Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы екінші кезеңдік баяндаманы бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы екінші кезеңдік баяндаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 28 қарашада ратификациялаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы екінші кезеңдік баяндама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы екінші кезеңдік баяндаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы екінші мерзімдік баяндама
Осы баяндама Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (бұдан әрі – Пакт) 40-бабына сәйкес дайындалды.
Баяндаманы дайындауға Қазақстан Республикасының барлық мүдделі мемлекеттік органдары, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия;
2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия;
3) Орталық сайлау комиссиясы;
4) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты;
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы;
6) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
7) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
8) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
9) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
10) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
11) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
Қазақстан Республикасының заңнамасы;
мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың материалдары мен ақпараты,;
Адам құқықтарын қорғау саласындағы 2009 - 2012 жылдарға арналған ұлттық жоспар;
Қазақстанның үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының Қазақстан Республикасының Пактіні орындауы туралы алдын ала баяндамасы пайдаланылды.
3. Баяндаманы дайындау үшін 2013 жылы ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
4. Баяндама жобасын және оған ұсынымдарды талқылау үшін мемлекеттік органдардың және жұртшылық өкілдерінің қатысуымен 2013 жылдың ішінде: Алматы, Атырау, Өскемен қалаларында өңірлік кездесулер өткізілді.
1. Біріккен Ұлттар Ұымының (БҰҰ) адам құқықтары жөніндегі комитеті ұсынған ұсынымдардың орындалуы
Комитет қатуысушы мемлекеттерді Пактіде танылған құқықтарға кепілдік беретін конституциялық шектер туралы жан- жақты ақпаратты ұсынуға табанды түрде шақырады. Осыған орай Комитет қатысушы мемлекеттерге адам құқықтары бойынша шарт жасаған комитетаралық кеңесте қабылданған адам құқықтары туралы халықаралық шарттарға (HRI/GEN/2/Rev.6, I-тарау) сай баяндамаларды ұсынудың келісілген басқарушылық қағидаттарына сәйкес базалық құжатты беруді ұсынады.
5. Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 11 маусымда жалпы базалық құжаттарды ұсынды ( www.adilet.gov.kz ).
Қатысушы мемлекет ратификациялаған, Пактінің және адам құқықтары бойынша басқа да халықаралық шарттардың мәртебесі және қолданылуы туралы мәселеде құқықтық анықтылықты қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдағаны жөн. Қатысушы мемлекет оның ережелері ұлттық соттардың назарында болуын қамтамасыз ету мақсатында соттар, қорғаушылар және прокурорлар арасында Пакт туралы хабардарлық деңгейін арттыру бойынша тиісті шараларды қабылдауы қажет.
6. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын дұрыс әрі біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты 2008 жылғы 10 шілдеде «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» № 1 нормативтік қаулысын қабылдады, бұл да халықаралық шарттарды қолдануға жәрдемдеседі.
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот облыстық және оларға теңестірілген аудандық соттармен бірлесіп тұрақты негізде соттардың Пактіні және адам құқықтары бойынша басқа да халықаралық шарттарды қолдануы бойынша білім беру және ақпараттық-түсіндіру шараларын ұйымдастырып, жүргізеді.
8. Азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуде халықаралық келісімдерді қолдану бойынша судьялар біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот Төрелігі институтының оқу жоспарына жұмыс істеп жүрген судьялар үшін адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды зерделеу мәселелері бойынша, адам құқықтарын бұзуға қарсы күрес рәсімдері мен құралдары, оның ішінде адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдерге қатысты кемсітудішілікті жою, босқындар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дәрістер енгізілген.
9. Жергілікті соттардың сот актілерінде халықаралық актілерге, оның ішінде Пактінің нормаларына да сілтемелер бар. Мұндай сілтемелер сотардың қамауға алуды санкциялау туралы қаулыларында, адам саудасы туралы, кәмілетке толмағандардың саудасы туралы және тағы басқа да бірқатар сот актілерінде кездеседі.
10. Облыстық және оларға теңестірілген оқу орталықтарының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот Төрелігі институтының шеңберінде халықаралық актілерді зерделеу бойынша өткізілетін сабақтың тақырыптары көзделген.
11. Қазақстан Республикасының Жоғары Соттында сот және сот аппараттарының хабарлану деңгейін көтеру мақсатында жүйелі оқыту семинарлары өткізілуде.
12. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты соттардың азаматтық, қылмыстық істер бойынша, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарының оның заңдарынан басымдығының конституциялық қағидаттарын қолдану бойынша сот практикасын қорытты, ол Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларын қолдануда проблемалар жоқ екенін көрсетті.
13. Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Осы бағдарламаның жеке бағытының бірі кадрды оқытуды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақпараттандырылу деңгейін көтеруді қоса алғанда, кадрмен қамтамасыз етудің сапасын арттыру болып табылады.
Қатысушы мемлекет Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің толық тәуелсіздікке ие болуын қамтамасыз ету жолында өз күш-жігерін жұмсауға тиіс. Осыған орай қатысушы мемлекет оған Париж қағидаттарына (Бас Ассамблеяның 48/134 қарары, қосымша) сәйкес қаржы және кадр ресурстарын ұсынуға тиіс. Комитет сонымен қатар Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлге Адам құқықтарын көтермелеу және қорғау бойынша ұлттық мекемелердің халықаралық үйлестіруші комитетінің аккредиттеу жөніндегі кіші комитетіне аккредиттеу туралы өтініш жасауды ұсынады. Түптеп келгенде, Азаптауға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттамада көзделген ұлттық алдын алу тетігін құру кезінде қатысушы мемлекет оның Париж қағидаттарына сәйкес ұлттық құқық қорғау мекемелері ретіндегі өзінің негізгі функцияларын неқұрлым тиімді орындауына кедергі келтірмеуін, керісінше, оған жәрдемдесуін қамтамасыз етуі қажет.
14. 2012 жылы Ұлттық құқық қорғау мекемелерін халықаралық үйлестіру комитетінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (бұдан әрі - АҚУ) «В» мәтбебесіне ие болды. Тұтастай алғанда, АҚУ қызметi бірқатар Париж қағидаттарына толығымен сәйкес келеді. Атап айтқанда, АҚУ:
1) оны Парламент палаталарының келісімі бойынша Президент бекітеді. Нұсқамалық құжатта АҚУ-ды қызметтен босатату негіздерінің түпкілікті тізбесі санмалап көрсетілген;
2) оған лауазымды тұлғадан адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты кез келген ақпаратты сұрату, мониторинг жүргізу мақсатында мекемелерге, оның ішінде жабық мекемелерге, қоғамдық маңызы зор жағдайларда Президентке, Парламентке және Үкіметке жүгіну құзыреті берілген;
3) барлық аумақтық бірліктерден өтініштер алады және оларды қарайды, оның ішінде өзінің интернет-ресурсы арқылы алады. Қазіргі уақытта АҚУ-дың өңірлік өкілдіктерін құру мәселесі әзірленуде;
4) мемлекттік органдарға ұсынымдар жолдайды.