• Мое избранное

Отправить по почте

«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының, 6-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтын орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.  
Министр А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
2014 жылғы «___» _______
№ ___ бұйрығына қосымша
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер  
1. Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдесіндегі Заңына сәйкес әзірленген және Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын (бұдан әрі – МЖББС) әзірлеу тәртібін айқындайды.  
2. Осы Қағидаларда келесі анықтамалар пайдаланылады:  
1)  білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
2) Білім беру мазмұны - жеке тұлғаның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).  
3) білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс.
2. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеудің тәртібі  
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеуге қойылатын талаптар
3. Білім беру саласындаға уәкілетті орган білім берудің келесі деңгейлері бойынша МЖБС әзірлеуді ұйымдастырады:  
1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру;
2) бастауыш білім;
3) негізгі орта білім;
4) орта білім (жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім);
5) орта білімнен кейінгі білім беру;
6) жоғары білім;
7) жоғары білімнен кейінгі білім беру.
4. МЖБС әзірлеу сатысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
5. МЖБС әзірлеу мүдделі мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар, ғылыми-әдістемелік орталықтар, кәсіпорындар, салалық бірлестіктердің және жұмыс берушілердің кәсіби қауымдастықтар өкілдерін тарту арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының құрылымы  
6. МЖБС құрылымы білім беру деңгейлері бойынша төмендегі тараулардан құралады:  
1) Жалпы ережелер
2) Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
3) Бастауыш білім беру мазмұнына қойылатын талаптар;
4) Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар.  
7. «Жалпы ережелер» тарауында бастауыш білім берудің негізгі міндеттері көрсетілген:
1) адам, табиғат және қоғам туралы пропедевтикалық білім қалыптастыру;
2) Рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту;
3) функционалдық білім алу дағдыларын қалыптастыру: алған білімін қолдана алу, өз ойын логикалық түрде ауызша және жазбаша түрде жеткізу, кез келген ортада қарым-қатынас орната білу;
4) дербес және ұжымдық жұмысты тиімді ұйымдастырудың, адам, табиғат және қоғам туралы пропедевтикалық білімді қалыптастырудың негізі ретінде ақпарат іздеу, талдау және түсіндіру дағдыларын жас мүмкіншіліктеріне қарай дамыту.
8. «Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» тарауында Күтілетін оқыту нәтижелері бір-біріне жақын бірнеше оқу пәндерін біріктіретін әрбір білім аясының ерекшелігін есепке ала отырып жоспарланған. Олар: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Дене шынықтыру».  
9. «Білім берудің мазмұнына қойылатын талаптар» тарауында Білім беру ұйымдарында әрбір білім аялары бойынша бастауыш білімнің базалық мазмұны бастауыш білім берудің негізгі миссиясына сәйкес анықталған, оған сәйкес оқушыны оқытып қана қоймай, оның бойына руханият пен әлеуметтік мәні бар дағдылардың негіздері анықталған.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критериалды бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын-ала белгілі, білім беру ұйымының білім беру мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген.
Бағалау жүйесі – білім беру үдерісі бойынша әрбір оқушының жеке даму траекториясын қадағалауға мүмкіндік береді.  
10. «Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар» тарауында білім және тәрбие алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі айқындалады:  
1) Оқушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі білім беру ұйымында 29 сағаттан аспауы керек  
2) Инвариантты және вариативті компоненттерді құрайтын оқушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік (типтік) оқу жоспарында белгіленеді;  
3) Апталық оқу жүктемесі сыныптағы (элективті курстар) және сыныптан тыс (дербес сабақтар мен үйірме жұмыстары) оқу жұмысының барлық түрлерін қамтиды. Жалпы білім беретін арнайы мектептердің оқу жоспарларында білім алушылардың дамуындағы кемістіктер түріне сәйкес міндетті коррекциялық компонент қарастырылған. Жалпы білім беретін арнайы мектептердің оқу жоспарларында инвариантты, коррекциялық және вариативті компоненттер оқушылардың айрықша білім алу қажеттіліктерін ескере отырып бекітіледі.  
Білім беру ұйымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі тиіс.