2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 9-2-6/3118-и хатқа










Отправить по почте
«Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 17 қазандағы № 11450 сараптамалық қорытындысы
2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 9-2-6/3118-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын қарап, келісіні хабарлаймыз.
2-тараудың 4-тармағының 4) тармақшасын түзетіп, мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«4) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы жануарларын, үй жануарлары мен асыл тұқымды жануарларды уақытылы вакцинациялауды, дегельминтиздеуді және диагностикалауды».
3-тараудың 7-тармағына 1) тармақшаны қосып, мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«1) қойылған ғылыми немесе оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін жануарлардың барынша аз санын пайдалану».
3-тараудың 8-тармағын түзетіп, мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«8. Жарақат немесе ауырпалы тітіркендіргіштер келтірілуі мүмкін емдеу шаралары тәжірибелік жануарларға олардың мақсатына және жануарлардың түріне қарамастан жансыздандыру жағдайында жасалады. Бұдан басқа, жануардың қиналуы бұл аурудан немесе күйзелістен көбірек, оған жануарға келтірілуі мүмкін кез келген зияннан кең қарау қажет».
8-тараудың 20-тармағына 7) тармақшаны қосып, мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«7) жануарлардың тазалығы тұрғысынан жас төлдер ересек жануарлардан бұрын өлтірілуі тиіс: биологиялық қауіпсіздік тұрғысынан бірінші кезекте контаминацияланған, олардан кейін жанасқан, сонан соң барлық қалған жануарлар өлтірілуі тиіс».
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жобаны пысықтау кезінде көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес негізделген жауап жіберуді сұраймыз.
Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің Хатшылығы хатшысының орынбасары Д. Ошакбаев

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |