«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау тізімін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау тізімін бекіту туралы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау тізімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбек жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығына қосымша
Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар
1. Алматы - Достық.
2. Алматы - Озинки.
3. Астана - Қайрақ.
4. Қарағанды - Петропавл.
5. Алматы - Локоть.
6. Ақтөбе - Озинки.
7. Астана - Озинки.
8. Алматы - Ақсарай.
9. Атырау - Ақсарай.
10. Астана - Тобыл - Илецк - Озинки.
11. Алматы - Астана.
12. Ақтөбе - Алматы.
13. Алматы - Шымкент.
14. Алматы - Петропавл.
15. Алматы - Қостанай.
16. Қарағанды - Алматы.
17. Алматы - Павлодар.
18. Көкшетау - Қызылорда.
20. Алматы - Атырау.
21. Алматы - Жезқазған.
22. Алматы - Маңғышлақ.
23. Алматы - Орал.
24. Ақтөбе - Маңғышлақ.
25. Атырау - Маңғышлақ.
26. Қостанай - Қарағанды.
27. Павлодар - Пресногорьковская.
28. Ақтөбе - Астана.
29. Алматы - Защита.
30. Астана - Лениногорск.
31. Арқалық - Астана.
32. Орал - Ақтөбе.
33. Қызылорда - Сексеуiл - Түркiстан.
34. Қарағанды - Семей.
35. Астана - Қызыл Ту - Петропавл.
36. Астана - Айсары.
37. Астана - Павлодар.
38. Ақтөбе - Атырау.
39. Қызылорда - Семей.
40. Шалқар - Сексеуiл.
41. Сағыз - Шұбарқұдық
42. Астана - Маңғыстау.
43. Павлодар - Дегелең.
44. Қарағанды - Астана.
45. Астана - Көкшетау.
46. Астана - Бурабай шипажайы.
47. Көкшетау - Астана - Ерейментау.
48. Астана - Бурабай шипажайы - Ақкөл.
49. Астана - Атбасар.
51. Алматы - Сарыағаш;
52. Астана - Тобыл;
53. Астана - Жезқазған.
54. Қостанай - Есіл - Арқалық.
55. Қызылорда - Астана.
56. Атырау - Астана.
57. Астана – Достық.
58. Павлодар – Қарағанды.
59. Орал – Астана.
60. Алматы – Алтынкөл.
61. Алматы-Талдықорған.
Ескертпе: Қоғам мен мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық жағдайына ықпал ететiн және мынадай өлшемдерге сәйкес келетiн қатынас әлеуметтiк мәнi бар қатынас болып танылады:
1) мемлекеттік мәнi - мемлекетаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының астанасы мен облыс орталықтарын Қазақстан Республикасымен айтарлықтай қоғамдық, сауда және өзге де өзара қарым-қатынастары бар мемлекеттердiң әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерінің астаналарымен және басты қалаларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерiнің барлық орталықтарын өзара және Қазақстан Республикасының астанасымен қосу;
2) баламасыздығы - ұзақтығы үлкен әрi тармақталуы aз болғанда қайта отырғызусыз қатарлас қатынастардың болмауы, ауа райы жағдайларына тәуелсiздігі, барлық маусымдылығы, жолаушыларды бiр жолғы жаппай тасымалдау;
3) әлеуметтік мәнi - халықтың жан басына шаққандағы табысында жол жүруге арналған шығысының қол жетiмдi деңгейiнiң сақталуы;
4) қол жетiмдiлігі - азаматтардың қол жетімдi балама көлiк түрлерi жоқ бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еркiн орын ауыстыру, оның шегiнен тыс шығу және кедергісiз қайтып келу мүмкiндігiн қамтамасыз ету.
«Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi | Мемлекеттік органның |
| 1. | Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
|
| 2. | Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгi (мемлекеттiк органның құзыреті) | «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | «Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы №1185 Қаулысы |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердi көздемейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлiмет | Талап етілмейді |
| 8 | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер | Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында www .mid .gov .kz орналастырылған |
| 9 | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | жоқ |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаменті директоры М. Елеусіз
2014 жылғы «___»______________

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |