• Мое избранное
«Азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабы 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;  
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдағаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрлігінің
 2014 жылғы «____» ___________
 №______ бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс
уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 19) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе  кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Осы Қағиданың әрекеті әуе тасымалдарын және/немесе авиациялық жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасының әуе кемелерін барлық пайдаланушыларға қолданылады.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1425 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) аса шағын көлемді шашу - гектарына 5 (бес) литрден аз сұйық препараттарын жұмсау нормасы;
3) әуе кемесі экипажының мүшесі - ұшуға арналған тапсырмаға енгізілген, белгілі бір қызметтік міндеттерді орындауға тағайындалған және қолданыстағы ұшу куәлігі бар авиациялық персоналының адамы;
4) әуе кемесінің бортындағы демалу орны – күшейтілген ұшу экипажының мүшесі үшін бизнес-салонның соңғы қатарындағы кресло, күшейтілген экипаждың қызмет көрсететін персоналы үшін экономикалық сынып салонының соңғы қатарындағы кресло. Ұшатын жұмыс уақыты 13 сағаттан асқан жағдайда, күшейтілген ұшу экипажының мүшелеріне арналған демалу орны тігінен 800  (сексен) және одан артық бұрышқа шалқаятын, экипаж кабинасынан және жолаушылардан оқшауланған, желдеткішпен қамтамасыз етілген жиналмалы ыңғайлы креслолармен жабдықталуға тиіс. Қос экипажға арналған демалу орны, экипаж кабинасынан және жолаушылардан оқшауланған, желдеткішпен қамтамасыз етілген жатып демалу орындарымен жабдықталуға тиіс;
5) бортсерік - ұшақтың салонында нақты міндеттерді орындау үшін пайдаланушы жалдайтын маман;
6) ең көп жұмыс уақыты – көрсетілген кезеңдердегі жұмыс уақытының жиынтығын құрайтын тізбекті кез келген 7 (жеті) тәулікте (апта), тізбекті кез келген 28 (жиырма сегіз) тәулікте (ай), тізбекті кез келген 365 (үш жүз алпыс бес) тәулікте (жыл) сенімді кәсіптік қызмет үшін экипаждың (экипаж мүшесінің) психофизиологиялық функцияларының қажетті деңгейі сақталатын жалпы жұмыс кезеңі;
7) бортсеріктердің күшейтілген бригадасы - бортсеріктердің ең аз санынан және оған қосымша екі бортсеріктен тұратын бортсеріктер бригадасы немесе мүшелерінің саны ұшақ салонында нақты міндеттерді орындау үшін қажетті ең аз саннан асатын және ондағы екі бортсерік ұшу кезінде демалу мақсатында басқа бортсеріктермен алмастырылуы мүмкін бортсеріктер бригадасы;
8) бортсеріктердің ең аз санды бригадасы - әуе кемесінің 50 (елу) жолаушы креслосына бір бортсерік есебінен тұратын бортсеріктер саны;
Жұмыс уақытының жекелеген кезеңдерін көрсететін және осы кезеңдер 8 (сегіз) сағаттан кем аралықтармен бөлінетін 2 (екі) немесе одан да көп кезең болған жағдайда, онда осы кезеңдердің алғашқысының басынан және олардың соңғысы аяқталғаннан басталатын уақыт 1 (бір) үздіксіз жұмыс уақыты кезеңін құраушы ретінде қарастырылады;
9) бір тәулік, бір апта, бір ай және бір жыл үшін белгіленген нормалардан тыс жұмыс уақыты мен ұшу уақытын нормативтен тыс - (мерзімнен тыс) деп санау, өйткені белгіленген нормалардан тыс әрбір сағатпен экипаж мүшесіне түсетін психо-физиологиялық жүктеме елеулі түрде артады;
10) биологиялық циркадты ырғақ циклындағы организмнің психо-физиологиялық функциялары (қолайсыз кезең) - таңертеңгі 2 (екі) сағат пен 5 (бес) сағат 59 (елу тоғыз) минут арасын қоса алғандағы уақыт аралығы, ол 3 (үш) сағаттық белдеулер шегінде негізгі әуежайдың жергілікті уақыты бойынша айқындалады;
11) вахталық әдіс - қызметкерлерді тұрғылықты жеріне күн сайынғы қайтару қамтамасыз етілуі мүмкін емес, олардың тұрғылықты жерінен тыс еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны;
12) демалыс - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес экипаж мүшесі өзінің кәсібіне байланысты кез келген міндеттерді орындаудан босатылатын уақыт кезеңі;
13) демалыс күні – негізгі әуежайда немесе оның шегінен тысқары жерде демалу уақыты, ол жергілікті уақыт бойынша 2 (екі) түнді қамтиды және кемінде тізбекті 36 (отыз алты) демалыс сағатын құрайды;
14) жұмыс уақыты - экипаждардың мүшелері қызметтік міндеттерін атқаратын уақыт. Ол ұшу кезіндегі жұмыс уақытынан және ұшуды орындауға тікелей байланысты емес жердегі жұмыс уақытынан құралады;
15) жұмыс резерві - басқа экипаждың қажеттілігі кезінде уақтылы ауыстыру мақсатында кәсіби қызметін орындауға тұрақты дайындықта болатын экипаж мүшесінің жүйеленген тізімі;
16) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1425 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
17) күшейтілген ұшу экипажы – мүшелерінің саны әуе кемесін басқару үшін ең төменгі қажеттіліктен асатын және ұшу экипажының әрбір мүшесі ұшу кезінде демалу мақсатында өзіне белгіленген жұмыс орнын тастап, ұшу экипажының әуе кемесін басқару кезіндегі лауазымдық міндеттерге сәйкес келетін біліктілігі бар басқа мүшесімен ауыса алатын ұшу экипажы;
18) қос ұшу экипажы — олар ұшу уақыты ішінде кезекпен әуе кемесін басқаруды жүзеге асыру үшін бір уақытта тағайындалатын, 2 (екі) ұшу экипажынан тұратын экипаж;
ұшу экипажы - ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттерді орындау жүктелетін авиация персоналына жататын, авиациялық персоналының қолданыстағы куәлігі бар адамдары;
19) негізгі әуежай — пайдаланушының әуе кемелері тұрақты орналасатын әуежай немесе пайдаланушы айқындайтын өзге әуежай;
20) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1425 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
21) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
22) резервтегі кезекшілік - экипаж кестеге сәйкес басқа экипаждың қажеттілігі кезінде уақтылы ауыстыру мақсатында кәсіби қызметін орындауға тұрақты дайындық кезінде талап етілетін орында болатын бөлінбейтін уақыт кезеңі;
23) резервтегі кезекшілік уақыты - экипаж мүшесі жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметтік міндеттерін орындамайтын, бірақ оларды орындау туралы өкім алуға дайын болуға тиіс және демалу уақытымен бөлінбейтін уақыт кезеңі;
24) уақыт кезеңі - олардың шегінде пайдаланушы өз экипаждарының мүшелері үшін бағдарлама жасайтын және (немесе) олар шын мәнінде жүзеге асыратын қызметті ескеретін кез келген үздіксіз 24 (жиырма төрт) сағат, кез келген дәйекті 7 (жеті) тәулік, кез келген дәйекті 28 (жиырма сегіз) (29-31) (жиырма тоғыз - отыз бір) тәулік, сондай-ақ  кез келген дәйекті тәуліктердің 12 (он екі) айы уақытының жиынтығы;
25) ұшу алдындағы демалу уақыты – лауазымдық міндеттерін атқарғанға дейінгі үзіліссіз және белгілі бір уақыт кезеңі, онда ұшу экипажының немесе кабина экипажының мүшелері барлық лауазымдық міндеттерін атқарудан босатылады, ұшу алдындағы демалу уақыты ұшудан кейінгі демалу уақытымен сәйкес келуі немесе оның бір бөлігі болуы мүмкін;
26) ұшу арасындағы демалу уақыты – лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінен кейінгі және оған дейінгі үзіліссіз және белгілі бір уақыт кезеңі, онда ұшу экипажының немесе кабина экипажының мүшелері барлық лауазымдық міндеттерін атқарудан босатылады;
27) ұшатын жұмыс уақыты – экипаж мүшесі өзінің ұшуды немесе ұшулар сериясын орындауды қамтитын лауазымдық міндеттерін атқару үшін келген кезде басталатын және өзі экипаж мүшесі болып табылатын ұшу аяқталғаннан кейін әуе кемесі толықтай тоқтаған кезде аяқталатын уақыт кезеңі;
28) ұшуға келу уақыты - пайдаланушының талабына сәйкес ұшу және кабиналық экипаждар мүшелері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау үшін келетін уақыт;
29) ұшу уақыты: ұшақтар үшін – ұшып көтерілу мақсатында қалып жиналып, әуе кемесі қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейін ұшақ толықтай тоқтап, қалыптар орнатылған және барлық қозғалтқыштар немесе әуе бұрандаларының айналуы ажыратылған сәтке дейінгі жалпы уақыт;
тікұшақтар үшін – ұшып көтерілу мақсатында тікұшақтың тірек бұрандаларының қалағы айнала бастаған және қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейін тікұшақ толықтай тоқтаған және тірек бұрандаларының айналуы тоқтаған сәтке дейінгі жалпы уақыт;