Toggle Dropdown
«Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
«Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін бекіту туралы
«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (Есімханов С.Қ.) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрi Е. Досаев ______________ 2014 жылғы «____» _________
| «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрi Ә . Исекешев ______________ 2014 жылғы «____» _________ |
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
20___ жылғы «__»_________
№___ бұйрығымен бекітілген
«Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламенті
1. Осы «Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) ядролық зерттеу реакторлары (бұдан әрі - ЗР), сындарлы құрастырмалары (бұдан әрі - СҚ) және сындарлы алды құрастырмалары (бұдан әрі - САҚ) бар ядролық зерттеу қондырғыларының олардың тіршілік циклінің барлық кезеңіндегі ядролық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Ядролық зерттеу қондырғыларын (бұдан әрі - ЯЗҚ) қалыпты пайдалану жағдайларында, авария кезінде және авариялардың зардаптарын жою кезінде персонал, халық және қоршаған орта үшін радиациялық қауіпті факторлар сыртқы гамма, бета, нейтрондық сәулелену, ағзаға радиоактивті газдар мен аэрозольдардың дем алу арқылы түсуі, үй-жайлардың, өндірістік жабдық пен құралдардың, орамалардың, арнайы киім-кешек пен қосымша жеке қорғаныш құралдарының радиоактивті заттармен ластанған үстіңгі қабаттары, сондай-ақ ЯЗҚ пайдалану кезінде пайда болатын сұйық және қатты радиоактивті қалдықтар болып табылады.
3. Әр түрлі энергиялардың гамма, бета сәуле шығарғыштарының сыртқы сәулелену көздері ядролық отын мен оның бөлшек өнімдері, жылу тасушының, реактор конструкциялары мен бөлшектерінің, олардың тоттанған өнімдерінің нысаналы белсенділігі, белсенді аймақта сәуле алған материалдар мен үлгілердің, үй-жайлардың, өндірістік жабдықтар мен құралдардың, орамалардың, арнайы киім-кешек пен қосымша жеке қорғаныш құралдарының радиоактивті заттармен (бұдан әрі - РЗ) ластанған үстіңгі қабаттары болып табылады.
4. Реактордың белсенді аймағы нейтрондық сәуле шығару көзі болып табылады. Бұл ретте шапшаң нейтрондардан бастап жылу нейтрондарына дейінгі бүкіл спектр іске асырылады. Реактор жұмыс істеп тұрған кезде реактор залының үй-жайында және нейтрон шоқтарын жақтаудан шығару кезінде эксперименттік арналарға жақын жерлерде нейтрондардың әсері болуы мүмкін. Тоқтатылған реакторда іске қосу көздері, сондай-ақ олардың технологиялық жабдықты ревизиялау және жөндеу кезінде бұзылған жағдайындағы трансурандық изотоптар ампулалары нейтрон көздері болуы мүмкін.
5. Радиоактивті аэрозольдердің көздері ядролық отын, активтендірілген жылу тасушы, технологиялық контурларда орналастырылатын сәулеленген материалдар болып табылады.
6. Радиоактивті газдардың көздері мыналар:
1) реактор жүйелерінің конструктивті қуыстарын толтыратын немесе технологиялық мақсаттар үшін пайдаланылатын газдарда, сұйықтарда және жылу тасушыларда қоспа ретінде кездесетін ауадағы 40-аргонды сәулелендіру кезінде түзілетін 41-аргон;
2) ксенон, криптон, йод және т.б. сияқты бөлінудің жарықшақ газ тәріздес және жеңіл ұшып кететін өнімдері. Конструкциялардың саңылаусыздығы бұзылған кезде немесе технологиялық желдеткіш жүйесінің тиімді жұмыс істеуі жеткіліксіз болған кезде реактордың белсенді аймағы, жылу тасушының контуры және газ жүйелері олардың жұмыс аймағының ауасына бөліну көзі ретінде қызмет етеді;
3) жылу тасушыны және кідірткішті белсендіру өнімдері.
2. Терминдер және анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар
7. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер қолданылады:
1) басқару және қорғау жүйесі - қалыпты пайдалану функциясы мен қауіпсіздік жүйесі (бұдан әрі - ҚЖ) функциясын бірге атқаратын және бақылау мен басқару жүйелерінің элементтерінен, қорғайтын, басқаратын және қамтамасыз ететін қауіпсіздік жүйелерінен тұратын бөлінудің тізбекті реакциясын қауіпсіз ұстап тұруды және тоқтатуды қамтамасыз етуге арналған жүйе;
2) басқару және қорғау жүйесінің (бұдан әрі - БҚЖ) жұмыс органы - оның белсенді аймақтағы немесе ЯЗҚ шағылыстырғышындағы жағдайын немесе жай-күйін өзгерту арқылы реактивтілікті өзгертуді қамтамасыз ететін құрылғы;
3) ЗР-дың бірінші контуры - гетерогендік ЗР-дың белсенді аймағындағы арналар (қуыстар), белсенді аймақты немесе гомогендік ЗР-дың корпусын ядролық материалдардың (бұдан әрі - ЯМ) ерітіндісімен салқындатуға арналған жылу тасушыны ұстап тұратын құбыржолдары мен жылу алмастырғыштар кешені (жиыны) және ЯМ ерітіндісі айналып тұратын құбыржолдары;
4) ЗР-ды энергетикалық қосу - температура мен қуаттың ЗР-дың нейтрондық-физикалық сипаттамаларына әсерін эксперименттік зерттеуді, ЗР-дың қуатпен жұмыс істеу кезіндегі радиациялық жағдайды зерттеуді және ЗР-ды жобада белгіленген атаулы параметрлерге шығаруды қамтитын ЗР-ды пайдалануға беру кезеңі;
5) сындарлы алды құрастырма (САҚ) - құрамы мен геометриясы нейтрондардың сыртқы көздері жоқ бөлінуінің тізбекті реакциясының сөнуін қамтамасыз ететін нейтрондарды көбейтетін ортаның сипаттамалары мен параметрлерін эксперименттік зерттеуге арналған құрылғы;
6) сындарлы алды стенді - құрамында сындарлы алды құрастырма пайдаланылатын ЯЗҚ;
7) сындарлы құрастырма (СҚ) - құрамы мен геометриясы мәжбүрлі салқындатуды талап етпейтін қуатта пайдаланылатын бөлінудің басқарылатын ядролық реакциясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нейтрондарды көбейтетін ортаның сипаттамалары мен параметрлерін эксперименттік зерттеуге арналған құрылғысы;
8) сындарлы стенд - құрамында сындарлы құрастырма пайдаланылатын ЯЗҚ;
9) сыртқы нейтрондар көзі - сындарлы жағдайдағы ЯЗҚ-тың белсенді аймағындағы нейтрондар ағынын бақылауды жақсартуға арналған, ЯЗҚ-ны пайдалану кезінде белсенді аймаққа кезеңдік орналастырылатын (белсенді аймақтан шығарылатын), іске қосу және қуатпен жұмыс істеу режимінде нейтрондар шығаратын құрылғы;
10) тоқтату жүйесі - бөлінудің ядролық тізбекті реакциясын тез тоқтатуға және реактивтілікке әсер ету құралдарының көмегімен ЯЗҚ-ны сындарлы алды жағдайында ұстап тұруға арналған жүйе;
11) түпкілікті тоқтату режимі - ЯЗҚ-тың белсенді аймағынан ЯМ-ды түсіруді қамтитын, ЯЗҚ-ны пайдаланудан шығаруға дайындық жүргізілетін ЯЗҚ-ны пайдалану режимі;
12) уақытша тоқтату режимі - ЯЗҚ-да ЯЗҚ-ға техникалық қызмет көрсету және эксперименттік зерттеулерді дайындау жөніндегі жұмыстарды немесе ЯЗҚ-да эксперименттік зерттеулер жүргізу жоспарланбайтын уақыт ішінде жекелеген жүйелер мен жабдықтарды консервациялау және ЯЗҚ-тың жұмысқа қабілеттілігін қолдау жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қамтитын немесе жүргізетін ЯЗҚ-ны пайдалану режимі;
13) іске қосу режимі және қуатпен жұмыс істеу - ЯЗҚ-ны БҚЖ жұмыс органының (бұдан әрі - ЖО) және (немесе) нейтрондардың сыртқы көздерінің көмегімен ЯЗҚ-ны қуатқа шығаруды және нейтрондар мен иондаушы сәулеленуді пайдалана отырып, ЯЗҚ-га эксперименттік зерттеулер жүргізуді білдіретін ЯЗҚ-ны пайдалану режимі;
14) эксперименттік ілмек (контур) - эксперименттік зерттеулерге арналған бір немесе бірнеше арнаны қамтитын ЗР-дың дербес айналмалы контуры;
15) эксперименттік құрылғы - эксперименттік зерттеулер жүргізуге арналған аспап, құрылғы, құрал;
16) ядролық зерттеу қондырғысы (ЯЗҚ) - құрамында ЗР немесе СҚ немесе САҚ пайдаланылатын ядролық қондырғы және зерттеу мақсаттарында пайдалану үшін жобада белгіленген аумақта (ЯЗҚ алаңында) орналасатын үй-жайлар, жүйелер, элементтер мен эксперименттік құрылғылар кешені;
17) ядролық зерттеу реакторы - эксперименттік зерттеулерге арналған құрылғы, оның құрамы мен геометриясы ең алдымен зерттеу және басқа мақсаттарда нейтрондар мен иондаушы сәулелену және пайдалануға арналған мәжбүрлі салқындатуды талап ететін қуатта пайдаланылатын бөлінудің басқарылатын ядролық реакциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
18) ЯЗҚ-тың белсенді аймағы - бөлінудің тізбекті реакциясын қолдауға қажетті ядролық отын (ядролық материалдар) және басқа да элементтер орналастырылған ЗР-дың, СҚ-ның немесе САҚ-тың бір бөлігі. ЯЗҚ-тың белсенді аймағының құрамында кідірткіш, жылу тасушы, реактивтілікке әсер ететін құралдар, эксперименттік құрылғылар болуы мүмкін;
19) ЯЗҚ-тағы ядролық қауіпті жұмыстар - реактивтіліктің, мысалы, белсенді аймақтың геометриясы мен құрамының өзгеруіне, эксперименттік құрылғының ауыстырылуына байланысты бақылаусыз өзгеруіне соқтыруы мүмкін жұмыстар.
20) ЯЗҚ-ты нақты іске қосу - белсенді аймаққа ядролық отынды (ЯО) жүктеуді және ЯЗҚ-тың нейтрондық-физикалық сипаттамасын эксперименттік анықтауды қамтитын ЯЗҚ-ты пайдалануға беру кезеңі;
21) ЯЗҚ-ны тоқтату - ЗР мен СҚ-ны сындарлы алды жағдайына келтіру және САҚ-тан сыртқы нейтрондар көзін алып тастау.
3. Қазақстан Республикасының нарығында жұмыс істеу шарттары
8. Ядролық және радиациялық қауіпсіздік талаптарын, осы Техникалық регламентте және атом энергиясын қолдану саласындағы басқа да техникалық регламенттер мен өзге де техникалық регламенттерде белгіленген өлшемдерді қанағаттандыратын ЯЗҚ Қазақстан Республикасының нарығында жұмыс істей алады.