«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбек жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына және «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына сәйкес әзірленген және залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде (бұдан әрі - тендер) конкурсты өткізуді ұйымдастыру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) ұзартуды белгілейді.
2. Осы Қағидада уәкілетті орган деп темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган түсініледі.
3. Осы Қағидада Жолаушыларды ұлттық тасымалдаушы деп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын заңды тұлға ұғынылады.
4. Тендерге конкурстық құжаттаманы «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысымен айқындалған әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жүруі болжанатын ұлттық темір жол компаниясының жолаушылар поезы қозғалысының нормативтік кестесі базасында құрылған лоттар және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес үлгі конкурстық құжаттама негізінде уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
5. Уәкілетті орган тендерді өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады.
2. Тендерлік комиссияны құру
6. Тендерлік комиссия (бұдан әрі – комиссия) тендерді өткізуді қамтамасыз ету және жеңімпазды анықтау, сондай-ақ шарттардың мерзімін ұзарту мәселелерін қарау үшін құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен бекітіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
7. Комиссия қатысушылардың тендерлік өтінімдерін қабылдайды және қарайды, тендер өткізеді және жеңімпаздарды анықтайды, сондай-ақ шарттардың мерзімін ұзартуға өтінімдерді қарайды және шарттардың мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
8. Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары комиссия қызметін басқарады, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
9. Тендер өтеусіз негізде жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтер ұсыну бойынша ұйымдастырушысына жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар ретінде жұмыс істеу үшін өзге де мамандарды тартуға рұқсат етіледі.
10. Сарапшылар қатысушылар өтінімдерінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі Шарттың мерзімін ұзартуға берілген өтінімдердің, осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды береді және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ. Сарапшылардың қорытындысы қатысушылар ұсынған тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру, жеңімпазды анықтау және шарттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған кезде ескеріледі. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
3. Тендерге қатысушыларға (әлеуетті) және тендерлік өтінімдерге қойылатын талаптар
11. Бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар (әлеуетті) мынадай шарттарға сәйкес болуы қажет:
1) Қазақстан Республикасының аумағында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген, жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру үшін төртжылдық кезеңнен кем емес жеке меншік немесе басқа заңды негіздерде пайдаланылатын техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін жолаушы жылжымалы құрамының болуы,
бұл ретте (жалпы, плацкарт, купелі) үлгілері бойынша көрсетілген жолаушылар вагондарының саны («Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы» акционерлік қоғамының вагондарынан басқа) талап етілетін вагондар санынан кемінде 30 пайызын, ал электрдизель поездар вагондарының саны - 100 пайызды құруы тиіс;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешектерінің болмауы;
4) тиісті әлеуметтік мәні бар бағыттарға қызмет көрсетуге қажет поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының және/немесе нормативтік саны шегінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын әлеуметтік мәні бар бағытқа қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілдіктің болуы;
5) тасымалдаушының Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және вагондарды жалға алу, жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, оларды сумен және отынмен жабдықтау, үй-жайларды жалға алу жөніндегі қызметтерді және вокзалдарда 12 айға (конкурсы өткізілген немесе Шарт ұзартылған күннің алдындағы айдың бірі күніне) анықтамалық-ақпараттық қызметтерді ұсынатын басқа да теміржол ұйымдарының алдында берешегінің болмауы;
6) тасымалдаушының мәлімделген бағытта көзделген жылдық субсидиялардың көлемінен кемінде 5 % құрайтын меншікті ақшалай және негізгі қаражатының болуы.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.07 N 1560 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.11.2013 N 1202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 N 1363 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
11. Әлеуетті тасымалдаушы тендерге қатысу және/немесе Шарттардың мерзімін ұзарту үшін уәкілетті органның атына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, тендерлік өтінімді ұсынады:
1) осы Қағидаға 2-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) немесе 3-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) сәйкес тендерге қатысуға өтініш;
2) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес үлгілері, саны, шығарылған жылы, вагондардың зауыттық нөмірлері, техникалық жай-күйі және жоспарлы жөндеу түрлері көрсетіле отырып (жеке меншік құқығын немесе жалға алынғандығын растайтын, нотариалды куәландырылған құжаттарды қоса берумен) жеке меншік және (немесе) сенімді басқарудағы, мүлікті жалдау немесе басқа да заңды негіздерде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жылжымалы құрамның мүккәмал паркі туралы мәліметтер, бұл ретте (жалпы, плацкарт, купелі) үлгілері бойынша көрсетілген жолаушылар вагондарының саны («Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы» акционерлік қоғамының вагондарынан басқа) талап етілетін вагондар санынан кемінде 30 пайызды, ал электрдизель поездар вагондарының саны - 100 пайыз құрауы тиіс;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер және/немесе шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар адамның (осы құқықты растайтын тиісті құжатты қоса беріп) қолы қойылып, осы салық органының мөрі басылған тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілсе, осы берешектің пайда болу мерзімін растайтын анықтаманы берген адамның қолы қойылған құжаттар қоса берілуі қажет;
4) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес тендерге қойылған әлеуметтік мәні бар қатынастардағы маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырудың негізгі шарттары мен талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі тендерлік ұсыныстар;
5) тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын қызмет көрсетілген әлеуметтік мәні бар маршруттарға поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының болуы туралы мәліметтер. Бұрын басқа тасымалдаушылар қызмет көрсеткен маршруттарға өтініш берген кезде осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нормативтік саны шегінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын әлеуметтік мәні бар маршруттарға қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары қызметкерлерінің білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілхат – міндеттеме.
6) Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінім берілген жағдайда ағымдағы айдың бірінші күніне берілген тасымалдаушының және бірінші басшының мөрлерімен бекітілген, қолдарымен расталған Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және вагондарды жалға алу, техникалық қызмет көрсету және жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау, үй-жайларды жалдау бойынша қызметтер және вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсететін басқа да темір жол ұйымдарының берешегі бойынша өзара есеп айырылысуларды салыстырып тексеру актісі және берешек болған жағдайда, бірінші басшылар қол қойған берешекті кепілді өтеу кестесін қамтитын екіжақты келісім немесе төлем жасау туралы банк белгі қойған мерзімін ұзартуға арналған өтінімдерді ұсынудың ай – күні белгіленген берешектің өтелуін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқалары;
7) осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес Шарттың мерзімін ұзартуға мәлімделген маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыруға қойылатын шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар;
8) осы Қағиданың 44-тармағына сәйкес тендерге қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз ету;
9) таңдалған әлеуметтік мәні бар қатынасты дамытуды қамтамасыз ету, сервистік қызметтердің сапасын арттыру, қызметкерлер штатының біліктілігін арттыру жөніндегі, жыл сайынғы меншікті вагондар паркін толықтыру үшін вагондарды сатып алу іс-шаралар жоспары.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.07 N 1560 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.11.2013 N 1202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 N 1363 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
12. Тендерге қатысу және/немесе Шарттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау үшін талап етілетін құжаттар екі данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, беттері нөмірленіп, тігілген болуы тиіс, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен немесе жеке тұлғаның қолымен куәландырылады.
13. Тендерлік өтінімде және/немесе Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімде жолдардың арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |