«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 31) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
| Продукты: |
|
Отправить по почте
«Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 31) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ереже бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаментіне (Б.Н. Сәрсеновке):
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ____________ Т. Дүйсенова 2014 жылғы «____»________
| «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық министрі ____________ Е. Досаев 2014 жылғы «____»________ |
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген
Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар персоналының жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлауды ұйымдастырудың негізін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жұмыс орындарын ұтымды ету – бар жұмыс орындарын жетілдіруге және оларды пайдалануды, олардың техникалық және ұйымдық деңгейін, еңбек жағдайы мен қауіпсіздік техникасын жақсартуға, артық жұмыс орындарын таратуға және тиімділігі аз жұмыс орындарының орнына жаңа жоғары өнімді жұмыс орындарын ашуға бағытталған ұйымдық-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
2) жұмыс орындарын жоспарлау – жұмыс орындарының еңбек ресурстары мен еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ету теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында олардың оңтайлы санын және құрылымын есептеу;
3) жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындау кезінде тұрақты немесе уақытша болатын кеңістікті аймақ;
4) жұмыс орындарын есепке алу – жұмыс орындарының санын айқындау және олардың осы Ережеде қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылатын жіктелуі;
5) жұмыс орындарын аттестаттау – жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау;
6) жылжымалы жұмыс орны – еңбек аймағының белгіленген шекарасы жоқ, оларға мұқтаждық кәсіпорынның әртүрлі орындарында туындайтын жұмыстарды орындауға арналған жұмыс орны;
7) жеке жұмыс орны – нақты бір қызметкерге оның жеке жұмыс аймағы ретінде бекітілген жұмыс орны;
8) жұмыс аймағы – өз жабдықтары мен құрал-саймандары бар кеңістікті оқшауландырылған жұмыс аймағы;
9) стационарлық жұмыс орны – еңбек аймағының белгіленген шекарасы бар, жұмыстарды кәсіпорынның нақты тағайындалған орнында орындауға арналған жұмыс орны;
10) ұжымдық жұмыс орны – бірнеше қызметкердің әрқайсысына жеке жұмыс аймағы бекітілмеген жұмыспен айналысатын жұмыс орны.
3. Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлаудың мақсаттары:
1) персоналдың қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мен қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанушылық пен өлім-жітім деңгейін төмендету;
2) негізгі өндірістік қорлар мен еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану есебінен электр және жылу энергиясын өндіру мен таратудың тиімділігін арттыру болып табылады.
4. Жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау бойынша жұмыстарды жүргізу ұйымдар қызметкерлерінің және ұйымдағы қызмет ететін кәсіптік одақтардың өкілдерін міндетті түрде жұмылдыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Энергетикадағы жұмыс орындарын есепке алу және аттестаттау
5. Есепке алудың толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс орындарының мынадай негізгі жіктеу белгілері пайдаланылады:
2) қызметкерлердің саны бойынша - жеке, ұжымдық;
3) жылжымалық деңгейі бойынша - стационарлық, жылжымалы;
4) қызметкерлердің санаты бойынша – жұмысшылардың, қызметшілердің жұмыс орындары;
5) пайдалану уақыты бойынша.
6. Есепке алуға барлық қолданыстағы және пайдаланылмайтын, есепке алуды жүргізу күніне жұмыс күшімен қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ оқу жұмыс орындарын қоса алғанда, барлық қызметкерлер санатының барлық жұмыс орындары жатады.
7. Ұжымдық жұмыс орны есепке алу кезінде қолданыстағы еңбек және басқа да нормалар мен нормативтер негізінде жекеге жатқызылады, ал аттестаттау жүргізу кезінде бір жұмыс орны ретінде қаралады.
8. Әр жұмыс орны оның бір немесе бірнеше ауысымда пайдаланылуына қарамастан, бір жұмыс орны ретінде есепке алынады.
9. Тұрақты пайдаланылмайтын жұмыс орындары үшін олардың есепке алу күніне жұмыс істеуіне/істемеуіне қарамастан, олардың орташа жылдық ұзақтығы көрсетіледі.
10. Жұмыс орындарын есепке алу ведомость бойынша жүзеге асырылады (осы Ережеге 1-қосымша).
11. Жұмыс орындары осы Ережеге 2-қосымшада келтірілген ұсынымдар ескеріле отырып айқындалады.
12. Жұмыс орындарын есепке алу жұмыс орындарын аттестаттауды жүргізу мерзімділігіне сәйкес мерзімділікпен жүзеге асырылады.
13. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарды техникалық жарақтандыру, технологиялық процестерді жақсарту және өзге де ұйымдық-техникалық іс-шараларды өткізу кезінде көрсетілген өзгерістермен көтерілген жұмыс орындарының құрамы, олардың шекаралары, сондай-ақ жұмыс орындарының жалпы саны жұмыс орындарын есепке алу ведомосына тиісті өзгерістер енгізу жолымен қайта қаралуы тиіс.
14. Жұмыс орындарын аттестаттау осы Ережеде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
3. Энергетикадағы жұмыс орындарын ұтымды ету және жоспарлау
15. Жұмыс орындарын ұтымды ету және жоспарлау жұмыс орындарын есепке алу мен аттестаттау нәтижелері, қызметкерлердің ұсыныстары мен энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың озық тәжірибелері негізінде жүзеге асырылады.
16. Жұмыс орындарын ұтымды етудің негізгі міндеттері:
1) жұмыс орындарының техникалық деңгейін жетілдіру;
2) жұмыс орындарының ұйымдық деңгейін жетілдіру;
3) жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жетілдіру;
4) артық және тиімділігі аз жұмыс орындарын тарату болып табылады.
17. Жұмыс орындарын жоспарлаудың негізгі міндеттері:
1) жұмыс орындары санын дәйекті оңтайландыру;
2) әр жұмыс орнының барынша жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету;
3) жұмыс орындары мен қызметкерлердің теңгерімділігіне қол жеткізу және кейіннен оны қолдау болып табылады.
18. Пайдалануға жаңадан енгізілген кәсіпорындар мен өндірістерде жұмыс орындарының саны жұмыс орындарының нормативтік (жобалық) жинақталуын есепке алу арқылы айқындалады. Жұмыс орындарының саны кәсіпорынның жобасында, ал жобаны әзірлеу сатысында оның техникалық-экономикалық негіздемесінде немесе басқа да жобалық материалдарда көрсетіледі.
19. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар жұмыс орындарын аттестаттау аяқталған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей жұмыс орындарын ұтымды ету жоспарын әзірлейді.
20. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар жұмыс орындарын жоспарлауды тұрақты негізде жүзеге асырады және тарифтік сметаларды жасау кезіндегі жоспарлау нәтижелерін ескереді.
Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережеге 2-қосымша
Жұмыс орындарын айқындау жөніндегі ұсынымдар
1. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарда жұмыс орындарын айқындау кезінде қызметкерлердің басым көпшілігінің еңбек қызметі бір-бірінен едәуір ара қашықтықта орналасқан және әдетте қауіпті және зиянды факторлар аймағынан өтетін жер (өтпе) бағыттарымен байланысатын қызмет көрсетілетін жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жиынтығын қамтитын жұмыс аймағында жүзеге асырылатындығын ескеру қажет.
2. Қызметкердің технологиялық процестерге байланысты операцияларды, жедел және техникалық қызмет көрсетуді және ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу жұмыстарын орындайтын барлық орындарды осы қызметкердің немесе қызметкерлер тобының жұмыс орны ретінде қарау керек.
3. Жедел пайдалану персоналының жұмыс орны қызмет көрсету нормаларын, маршруттық және технологиялық карталарды ескере отырып айқындалған кеңістікті аймақ болып табылады. Мысалы, турбиналық жабдық бойынша барлаушы машинисттің жұмыс орны жабдыққа қызмет көрсетілетін турбиналардың саны ескеріле отырып тексеру жүргізілетін турбиналық жабдықтың барлық белгілерінің жұмыс аймақтарын қамтиды. Қосалқы станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электр монтердің жұмыс орнына жабдық пен құрылыстарды қарау және оларға техникалық қызмет көрсетудің технологиялық карталарына сәйкес басқару қалқанының үй-жайы мен қосалқы станциялардағы жұмыс аймақтары қамтылады.
4. Жөндеу жұмысын атқаратын персоналдың жұмыс орны тікелей жөнделетін жабдықтың, ғимараттың және құрылыстың жанында орналасқан жөндеу шеберханалары, қызметкерлердің демалыс бөлмелері және жөндеу жұмыстарын жүргізбейтін алаңды қамтитын кеңістікті аймақ болып табылады.
Осындай жұмыс орындары орындалған жөндеу жұмыстарының түрлері бойынша мамандандырылатын бригадалар санына байланысты айқындалады.
Мысалы, ЖЭС қыздыру қабатын жөндеу бойынша бригаданың жұмыс орны шеберхана үй-жайлары, демалыс бөлмесі, қазандықтың жанындағы жұмыс алаңы, қазандық пеші, сондай-ақ жөнделетін қазандықтардың саны ескерілетін кеңістікті аймақ болып табылады.
ЭЖК электр берудің әуе желілерін жөндеу жөніндегі бригаданың жұмыс орны ӘЖ жөнделетін учаскенің ұзындығымен айқындалатын кеңістікті аймақ болып табылады. Сондай-ақ, жұмыс орнына тіректегі жұмыс, автомобильдегі өту жолы, базадағы жөндеу шеберханалары да кіреді.
5. Жедел (кезекші) персоналдың жұмыс орны басқару қалқанының үй-жайы, диспетчерлер бөлмесі, сондай-ақ тексеріп қарауды жүргізу арқылы күнделікті қарап өтілуі тиіс электр жабдығы кіретін жұмыс аймағы болып табылады. Жұмыс орындарының саны нормативтік сан және қызмет көрсету нормалары ескеріле отырып құрылған штаттық кесте бойынша айқындалады.
Мысалы, энергия блок машинисінің жұмыс орны басқару қалқанының үй-жайы болып табылады. Электр желілері диспетчерінің жұмыс орны – басқару қалқанының үй-жайы.
6. Әкімшілік-басқару персоналының жұмыс орны жұмыс үй-жайы кіретін жұмыс аймағы болып табылады. Жұмыс орнының атауы орындалатын функциялар бойынша айқындалады (Мысалы, ӨТБ, ӨТҚ, бухгалтерия).
«Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы «____» _____________ №____ бұйрығына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
| р / с № | Көрсетілуге тиісті мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы ны ң Энергетика министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 31) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтіру |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | «Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ереже» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы қаулысы. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «___» _________ № ____ қаулысымен күші жойылды |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып , олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздей ме | жоқ |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | жоқ |
| 8.
| Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мәліметтер | Қазақстан Республикасының энергетика министрлігінің интернет-ресурсында www . energo . gov . kz жарияланған |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) |
|
| Қазақстан Республикасы ның Энергетика министрлігінің Заң қызмет департаментінің директоры |
М. Хайруллин |
2014 жылғы «_____» ____________