бар, жағдайдың өзгеруімен ядролық реактордың реактивтілігін өзгерту қамтамасыз өтілетін элементтер түріндегі құрылғы;
16) реакторлық қондырғы - реакторды және онымен тікелей байланысты оны қалыпты пайдалану және қауіпсіз жағдайда ұстау үшін қажет жүйелерді қамтитын ядролық энергияны жылу энергиясына айналдыруға арналған АС-тың жүйелер мен элементтер кешені;
17) энергетикалық іске қосу - атом станциясын пайдалануға беру кезеңі, бұл кезде AC жобаға сәйкес энергия өндіре бастайды және өнеркәсіптік пайдалану үшін белгіленген деңгейге дейінгі қуат деңгейлерінде AC жұмысын тексеру жүзеге асырылады.