2014 жылғы 13 қазандағы № 14-1/593-И хатқа
| Продукты: |
|
Отправить по почте
«Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстарды азықтандыру нормативтерін бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 11688 сараптамалық қорытындысы
2014 жылғы 13 қазандағы № 14-1/593-И хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 03 шілдедегі № 228-V Заңы 7-бабының 51-тармақшасына сәйкес әзірленген «Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстарды азықтандыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрық жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
Ұсынылған жоба жеке кәсiпкерлiктің мүдделерiн қозғайтын құқық нормаларын қамтымайтынын ескере отырып, сараптама жүргізу мүмкін емес.
Басқарма мүшесі Н. Әлтаев