2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 8-1-42/22001 хатқа










Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Тұжырымдама жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 16 қазандағы № 11350 сараптамалық қорытындысы
2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 8-1-42/22001 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Тұжырымдама жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағына және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
Осыған байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғамайтын нормативтiк құқықтық актiнің жобасын қарау Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзыретіне жатпайды.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары З. Ноғайбай

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |