• Мое избранное
«Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланыста залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланыста залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланыста залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланыста залалдарын субсидиялау ережесі бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;  
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбек жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2014 жылғы « »
 № бұйрығымен
 бекітілген
Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялаудың тәртiбi мен шарттарын (бұдан әрi - субсидиялау) айқындайды.  
2. Әлеуметтік мәнi бар қатынастар (бұдан әрi - қатынастар) бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру жөнiндегi конкурстың (бұдан әрi - конкурс) нәтижелерi бойынша анықталған тасымалдаушының залалдары субсидиялауға жатады.  
3. Конкурсты өткiзудi ұйымдастырушылар:  
1) облысаралық қатынастар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестірудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкiлетті орган);  
2) ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға тиiстi облыстардың әкiмдiктерi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар (бұдан әрi - атқарушы органдар).  
2. Субсидиялар мөлшерін анықтау тәртібі
4. Облысаралық қатынастарды уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша өкiлеттi органдар, ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарды жергілiкті өкiлеттi және атқарушы органдар анықтайды. 
5. Тасымалдаушының тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, облысаралық қатынастардағы тасымалды жүзеге асыруға байланысты залалдары тиiстi жылға арналған республикалық
бюджетте көзделген сома шегiнде субсидияланады.  
Тасымалдаушының ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастардағы тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдары тиiстi жергiлiктi бюджеттерде көзделген сомалар шегiнде субсидияланады.  
Жолаушылар тасымалдауды қатынастар бойынша ұйымдастыруға арналған субсидиялардың жалпы сомасы, әлеуметтік мәнi бар қатынастар тiзбесiн және осы Ереженiң 6-тармағында көрсетілген өндiрiстiк көрсеткiштер негiзiнде магистральдық темiр жол желiсiнiң қызмет көрсетулерi тарифтерiнiң деңгейiн есепке ала отырып, жыл сайын тиiстi бюджетте көзделедi.  
Табиғи монополия саласында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлетті орган жыл сайын, белгіленген тәртiппен жолаушылар тасымалдауды қатынастар бойынша жүзеге асыратын тасымалдаушылар үшiн тиiстi жылға субсидиялауға көзделген бюджеттік қаражаттарды есепке ала отырып, магистральдық темiр жол желiсiнiң қызмет көрсетулерiнiң тарифтерiне (бағаларына, ставкаларына, алымдарына) уақытша төмендету коэффициентiн бекiтедi. 
Поездардың тізбесі, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың саны, олардың әлеуметтік мәні бар қатынастарда қатынау кезеңділігі, осы поездардың, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың субсидияланатын бөлігінің құрамдылығы уәкілетті және атқарушы органдар жыл сайын өткізетін Қазақстан Республикасындағы жолаушылар тасымалдауды талдаудың негізінде белгіленеді.
Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар поездарының құрамында тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың, вагон-мейрамханалардың және багаждық вагондардың қатынастарын заңнамаға сәйкес қамтамасыз ететін тасымалдаушыларға табиғи монополиялар саласындағы бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган жыл сайын белгіленген тәртіппен осы вагондардың жүрісі үшін магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, ставкаларға, алымдарға) уақытша төмендету коэффициентін белгілейді.
6. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджеттің шығыс бөлiгiне енгiзу үшін субсидиялар мөлшерiн есептеу әр жолаушы поезы бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, мынадай өндiрiстiк көрсеткiштер негiзiнде жүргізiледi:  
1) жолаушы айналымы:  
тасымалданатын жолаушылар саны;  
жол жүрудiң орташа қашықтығы;  
2) вагон айналымы (вагондардың жүрген жолы):  
бағыттардың қашықтығы;  
поездың субсидияланатын бөлігінiң құрамдылығы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондар саны және қатынау жиiлiгi;  
3) вагондардың сыйымдылығы;  
4) бiр жолаушы-километрдiң өзiндiк құны;  
5) бiр жолаушы-километрдiң кiрiс ставкасы;  
6) бағыт шығыстары;  
тасымалдаушының пайдалану шығыстары;  
магистральдық темiр жол желiсiнiң қызмет көрсетулерi үшiн төлем;  
локомотивтiк тарту қызметiн көрсетулерi үшiн төлем;  
7) бағыт кiрiстерi.
7. Тиiстi бюджеттiк бағдарламада көзделген соманың шегiнде қатынастар бойынша темiр жол көлiгімен мынадай вагон санаттарында жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр поездарының вагондары, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондар, сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiкпен мемлекеттiк емес қарыз есебiнен сатып алынған вагондарда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының нақты залалдары субсидиялауға жатады.  
Субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарды қалыптастыру кезінде тасымалдаушылардың осы Ережеге 4-қосымшада көрсетілген шығыстары ескерілмейді.
8. Конкурсқа қойылатын қатынастар бойынша билеттер бағалары көтерілуінің шектi деңгейiн уәкілеттi орган (атқарушы орган) белгілейдi.  
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті өкілді және атқарушы органдар айқындаған қатынастар негізінде уәкілетті және атқарушы органдар лоттарды қалыптастырады. Осы лоттар бойынша конкурстар оларды өткізу тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін уәкілетті және атқарушы органдардың актілеріне сәйкес өткізіледі.
10. Субсидиялардың ең аз көлемiн ұсынатын және уәкiлетті орган белгiлеген мiндетті қызметтердiң тiзбесiмен қоса әлеуметтік мәні бар қатынастарда тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, тасымалдауды үздiксiз жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндеттенетін тасымалдаушы жеңген болып танылады.
11. Конкурстық комиссия конкурсты өтпеген деп таныған жағдайда конкурстық комиссия:  
1) конкурсты қайтадан өткізу туралы шешім қабылдайды;  
2) конкурсқа қатысуға тек қана бір әлеуетті өнім беруші жіберілген жағдайда, онымен Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы шарттар жасасады. Жасалған Шарттың бағасы бөлінген субсидиялардың сомасынан аспауға тиіс.  
12. Егер конкурстың нәтижелері бойынша тасымалдаушы айқындалмаған болса, онда уәкілетті орган (атқарушы орган) осы Ережеге сәйкес есептелген субсидиялар сомасына Жолаушыларды ұлттық тасымалдаушымен қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға шарт жасасады.
13. Конкурс жеңiмпазы мен уәкiлетті орган (атқарушы орган) арасында уәкілетті орган (атқарушы орган) бекiткен нысан бойынша жасалған, онда негізгi шарттар, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, өткiзiлген конкурстардың нәтижелері бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, белгiленген мөлшерде субсидияларды төлеу тәртібi мен мерзiмдерi белгiленген тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша тасымалды жүзеге асыруға байланысты залалдарын субсидиялау туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады.
14. Ағымдагы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде тасымалдаудың маусымдылығына және поездардың, тіркелмелі және тоқтамайтын вагондардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне, сондай-ақ жолаушылар ағынына байланысты тараптардың өзара келісуі бойынша шартқа қосымша келісім жасау арқылы поездардың құрамдылығына, тіркелмелі және тоқтамайтын вагондардың санына және қатынау кезеңділігіне сәйкес субсидиялар сомасын қайта қарауға жол беріледі.
15 Шарт үш жылға дейін мерзімін ұзарту құқығымен 1 жылдық мерзiмге жасалады және келесi күнтiзбелiк жылдың 1-шi қаңтарынан бастап күшiне енедi.  
16. Шарттың қолданылу мерзімі тиісті бюджетте көзделген субсидиялар көлемінен аспайтын көлемде тендер шарттары орындалған және міндетті сақталған жағдайда келесі қаржы жылына ұзартылады.
 3. Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар бойынша 
 жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдары 
 бойынша субсидияларды төлеу тәртiбі мен шарттары
17. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу тиісті қаржы жылына арналған стратегиялық жоспарға және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
18. Бір облыс ішіндегі қалааралық және ауданаралық қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидияларды төлеу төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
19. Субсидияларды төлеу нақты жүзеге асырылған және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есеппен және осы Ережеге 1-1 және 2-қосымшаларға сәйкес ресiмделген, орындалған жұмыстар актісімен расталған тасымалдар бойынша ай сайын жүргізіледі.  
20. Шартта конкурс жеңiмпазы ұсынған субсидияның айлық сомасының 30 пайызына дейiнгі мөлшерде алдын ала төлеу көзделуi мүмкiн.  
21. Тасымалдаушы ай сайын, есептіден кейiнгi айдың 25-шi күнiне дейiнгі мерзiмде ұйымның басшысымен, бас бухгалтерiмен және мөрiмен куәландырылған мынадай құжаттарды уәкілетті органға (атқарушы органға) ұсынады:  
1) осы Ережеге 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есепті және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалын орындау туралы есепті;  
2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актiсi;  
3) қатынас бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және осы пойызда тасымалданған жолаушылар, үлгілер бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, тіркелген және тікелей қатынайтын вагондарды ескере отырып, вагондардың толуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжаты;
4) тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тарту операторы арасындағы есептіден кейінгі айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;
5) осы Ережеге 1-2, 1-3-қосымшаларға сәйкес темір жол жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі шығыстар мен кірістер бойынша ай сайынғы есептер;
6) осы Ережеге 1-4-қосымшаға сәйкес тасымалдаушының темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөніндегі тікелей шығыстарының тізілімі;
7) тиісті ұйымнан жол жүру құжаттарын сатудан түсетін түсімдер бойынша салыстыру актісі;
8) осы тармақтың 1), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда қамтылған көрсеткіштер есебін түсіндіретін есепке түсіндірме жазба.
22. Тасымалдаушылар осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күнінен бастап уәкiлеттi орган (атқарушы орган) күнтізбелік 15 күн ішінде орындалған жұмыстар актiсiне қол қояды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Аумақтық қазынашылық органына осы Ережеге сәйкес субсидияланатын маршруттардың тiзiлiмдерi мен төлеуге арналған шоттарды ұсынады.
23. Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар бағыттар бөлінісінде кірістердің, шығындардың және іске тартылған активтердің жеке есебін жүргізеді.
Тасымалдаушының әлеуметтік
мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
1-қосымша
                   Жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есеп 
(ай сайын)   
 __________________________________________________________________ 
1   | 2   3 |  4 | 5  | 6 |  7 |  8 |  9   | 10  |  11  |  12 
__________________________________________________________________ 
Ке. |По.|Қа.|Қа. |Қа. |Ва.|Құ. |Ва. |Жолау.|1 жо.|Жолау.|Бағыт 
зең |езд|ты.|шық.|ты. |гон|рам.|гон.|шы ай.|лаушы|шылар |бой. 
(ай)|N  |нас|тық,|нау |тү.|дағы|дар.|налы. |-км  |тасы. |ынша 
    |   |   |км  |ке. |рі |ва. |дың |мы,   |өзін.|мал.  |кіріс 
    |   |   |    |зең.|   |гон.|жүр.|жолау.|дік  |данды |мың тг 
    |   |   |    |ді. |   |дар.|ген |шы, км|құны |      | 
    |   |   |    |лігі|   |дың |жолы|      |     |      | 
    |   |   |    |    |   |саны|ваг/|      |     |      | 
    |   |   |    |    |   |    |км  |      |     |      | 
__________________________________________________________________  
таблицаның жалғасы:  
 ____________________________________ 
          13           |     14    | 
_______________________|___________| 
Тасымалдар бойынша     |Шығыстар   | 
шығыстар               |жиыны мың  | 
_______________________|тг         | 
МТЖ қыз.|Локо.|Тасымал.|           | 
меттер  |мотив|даушының|           | 
көрсе.  |тар. |шығыс.  |           | 
туі,    |тымы.|тары    |           | 
мың тг  |ның  |мың тг  |           | 
        |қыз. |        |           | 
        |меті |        |           | 
        |мың  |        |           | 
        |тг   |        |           | 
____________________________________  
Тасымалдаушы  
Бас бухгалтер  
М.о.  
Тасымалдаушының әлеуметтік
мәні бар қатынастар бойынша
 жолаушылар тасымалдауды жүзеге
 асыруына байланысты залалдарын
 субсидиялау ережесіне
1-1 қосымша
            Жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп 
                     200__жылдың_________ 
                      (жыл басынан бастап)  
 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Кезең

Поезд

N

Қаты-

нас

Қа-

шық-

тық,

км

Қаты-

нау кезең-

ділігі

Вагон

түрі

Құрам-

дағы

вагон-

дардың

орташа

саны

Вагон-

дардың

жүрген жолы,

ваг/км

Жолау-

шы

айна-

лымы,

жо-

лаушы,

км

1 жо-

лаушы,

км орташа

өзін-

дік

құны, тг

кестенің жалғасы  
 

11

12

13

14

15

Жолау-

шылар

тасы-

мал-

данды

Жол бағыты

бой-

ынша

кіріс,

мың тг

Тасымалдар

бойынша шығыстар

Шығыс-

тар

жиыны,

мың тг

Кіріспен

жабылмайтын

шығыстар, мың тг

МТЖ

қыз-

мет-

тері,

мың тг

Локо-

мотив

тарты-

мының

қыз-

мет-

тері,

мың тг

Тасы-

мал-

дау-

шының

шығыс-

тары,

мың тг

Бар-

лы-

ғы

жыл

басы-

нан

бас-

тап

тө-

лен-

ген

суб-

сидия

суб-

си-

дия-

лауға

жата-

ды

Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар
қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды
жүзеге асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
1-2-қосымша
Темір жолмен жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі
кірістер бойынша 
 20 __ жылғы ____________________ есеп
 

Вагондар түрі

Саны

Барлық бағытқа кірістер

Барлығы

соның ішінде

жолаушылар тасымалынан

төсек-орын сатудан

шай сатудан

Өзге де кірістер

сервистік қызметтер

жүрісі

вагондарды жалға алу

агенттік комиссиялық сыйақы

тасымалдау бланкілерін пайдалану

жергілікті кіріс

бастапқы құжаттарды өңдеу жөніндегі қызметтер

Өзгелері (жедел хаттар, баспа өнімдерін тарату)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Барлығының саны



























соның ішінде: люкс



























күпе



























плацкарт



























жалпы



























жүк



























вагон-мейрамханалар



























почта



























Ұлттық Банктің



























Әділетминінің



























Өзгелері (жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша)



























кестенің жалғасы
 

Қазақстан аумағы бойынша кірістер

Барлығы

соның ішінде

жолаушылар тасымалынан

төсек-орын сатудан

шай сатудан

Өзге де кірістер

сервистік қызметтер

жүрісі

вагондарды жалға алу

агенттік комиссиялық сыйақы

тасымалдау бланкілерін пайдалану

жергілікті кіріс

бастапқы құжаттарды өңдеу жөніндегі қызметтер

Өзгелері (жеделхаттар, баспа өнімдерін тарату)

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26









































































































































































































































































Ескертпе:
1) Қазақстан аумағында әлеуметтік мәні бар вагодар бойынша шығыстар, барлығы ______________________ мың теңге
2) Әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша кірістер (билеттер, төсек-орын, шай сатудан, басқа да тасымалдаушыларға қызмет көрсетуден) __________________ мың теңге
3) Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша кірістер, барлығы ____________ мың теңге
4) Шығыстар мен кірістер арасындағы айырма {әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша) ____________ мың теңге
 Басшы __________________        Бас бухгалтер ______________
      Т.А.Ә. қолы                             Т.А.Ә. қолы
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні
бар қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыруына
байланысты залалдарын субсидиялау
ережесіне
1-3-қосымша
Ескерту. 1-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.11. N 1350  Қаулысымен.
Темір жолмен жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі
шығыстар бойынша 
 20 __ жылғы ______________ есеп
 

Вагондар түрі

Саны

Барлық бағыттағы шығыстар

Қазақстан аумағы бойынша шығыстар

Барлығы

соның ішінде

Барлығы

соның ішінде

локомотивтік тартымы

МТЖ

тасымалдаушының шығыстары

соның ішінде кезең шығыстары

локомотивтік тартымы

МТЖ

тасымалдаушының шығыстары

соның ішінде кезең шығыстары

Барлық саны























соның ішінде: люкс























купе























плацкарт























жалпы























жүк























вагон-мейрамханалар























почта























Ұлттық Банктің























Әділетминінің























Өзгелері (жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша)























Ескертпе:
1) Әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша шығыстар,
барлығы _____________________ мың теңге
2) Қазақстан аумағындағы әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша
шығыстар, барлығы ___________ мың теңге
 Басшы _________________              Бас бухгалтер ________________             Т.А.Ә. қолы                                  Т.А.Ә. қолы
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар
қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыруына
байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
1-4-қосымша
Тасымалдаушының темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын
ұйымдастыру жөніндегі тікелей шығыстарының тізілімі 
 _________________________ жылдың _____________ айына
(тасымалдаушының атауы)
(мың теңге)
 

Кезең

Шығыстардың атауы

Шығыс құжаты

Шығыс құжаты бойынша сомасы

Вагондардың жалпы жүрісі, ваг-км

Субсидияланатын вагондар бойынша жүріс, ваг-км

Субсидияланатын вагондар бойынша шығыстар сомасы







































































 Басшы __________________          Бас бухгалтер __________________
         Т.А.Ә. қолы                               Т.А.Ә. қолы
Тасымалдаушының әлеуметтiк
мәнi бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесiне
2-қосымша
  Орындалған жұмыстар актiсi   
200_жылғы "_"______
Бiз, төменде қол қойғандар, 
______________________________________________ 
(актілерді қабылдауға жауапты басшының қолы, Т А.Ә.)
бiр тараптан және_____________________________ 
(басшының, бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.) 
      екiншi тараптан, 200_жылғы____________ айы iшiнде орындалған 
жұмыстардың осы актіні жасадық.  
 __________________________________________________________________ 
Поезд|Рейс.|   Вагон айналымы      |Бағытты субсидиялау 
N    |тер  |_______________________|сомасы (мың тг) 
     |саны |вагон|вагон|вагон|вагон| 
     |     |түрi |түрi |түрi |түрi | 
__________________________________________________________________ 
   1    2     3     4     5     6        7 
__________________________________________________________________  
       200_жылғы___________айына арналған субсидиялау сомасы 
___________________________________________________құрайды 
(теңгедегі сомасы цифрмен және жазбаша)  
Тараптардың заңды мекен-жайлары: 
      Уәкілетті орган:                 Тасымалдаушы: 
      БСН                              БСН 
      Банктiк деректемелер             Банктiк деректемелер 
      ____________________________     ______________________ 
      (басшының қолы, Т.А.Ә.)          (басшының қолы, Т.А.Ә.)  
       ____________________________     ______________________ 
      (актілерді қабылдауға жауапты   (бас бухгалтердің қолы, 
          басшының қолы, Т.А.Ә.)                Т.А.Ә.) 
               М.о.                          М.о.
Тасымалдаушының әлеуметтiк
мәнi бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесiне
3-қосымша
Субсидияланатын бағыттардың 
тізілімі   
200_жылғы "_"______
 __________________________________________________________________ 
P/c N|Бағыттың|Жөнелту   |Жеткізу  |Бағытты субсидиялау 
     | N      |станциясы |станциясы|сомасы (мың тг) 
__________________________________________________________________ 
  1      2         3          4          5 
__________________________________________________________________  
       Субсидиялау сомасының жиыны:___________________________ 
                             (теңгедегi сомасы цифрмен және жазбаша) 
Осы тiзiлiмге мыналар қоса берiледi: 
      1._________________________ 
      2._________________________ 
      3._________________________  
       Тасымалдаушы:                         Уәкiлеттi орган: 
      ______________________            ______________________ 
      (басшының қолы, Т.А.Ә.            (басшының қолы, Т.А.Ә.) 
      ______________________           ______________________ 
     (актілерді қабылдауға жауапты     (бac бухгалтердiң қолы, 
          басшының қолы, Т.А.Ә.)                Т.А.Ә.) 
             М.о.                            М.о.  
Тасымалдаушының әлеуметтік мәні
бар қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты
залалдарын субсидиялау ережесіне
4-қосымша
Тасымалдаушылардың субсидияланатын қызметке байланысты нақты
шығыстарын қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстардың
тізбесі 
                      Субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарды қалыптастыру кезінде тасымалдаушылардың мынадай:
1) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптар, тауарлық-материалдық құндылықтардың бүлінуі мен жетіспеуі және қоймалардағы тауарлар қорлары, басқа да өндірілмейтін шығыстар (жұмысты ұйымдастыру сапасына және басқа да факторларға байланысты әр түрлі сипаттағы ысыраптарды жабатын өндірістік қызметке арналған шығындар) мен ысыраптар;
2) ластағыш заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін төленетін төлемдер;
3) үмітсіз борыштар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі аяқталған дебиторлық берешек);
4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы мен санкциялардың басқа түрлері;
5) кірісті жасырғаны (азайтқаны) үшін төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
6) ұрлықтардан келген зияндар;
7) ақаудан болған ысыраптар;
8) қызмет көрсететін шаруашылықтар мен учаскелерді ұстау (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т.б.);
9) денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар ұйымдарын, оқу орындарын, оның ішінде кәсіптік-техникалық училищелерді ұстау;
10) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстау;
11) ұйым қызметкерлері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, саяжай үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерді (пайызсыздарды қоса алғанда) өтеу;
12) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды (демалыс кештерін, концерттерді және басқаларды) өткізу;
13) демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету;
14) жолаушыларды темір жол көлігімен әлеуметтік бар қатынастар бойынша тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге тікелей қатысы жоқ шығыстардың басқа да түрлері бойынша шығыстары ескерілмейді.
«Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланыста залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі



2.

Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгi (мемлекеттiк органның құзыреті)

«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы



4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

« Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланыста залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы №886 Қаулысы

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді









Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердi көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлiмет



Талап етілмейді

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында www .mid .gov .kz орналастырылған

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)





жоқ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаменті директоры М. Елеусіз
  2014 жылғы «___»______________