«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдағаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 жылғы «____» ___________ №______ бұйрығымен бекітілген
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы
Жалпы ережелер
1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21) тармақшасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу тәртібін айқындайды.
1. Осы Қағидада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) өтінім – өтініш берушінің сертификаттау рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
2) өтініш беруші – авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
3) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын өтініш беруші құралдарының, жабдықтарының, пайдалану рәсімдерінің, технологиялық процестерінің, құжаттамасының, ұйымдық құрылымының, әкімшілік, ұшу және жердегі персоналы құзыретінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін тексеру;
4) сертификаттық талаптар – азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптар;
5) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау – ұшу тәртібін, ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын регламенттейтін құжат;
6) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауы – аталған пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жоспарлы және жоспарлы емес жұмыстарын уақтылы және қанағаттанарлық орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипатын қамтитын құжат;
7) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік – пайдаланушының осы Қағиданың талаптарына және сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген құжат;
8) техникалық қызмет көрсету бағдарламасы – техникалық қызмет көрсету бойынша нақты жоспарлы жұмыстардың сипатын және оларды орындау мерзімділігін, сондай-ақ сол әуе кемелеріне қатысты пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті олармен байланысты рәсімдерді қамтитын құжат.
3. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік үш жыл мерзімге беріледі және оны басқа тұлғаға беруге болмайды.
4. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
5. Пайдаланушы авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте белгіленген пайдалану талаптары мен шектеулерді сақтайды.
Сертификаттауды жүргізу тәртібі
6. Сертификаттау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінімді құжаттармен қоса беруі;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның алдын ала бағалауы және өтінім бойынша шешім қабылдауы;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттық тексеру жүргізуі;
4) шешім қабылдау және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік беру (беруден бас тарту).
Өтінім беру, алдын ала бағалау және өтінім бойынша шешім
қабылдау
8. Өтініш беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім жібереді.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау үшін төленген алымды растайтын құжат;
2) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
3) өтініш беруші жарғысының және құрылтай шартының көшірмелері;
4) өтініш берушінің мынадай ақпараты:
өтініш беруші қызметінің негізгі орны;
ұшудың болжамды түрлері;
ұшу жұмысын ұйымдастыру;
ұшу жарамдылығын қолдау жүйесі;
ұшуды қамтамасыз ету;
ұшу персоналының және техникалық персоналдың әзірлігі;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігі;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |