«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларын бекіту туралы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдағаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 жылғы «____» ___________ №______ бұйрығымен бекітілген
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының талаптарына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (II бөлім) 6-қосымшасына (1944 ж. Чикаго) сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағида сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз киллограммнан кем болатын және сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды пайдаланатын, сондай-ақ сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмннан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивты (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғаларды жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындауға жіберу тәртібін анықтайды.
3. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) өтініш беруші – жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ретінде есепке тұру немесе жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындау құқығына арналған куәлік алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
2) ұшуды орындау құқығына арналған куәлік – Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидасында белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін құжат;
3) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы – әуе кемесін жалпы мақсаттағы авиация мақсатында ұшу үшін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
4) жалпы мақсаттағы авиация ұшуы – коммерциялық әуе тасымалы немесе авиациялық жұмыстарды орындауға байланысты ұшудан басқа, әуе кемелерінің ұшуы;
5) ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулық – ұшудың тәртібін, ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын регламентейтін құжат;
6) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы – осы пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы және жоспарлы емес барлық жұмыстардың уақтылы және қанағаттанарлықтай орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипатын қамтитын құжат.
2. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз
киллограммнан кем болатын ұшақтарды және сертификатталған ең
жоғары ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды пайдаланатын жалпы
мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу
4. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограммнан кем болатын ұшақтарды және сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберуге мынадай шарттарды сақтау:
1) әуе кемесінің осы түрін басқаруға рұқсаты бар пилоттың қолданыстағы куәлігінің болуы;
2) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификатының болуы;
3) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз ету;
4) аэроклубтармен немесе әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдармен бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу кезінде авариялық хабар беруді қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шарттар жасау негіз болып табылады.
5. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз киллограммнан кем болатын ұшақтарды және сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды жіберу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінім жолдайды.
6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік 10 күн ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарайды. Егер құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмесе немесе толық көлемде ұсынылмаса, онда өтінім жазбаша түрде қайтару себебі көрсетіле отырып қайтаруға жатады.
7. Құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келген жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің осы өтініш берушісін (иесін) есепке қояды.
8. Жалпы мақсаттағы авиация әуе кемелерін пайдаланушыларды (иелерін) есепке алуды электрондық және қағаз тасымалдағышта азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
9. Әуе кемесінің иесі мен командиры (пилот) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
3. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз
килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше
турбореактивті (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған
ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға жіберу
10. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті (бұдан әрі – Куәлік) бергеннен кейін ұшуға жіберіледі.
11. Куәлікті басқа адамға беруге болмайды.
12. Куәлік 3 жыл мерзімге беріледі. Тексеру кезеңділігі 3 жылды құрайды.
13. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қолымен және мөрімен куәландырылған Куәліктің көшірмесі әуе кемесінің бортында болады.
14. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
4. Куәлікті беру тәртібі
15. Куәлікті берудің мынадай тәртібі белгіленеді: