2014 жылғы 13 қыркүйектегі № 09-04/21 -И хатқа










Отправить по почте
«Спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық іс-шараларды өткізу кезіңде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауруынан және жарақат алуынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 11672 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-1-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес әзірленген «Спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық іс-шараларды өткізу кезіңде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауруынан және жарақат алуынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрық жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн , оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
Ұсынылған жоба жеке кәсiпкерлiктің мүдделерiн қозғайтын құқық нормаларын қамтымайтынын ескере отырып , сараптама жүргізу мүмкін емес.
Басқарма мүшесі Н.Әлтаев

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |