• Мое избранное
«Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін және Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлерді қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, облыстық (аудандық) маңызы бар аудандар мен қалаларға берілетін кодтар тізімін бекiту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін және Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлерді қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, облыстық (аудандық) маңызы бар аудандар мен қалаларға берілетін кодтар тізімін бекiту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін және Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлерді қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, облыстық (аудандық) маңызы бар аудандар мен қалаларға берілетін кодтар тізімін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 16-3) тармақшасына және 155-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесі;
2) Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлерді қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, облыстық (аудандық) маңызы бар аудандар мен қалаларға берілетін кодтар тізімібекітілсін.
2.Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңмен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2).осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігініңинтернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3..Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің Бірінші орынбасары К.А. Ускенбаевқа жүктелсін.
4..Аталған бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.  
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2014 жылғы _____________
 № _____ бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудiң ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Жер кодексiне  сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу, жердi сандық және сапалық есепке алу мен жердi бағалау, тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу, мемлекеттік жер кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын пайдалану тәртібін белгiлейдi.  
2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастры (бұдан әрi - кадастр) мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - кадастр жүргізетін кәсіпорын) жүзеге асырады.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге технологиялық байланысты қызметке:
1) жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгілеу;
2) жер пайдалануды қалыптастыру жөніндегі жобаларды, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын жасау, мемлекет меншігіндегі жер қатарынан жер учаскелерін беру кезінде жергілікті жерде олардың шекараларын белгілеу;
3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылықішілік жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жатады.
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Тұйық шекарада бөлiп шығарылған, белгiленген тәртiппен жер құқығы қатынастары субъектiлерiне бекітілген жер учаскесi кадастрдың деректерiн есепке алу мен оларды сақтау бiрлiгi болып табылады. Кадастрда әрбiр жер учаскесi үшiн оны кеңiстiкте бiр мәндi бөлуге, мөлшерiн және орналасқан жерiн айқындауға мүмкiндiк беретiн сәйкестендіру сипаттамалар, сондай-ақ учаскенiң кадастрлық бағалау құны белгiленедi.  
4. Кадастрдың құрамына жер учаскесiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар туралы ақпарат кiредi.  
5. Жер учаскесi туралы мәлiметтер осы учаскеге бекітілiп берiлген нөмiрi, орналасқан жерi, шекарасы және мәтіндiк сипаттамасы көрсетiлетiн жер-кадастрлық карталармен ара қатынаста болады.  
6. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингі жөніндегі жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесіне сәйкестендіретін құжат дайындаумен қамтамасыз етіледі.
   7. Деректердi жинақтау жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi, жеке немесе заңды тұлғалардың - жер учаскесiне құқық субъектiлерiнiң атауы, атқарушы органдардың кесiмдерi мен өзге де заңнамада көзделген құжаттар, жер учаскесiнiң орналасқан орны мен мөлшерi, кадастрлық (бағалау) құны, жер учаскесіне құқығы, мақсатты тағайындауы, бөлiнетiндiгi және бөлiнбейтiндiгi, жер учаскесiне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар белгiлеген оны пайдалану жөніндегі шектеулер туралы ақпараттар тiркелетiн және caқталатын республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті аудандарының    (облыстық маңызы бар қалалардың) деңгейiнде жүргiзіледi.  
Көрсетілген деректер аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қала астана және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша өзара салыстыруға мүмкiндiк беретiн меншiк нысандары, жер санаттары бойынша жүйелендiріледi.
2. Кадастрды жүргiзудiң тәртiбі
8. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Кадастрды жүргізу бірыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады және ол жер учаскелері туралы мәліметтерді жинау, құжаттау, жинақтау, өңдеу, есеп жүргізу және сақтау жөніндегі дәйекті іс-қимыл болып табылады.
9. Жер учаскелерiнiң желiлiк және алаңдық сипаттамаларын бейнелеу және өзгерістер енгізу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiстi жер-кадастрлық карталар Кадастрдың картографиялық негiзi болып табылады.  
Жер-кадастрлық карталардың масштабы есепке алу бірлігінің мөлшеріне және Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне байланысты таңдалады.  
Кадастрды автоматтандырылған жүргiзу кезiнде картографиялық негiз геоақпараттық технологияларды қолданумен және қағаз жеткiзгiштермен көшiрмелерiн дайындаумен электрондық карта түрiнде қалыптастырылады.  
10. Жер учаскелерi туралы ақпарат учаскелер мен жер алқаптарының шекарасы мен алаңдары өзгерген кезде жүйелi түрде жаңартылады.  
11. Жер учаскесi, егер оның белгiленген шекарасы болса және оған жер-кадастрлық iс жүргiзілсе, түпкiлiктi қалыптастырылған болып саналады. Жер-кадастрлық iс - жер учаскесiнiң қалыптасуы туралы iс, оған жер учаскесi туралы құжаттар кiргiзiледi.  
11-1. Мемлекеттiк меншiктегi жерлерден берiлетiн жер учаскелерiне жер-кадастр iстерiн кадастрды жүргiзетiн мемлекеттiк кәсiпорындар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң шешiмдерi, Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiткен жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жүргiзедi.
12. Жеке және заңды тұлғаларға иелік ету не пайдалану құқығымен бұрын берілген жер учаскелерін жеке меншікке немесе пайдалануға беруді алғашқы ресімдеу кезінде жер-кадастрлық істер олардың жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша кадастрды жүргізетін кәсіпорындарға берілетін өтініштерінің негізінде жүргізіледі.
Өтінішке жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар, ал олар болмаған кезде - бұл учаскені берген атқарушы органның шешімімен учаске шекарасының сызбасы (схемасы) қоса беріледі.
Жеке және заңды тұлғаларға иелік ету не пайдалану құқығымен бұрын берілген жер учаскелері бойынша кадастрды жүргізетін кәсіпорындар жер учаскелерін жергілікті жерде зерттеуді жүзеге асырады. Олардың шекаралары, алаңдары және мақсатты тағайындауы өзгергені анықталған жағдайда, бұл өзгерістер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкімінің олардың Қазақстан Республикасының Жер кодексінде  белгіленген құзыретіне сәйкес қайта бекітуіне жатады немесе мүдделі тараптар арасында жасалатын шартта көрсетіледі.
13. Азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі жерден учаске құру бөлінетін жер учаскесінің бөлігімен мәміле жасалған кезде жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына берілетін олардың бөлінетін жер учаскесін бөлу туралы өтініштері негізінде жүргізіледі.
Өтінішке жер учаскесіне жеке меншік құқығы туралы құжаттар қоса беріледі.
Бөлудің нәтижесінде пайда болған жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексінде  белгіленген құзыретіне сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекіткен жер учаскесін бөлу туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар негізінде жаңа жер-кадастр ісі жүргізіледі, ал бөлінетін жер учаскесіне бұрын жүргізілген жер-кадастр ісі кадастрды жүргізетін кәсіпорынның мұрағатында сақталады.
Бөлу нәтижесінде қалыптасқан жер учаскелеріне кадастрды жүргізетін кәсіпорын жаңа сәйкестендіру құжаттарын дайындайды және береді.
13-1. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыру нәтижесінде не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша жер учаскесіне құқықтары ауысқан жағдайда сәйкестендіру құжаты оны алушыға немесе басқа құқық иесіне беріледі.  
Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, Кадастрды жүргізетін мамандандырылған кәсіпорын жаңа сәйкестендіру құжатын бермейді, ал жаңа құқық иеленуші туралы жазба жер-кадастрлық кітапқа және жерлердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Жер учаскесінің есептік деректеріне жер учаскесіне меншік құқығының немесе жер пайдалану құқығының ауысуы туралы мәліметтерді енгізу оларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негізінде жүргізіледі.
Осы жер учаскесін кадастрлық есепке қойғаны туралы (жаңа құқық иесі туралы мәліметтермен бірге) кадастрды жүргізетін кәсіпорын екі апта мерзімде жер учаскесі орналасқан жердегі республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органына хабарлайды.
13-2. Жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға бұрын өзіне жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алған жағдайда жаңа жер-кадастрлық іс жүргізілмейді.
Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы беретін жер учаскесін сатып алу-сату туралы жасалған шартының болуы, оның сатып алу бағасы төлемінің жүргізілгені, сондай-ақ жер учаскесін бөліп-бөліп төлеу тәртібімен сатқан кезде мәміле жасасуға тыйым салынуы (кепілге беруді қоспағанда) туралы анықтаманың негізінде кадастрды жүргізетін кәсіпорын жер учаскесіне жаңа сәйкестендіру құжатын дайындайды және береді.
14. Азаматтардың және заңды тұлғалардың меншiгіндегі немесе пайдалануындағы жерден мемлекеттік мұқтаждықтар үшiн жер учаскесiн қалыптастыру кезiнде оған жүргiзiлген жер-кадастрлық iске жаңа учаскенi құру үшiн негiз болып табылатын жер учаскесiн мемлекеттік қажеттiктер үшiн алу туралы атқарушы органның шешiмi не соттың шешiмi, сондай-ақ жоспар (шекара сызбасы) және басқа құжаттар кiргiзіледi.  
15. Мемлекеттік мұқтаждар үшiн жасалатын жер учаскесінің бір бөлігін алып қою жағдайында жаңа жер-кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Жер учаскесiн қайта ұйымдастыру процесiмен бiрге жүретiн барлық құжаттар осы учаскеге бұрын жүргiзілген жер-кадастрлық iске кiргiзiледi.  
15-1. Бірнеше жер учаскелері бірге қосылған кезде жаңа кадастрлық ісі ашылады, оған осы учаскелерге бұрын жүргізілген кадастрлық істер жинақталады. Біріктіру нәтижесінде құрылған жер учаскесіне жаңа сәйкестендіру құжаты дайындалады.
16. Азаматтар мен заңды тұлғалардан ерiксiз алуға не тәркiлеуге жататын жер учаскесiнiң жер-кадастрлық iсiне сот-атқарушылық iс жүргiзу құжаттары кiргiзiледi.  
17. Қалыптастырылған жер-кадастрлық iс жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтабына жазу және бірыңғай мемлекеттік жер тізіліміне жер учаскесі туралы мәліметтерді енгізу үшiн негiз болады.  
Бірыңғай мемлекеттік жер тізілімі құқықтық, сәйкестендіру, экономикалық және басқа да сипаттамаларды қамтитын Кадастр құрамындағы жер учаскелерін есепке алудың қорытынды құжаты болып табылады.
18. Жер-кадастрлық кiтабы жер учаскелерi есепке алынатын, жердiң кеңiстiк, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы анық мәлiметтер қамтылатын құжат болып табылады.  
19. Жердiң жер-кадастрлық картасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерiн, мөлшерлерiн және шекараларын көрнектi кескiндеу, бiрiктiру және бөлу кезіндегі олардың өзгерістерiн есепке алу мақсатында құрылады және жүргiзіледi. Кадастр және жер учаскелерiн есепке алу үшiн жер-кадастрлық карталар жүргiзу осы Ереженiң 39  және 41-42-тармақтарында  көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.  
20. Кадастр қағаз жеткiзгiшпен жүргiзіледi және ақпараттарды жинақтаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйелерiн пайдалана отырып жүргiзілуi мүмкiн.  
21. Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерi жұмыс iстеу тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердiң базасында құрылады.  
22. Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:  
барлық деректемелердi (оларды шығарушы органның, мекеменiң, ұйымның атауын, күнiн, құжаттың нөмiрiн, мекен-жайын (құжатты алушыны) көрсету) толтыра отырып белгіленген үлгiдегi бланкілерде орындалады;  
жер учаскелерi шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган белгiлейтiн техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;  
мемлекеттік құпияға жатқызылған жер учаскелерiнiң жоспарларында (сызбаларында) қамтылатын мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және сақталады.
3. Жердi сандық және сапалық есепке алуды жүргiзу мен бағалаудың тәртібі
23. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерi жерге меншiк нысанына, жер учаскелерiнiң мақсатты тағайындауына және оларды пайдаланудың рұқсат етiлген сипатына қарамастан, кадастрлық есепке алуға жатады.  
Жер учаскелерiн кадастрлық есепке алу олардың орналасқан жерiнде бiрыңғай әдiстеме бойынша жүргiзіледi.  
Жерлердің сапасын есепке алу жерді экономикалық бағалауды және жер мониторингін жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бонитеттік бағалауды жүргізуді қамтиды.
Жерді сандық және сапалық есепке алу олардың нақты жағдайы және пайдаланылуы бойынша жүргiзіледi. Барлық өзгерістер олар жергiлiктi жерде болғаннан кейiн тiркеледi. Жердi есепке алудың деректерi әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапқа және бірыңғай мемлекеттік жер тізіліміне енгiзiледі.  
Есептiк деректер жер учаскелерi, елдi мекендер, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала бойынша қалыптастырылады. Бұл ретте ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлер орналасқан учаскелер бөлек көрсетiледi.  
Барлық санаттағы жерлер есепке алуға жатады және ол жер алқаптарының түрлерi бойынша жүргiзіледi.  
Жердiң мөлшерi, орналасқан жерi, саны мен сапасы туралы қажеттi мәлiметтер оларды бастапқы есепке алу кезiнде тiркелер, ал жердiң құрамында, олардың сапасы мен пайдалану түрiнде болған өзгерістер жердiң ағымдағы есебiн жүргiзу процесiнде анықталады.  
24. Кадастрлық деректердi нақтылау және жаңарту мақсатында:  
  1) жер учаскелерiнiң иелерi мен жер пайдаланушылар, уәкілеттi лауазымды тұлғалар мен тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктердегi (ауыл (село), кент облыстық және, аудандық маңызы бар қала) жергілiктi атқарушы органдар есепті жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жыл сайын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына    тиiсiнше жердiң жай-күйi мен пайдаланылуы, меншiктегi және пайдаланудағы, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақ бiрлiктердiң (ауыл (село), кент, аудандық және облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң қарауындағы жерлердiң құрамында болып жатқан өзгерістер туралы белгiленген нысан бойынша есептер ұсынады;  
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы ұсынылған есептердi қарайды әрi бекiтедi және оларды болған өзгерiстердi жер-кадастр кiтабына және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне енгiзу үшiн кадастр жүргiзетiн кәсiпорындарға жiбередi.
2) Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары жерлердің бар-жоғы және олардың санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен алқаптардың бөлінуі туралы жыл сайынғы есептерді (жер балансын), сондай-ақ есепті жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аудандары (облыстық маңызы бар қалалары), республикалық маңызы бар қаласы, астанасы, облыстары бойынша мемлекеттің жер учаскелерін меншікке сатуы туралы мәліметтерді жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және мемлекеттік статистика саласындағы орталық уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша жасайды.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер балансының деректері негізінде Қазақстан Республикасының жер балансын жасайды.
Кадастрды жүргiзетiн кәсiпорындар 5 жылда бiр рет аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша жерлердiң сапалық жай-күйі туралы есептер жасайды.
25. Жердiң сапасын есепке алу және кадастрлық бағалау:  
мақсатты тағайындауын ескерiп, жер учаскесiн пайдалану тиiмділiгiн анықтау;  
жер учаскесiн жеке меншiкке сатқан кезде оның бағасын (жер учаскесiн жалдау құқығын сату төлемiн) анықтау;  
салық салу;  
жер учаскесiн мемлекеттік мұқтаждықтар үшiн ерiксiз алу кезiнде және иелiктен айыру жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен анықтау мақсатында жүргiзiледi.  
Жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасыны анықтауды қамтиды.
Жердiң сапасы және оның кадастрлық бағасы туралы мәлiметтер әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапта көрсетiледi.  
26. Жердің бар-жоғы, олардың санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жерді пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлінуі туралы есептерді (жер балансын) осы Ереженің 24-тармағына сәйкес мыналар жасайды:
аудан және облыстық маңызы бар қала бойынша - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы және есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей жер қатынастары жөніндегі облыстық уәкілетті органға ұсынады;
облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы және есепті жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган есептi жылдан кейiнгi 20 қаңтардан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы жерiнiң (республикалық маңызы бар қалалар, облыстар бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша) бар-жоғы, олардың сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы есептi алқада қарайды.  
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган жиынтық талдамалы есептің көшірмесін Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне және Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігiне жолдайды.
4. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу
27. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн және олардағы жылжымайтын мүлiктi есепке алу меншiк құқығы мен басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықты мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз ететiн қажеттi шарт болып табылады.  
28. Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi тiркеу мiндеттi болып табылады:  
жер учаскесi иесiнiң немесе оны пайдаланушының аты-жөнi;  
жер учаскесінiң алаңы;  
жер учаскесiне меншiктiң нысаны;  
жер учаскесiнiң мақсатты тағайындалуы;  
жер учаскесiн пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;  
жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi;  
жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi;  
29. Жер кадастрын жүргізгенде әрбір жер учаскесіне жер учаскесінің орналасқан жерін анықтау (сәйкестендіру) мақсатында жеке, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын, учаске біртұтас болып тұрғанша сақталатын, кадастрлық нөмір беріледі. Жер-кадастрлық іс те осындай нөмірге сәйкестендіріледі.
30. Жеке және заңды тұлғалар жер учаскесіне кадастрлық нөмірді беру және жер учаскесіне ескі үлгідегі сәйкестендіру құжатын жаңасына ауыстыру үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша кадастрды жүргізетін кәсіпорынға өтінішпен жүгінеді.
Өтінішке жер учаскесіне қолданыстағы сәйкестендіру құжатының түпнұсқасы қоса беріледі.
31. Жер учаскесiн сәйкестендiру оны жер-кадастрлық картада көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргiзу бұл учаскенiң нақты шекараларын, шектеулер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын айқындаудан, басқа тұлғалар құқықтарының сипатын, сондай-ақ мақсатты пайдаланылуын анықтаудан басталады. Жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу және оларды ресiмдеу рәсiмдерi жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бұйрықтарына сәйкес жүргiзiледi.  
32. Жер учаскесiн сәйкестендiру жөнiндегi жұмыстардың нәтижелерi бойынша кадастр жүргізетін кәсiпорын жер учаскесiне кадастрлық нөмiр бередi, ескi үлгiдегi құжатқа тиiстi белгi жасайды және оны өтiнiш берушiге бередi. Жер учаскесiне кадастрлық нөмiрдi бергенi туралы ақпарат жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер қатынастары жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға ұсынылады.
Өтініш берушінің қалауы бойынша жер учаскесіне құқығы туралы ескі үлгідегі құжатты жаңа сәйкестендіру құжатын ауыстыру жүзеге асырылады.
Жер-кадастрлық кітапқа, кадастрлық іске және мемлекеттік жер тізіліміне тиісті жазба жасалады.
33. Кадастрлық нөмiрдi құру:  
облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коды мен;  
ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың кодымен;  
есептi кварталдың кодымен;  
жер учаскесiнiң есептi кварталдағы реттiк нөмiрiмен айқындалады.  
Есептік орамдар: елді мекеннің орамы, жұмысшылар кенттері мен селолық елді мекендер, бағбандық және саяжайлық қоғамдар, шоқ ормандар, желілік объектілер: темір жолдар, автомобиль жолдары, бөліп берілген белдеулерімен жердегі, жер үстіндегі және жер астындағы құбырлар және басқалар болуы мүмкін.  
Ескерту.  
Жер учаскесi кадастрлық нөмiрiнiң екi алғашқы саны облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кодын, одан кейінгi үшеуi ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, одан кейінгi тағы үшеуi - есептi кварталдың кодын және соңғы үш сан - есептi кварталдың iшiндегі жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiн бiлдiредi.  
Есептi квартал ішінде жер учаскелерiнiң саны 999-дан асқан жағдайда, осы есептi квартал iшінде қалыптасатын келесi жер учаскелерiне төрт таңбалы реттік нөмiр берiледi.  
34. Есептi кварталдардың және/немесе аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың iшiндегi есептi кварталдардың кодтары мен жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн кадастрды жүргiзетiн кәсiпорындар береді.
35. Егер осы Ережеге сәйкес есептi кварталға код беру объективтi себептер бойынша мүмкiн болмаса, онда осы кварталдың iшіндегі жер учаскелерiне уақытша (шартты) кадастрлық нөмiрлер берiледi. Бұл жағдайда мұндай кварталдың коды нақты есептi кварталдағы кадастрлық нөмiрдiң шартты белгiсiн көрсетуге тиiс «9» санынан басталады. Есептi кварталдың заңды мәртебесiн кейiннен анықтау кезiнде бұрын берiлген шартты нөмiрдi көрсете отырып оған нағыз код беріледi.  
36. Жер учаскесiн бiрнеше бөлiкке бөлу немесе бiрнеше жер учаскелерiн бiреуге бiрiктiру кезiнде ескi нөмiрлер жойылады және жаңа кадастрлық нөмiрлер берiледi.  
37. Бүтiн жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жердi пайдалану құқығы басқа меншiк иесiне немесе жердi пайдаланушыға ауысқан кезде жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды.  
38. Кадастрды жүргiзетiн кәсiпорын жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлгені және бұл учаскенiң кадастрлық есепке қойылғаны туралы өтiнiш берушi мен тiркеушi органға хабарлайды. Өтiнiш берушiге жер учаскесiнiң жаңа кадастрлық нөмiрi бар және жер-кадастр картасындағы (схемадағы) өзгерiстер қамтылған жер-кадастр картасының (схеманың) тиiстi бөлiгiнiң расталған көшiрмесi беріледi.
39. Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне қарай жер-кадастрлық карталар (схемалар):  
Қазақстан Республикасының жер-кадастрлық картасы (схемасы) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;  
облыстың жер-кадастрлық картасы (схемасы) аудандардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;  
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер-кадастрлық картасы қаланың iшіндегі аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;  
ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың жер-кадастрлық картасы (схемасы) есепті кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;  
есептi кварталдың жер-кадастрлық картасы (схемасы) жер учаскелерiнiң шекаралары мен кадастрлық нөмірлері көрсетiле отырып бақылау жағдайында құрылады және ұсталады.  
40. Жер-кадастрлық картада (схемада) жер учаскелерiнiң шекаралары жер учаскелерiне сәйкестендіру құжаттарына және картаның (схеманың) масштабындағы жерді пайдалану жоспарларына сәйкес көрсетiледi.  
41. Қажет болған кезде жер-кадастрлық карталар (схемалар) бiрнеше бөлiкте дайындалуы мүмкiн.  
42. Жер-кадастр карталарын (схемаларын) жүргiзудi және кейiннен жаңартуды кадастрды жүргiзетiн кәсiпорындар жүзеге асырады.
5. Кадастрдың деректерiн беру және ақпаратын пайдалану
43. Мыналар Кадастрдың мәлiметтерiн пайдаланушылар болып табылады:  
аумақтарды дамытуды жоспарлау, жерді аймақтарға бөлу, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемаларды әзірлеу мәселелері, жер ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттік басқару органдары;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органдар;  
мемлекеттік статистика саласындағы органдар;  
құрылыс салуға жер учаскелерiн таңдау және беру (сату) мәселелерi бойынша - құрылыс және басқа объектiлерге тапсырыс берушiлер;  
жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн бастапқы деректер алу мәселелерi бойынша - жобалау, iздестiру, ғылыми-зерттеу ұйымдары;  
мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу, қала құрылысы және басқа да құжаттаманы әзiрлеу мәселелерi бойынша - сәулет-қала құрылысы қызметi саласындағы уәкiлеттi органдар;  
табиғи ресурстардың пайдаланылуын және қоршаған ортаның жай-күйiн бақылауды жүргiзу, табиғат қорғау iс-шараларын әзiрлеу мәселелерi бойынша - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар;  
жер салығын есептеу мәселелерi бойынша - салық қызметiнiң органдары; өзге де жеке және заңды тұлғалар.  
44. Белгiлi бiр жер учаскесi туралы кадастрдың мәлiметтерi қағаз немесе магниттiк жеткiзгiштерде, сондай-ақ техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдары қолданыла отырып, Кадастр деректерi банкiне тiкелей санкцияландырылған рұқсат түрiнде жер учаскесiн есепке алу орны бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен берiледi.  
45. Кадастрдың жер учаскелерi туралы мәлiметтерi жер-кадастрлық карталармен (жоспарлармен) ара қатынаста болады.  
Кадастрдың мемлекеттік құпияларды және өзге де шектеулерді қамтымайтын мәлiметтерi жалпыға қол жетiмдi болып табылады және мүдделi жеке және заңды тұлғаларға ақылы негiзде берiледi.  
Кадастрдың мәлiметтерiн мемлекеттік органдарға беру осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен тегін негізде жүзеге асырылады.  
45-1. Жер учаскелерiне арналған жер-кадастр iстері, жер-кадастр кiтаптары, бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмi кадастрды жүргiзетiн кәсiпорынның мұрағатында тұрақты түрде сақталуға тиiс.
46. Кадастрдың мәлiметтерiн алу режимiн бұзу немесе анық емес ақпараттарды ұсыну заңнамалық кесімдерде көзделген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2014 жылғы _____________
 № _____ бұйрығымен
 бекітілген
Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаты үшiн облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың ТIЗБЕСI
 

Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк Коды

1 2

Ақмола облысы - 01

Ақкөл 001

Астрахан 002

Атбасар 003

Сандықтау 004

Аршалы 005

Ерейментау 006

Егiндiкөл 007

Қорғалжын 008

Бұланды 009

Целиноград 011

Шортанды 012

Ақкөл қаласы 014

Атбасар қаласы 015

Ерейментау қаласы 016

Макинск қаласы 017

Степногор қаласы 018

Шаңтөбе кентi 019

Зеренді 160

Щучье 171

Еңбекшілер 172

Заозерный кентi 173

Көкшетау қаласы 174

Степняк қаласы 176

Щучье қаласы 177

Жарқайың 275

Есіл 277

Жақсы 278

Державин қаласы 283

Есіл қаласы 284

Красногор кентi 285

Ақтөбе облысы - 02

Алға 022

Байғанин 023

Әйтеке би 024

Ырғыз 025

Мұғаджар 027

Қарғалы 028

Мәртeк 029

Темір 031

Ойыл 032

Қобда 033

Хромтау 034

Шалқар 035

Ақтөбе қаласы 036

Алға қаласы 037

Қандыағаш қаласы 038

Темір қаласы 039

Хромтау қаласы 040

Шалқар қаласы 041

Ембi қаласы 042

Алматы облысы - 03

Балқаш 043

Еңбекшiқазақ 044

Жамбыл 045

Iле 046

Қарасай 047

Райымбек 050

Талғар 051

Ұйғыр 052

Есiк қаласы 054

Қапшағай қаласы 055

Қасқелең қаласы 056

Талғар қаласы 057

Ақсу 254

Алакөл 255

Қаратал 259

Кербұлақ 260

Көксу 261

Панфилов 262

Сарқанд 263

Ескелдi 264

Жаркент қаласы 266

Сарқант қаласы 267

Tалдықорған қаласы 268

Текелi қаласы 269

Үштөбе қаласы 270

Ушарал қаласы 271

Атырау облысы - 04

Жылыой 059

Индер 060

Исатай 061

Қызылқоға 062

Құрманғазы 063

Мақат 064

Махамбет 065

Атырау қаласы 066

Шығыс Қазақстан облысы - 05

Глубокий 068

Зайсан 069

Зырян 070

Қатон-Қарағай 071

Күршiм 072

Тарбағатай 078

Ұлан 079

Шемонаиха 080

Зайсан қаласы 081

Зырян қаласы 082

Риддер қаласы 083

Серебрянск қаласы 084

Өскемен қаласы 085

Шемонаиха қаласы 086

Абай 236

Аягөз 239

Бесқарағай 240

Бородулиха 241

Жарма 243

Көкпектi 244

Үржар 248

Аягөз қаласы 251

Семей қаласы 252

Шар қаласы 253

Жамбыл облысы - 06

Байзақ 087

Жамбыл 088

Жуалы 089

Қордай 090

Т.Рысқұлов атындағы 091

Мерке 092

Мойынқұм 093

Сарысу 094

Талас 095

Шу 096

Тараз қаласы 097

Жаңатас қаласы 098

Қаратау қаласы 099

Шу қаласы 100

Батыс Қазақстан облысы - 08

Бөрiлi 114

Жаңақала 115

Жәнiбек 116

Зеленов 118

Казталовка 119

Қаратөбе 120

Сырым 122

Тасқала 124

Теректi 125

Бөкейорда 126

Ақжайық 127

Шыңғырлау 128

Ақсай қаласы 129

Орал қаласы 130

Чапаев қаласы 131

Қарағанды облысы - 09

Ақтоғай 102

Жаңаарқа 104

Ұлытау 106

Шет 107

Балқаш қаласы 108

Жезқазған қаласы 109

Қаражал қаласы 110

Приозерск қаласы 111

Сәтпаев қаласы 112

Қарқаралы 133

Абай 134

Нұра 136

Осакаровка 137

Бұхар-Жырау 140

Абай қаласы 141

Қарағанды қаласы 142

Қарқаралы қаласы 143

Саран қаласы 144

Теміртау қаласы 145

Шахтинск қаласы 146

Қызылорда облысы - 10

Арал 147

Жалағаш 148

Жаңақорған 149

Қазалы 150

Қармақшы 151

Сырдария 153

Шиелi 154

Қазалы қаласы 155

Қызылорда қаласы 156

Қостанай облысы - 12

Алтынсарин 178

Жiтiқара 179

Қамысты 180

Қарасу 181

Қарабалық 182

Қостанай 183

Ұзынкөл 184

Меңдiқара 185

Наурызым 186

Денисов 187

Әулиекөл 188

Таран 189

Сарыкөл 190

Феодоров 191

Жiтiқара қаласы 192

Қостанай қаласы 193

Лисаковск қаласы 194

Рудный қаласы 195

Амангелдi 272

Жангелдi 276

Арқалық қаласы 282

Маңғыстау облысы - 13

Бейнеу 196

Қарақия 197

Маңғыстау 198

Түпқараған 199

Ақтау қаласы 200

Жаңаөзен қаласы 201

Форт-Шевченко қаласы 202

Мұнайлы 203

Павлодар облысы - 14

Ақтоғай 204

Баянауыл 205

Железинка 206

Ертіс 207

Қашыр 208

Лебяжi 209

Май 210

Павлодар 211

Успен 212

Шарбақты 213

Ақсу қаласы 215

Ертіс селосы 216

Курчатов қаласы 217

Павлодар қаласы 218

Екiбастұз қаласы 219

Солтүстiк Қазақстан облысы - 15

Айыртау 157

Уәлиханов 162

Тайынша 164

Ғ.Мүсiрепов атындағы 165

Ақжар 167

Қызылжар 220

Мағжан Жұмабаев атындағы 221

Жамбыл 223

Есіл 224

Мамлют 225

Шал ақын 228

Аққайың 229

Тимирязев 231

Булаево қаласы 232

Мамлютка қаласы 233

Петропавл қаласы 234

Сергеев қаласы 235

Тайынша қаласы - 175

Оңтүстік Қазақстан облысы - 19

Бәйдібек 286

Арыс 287

Мақтаарал 288

Қазығұрт 289

Ордабасы 293

Отырар 294

Сайрам 295

Сарыағаш 296

Созақ 297

Төлеби 298

Түлкібac 300

Шардара 301

Арыс қаласы 302

Жетiсай қаласы 303

Кентау қаласы 304

Леңгiр қаласы 305

Сарыағаш қаласы 306

Түркiстан қаласы 307

Шардара қаласы 308

Шымкент қаласы 309

Алматы қаласы - 20

Алмалы 311

Әуезов 312

Бостандық 313

Жетiсу 314

Медеу 315

Түрксiб 317

Алатау 321

Наурызбай 322

Астана қаласы - 21

"Алматы" 318

"Сарыарқа" 319

Есіл 320