2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 22-4/10396 хатқа
Отправить по почте
«Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 11302 сараптамалық қорытындысы
2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 22-4/10396 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн , оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
Ұсынылған жоба жеке кәсiпкерлiктің мүдделерiн қозғайтын құқық нормаларын қамтымайтынын ескере отырып , сараптама жүргізу мүмкін емес.
Басқарма мүшесі Н. Әлтаев