Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұлттық шаруашылық жүргізуші субъектілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1057 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған 2013 жылғы 20 қарашада Санкт-Петербург қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұлттық шаруашылық жүргізуші субъектілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі туралы келісім бекітілсін.
2.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов