Bestprofi Logo

Бұйрық № 468 от 2014-08-05г./Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2015 г.

Документ на казахском языке

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 468 Бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 10 хаттамалық шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Халықаралық бірлескен Кеңес (JCI, США) стандарттары бойынша аккредиттеуден өту туралы куәлігі медициналық ұйымдар үшін коэффициент;»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 18-қосымшамен толықтырылсын;

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.

3. Осы бұйрық 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 468 бұйрығына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына 18-қосымша

Халықаралық біріккен Кеңес (JCI, США) стандарттары бойынша аккредиттеуден өту туралы куәлігі бар медициналық ұйымдар үшін коэффициент

р/с

Атауы



Коэффициент (JCI)

1

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ

1,852

2

«Нейрохирургия ұлттық орталығы» АҚ

2,424

3

«Республикалық диагностикалық орталық» АҚ

8,308

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание