Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Достық үйі – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін тарату және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1081 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 04.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Президентi жанынан «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттiк мекемесiн құру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 837 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Достық үйі – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) таратылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесіне таратылатын мекеме кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүліктерді беруді қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi – Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 403 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 432-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 қазандағы
№ 1081 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Toggle Dropdown
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
Toggle Dropdown
3-бөлімде:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:» деген жолда «2974,5» деген сандар «2937» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:» деген жолда «2688,5» деген сандар «2651» деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
10) тармақша алып тасталсын.
Toggle Dropdown
1
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)