Toggle Dropdown
2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 08-8-05/16-И хатқа қатысты
Отправить по почте
«Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 394 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 17 қазандағы № 11370 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 08-8-05/16-И хатта баяндалған нормативтік құқықтық актілерді қарап келесіні хабарлаймыз.
«Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 394 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) бойынша.
1. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 4) тармақшасымен сәйкестікке келтіру мақсатында, қаулы жобасының «Жалпы ережелер» бірінші бөлімі 2-тармағының бірінші бөлігінде «тиісті кезеңге» деген сөздерден кейін «және жаңа активтерді жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, реконструкциялауға , техникалық қайта жарақтандыруға жұмсалған» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру әрдайым техникалық-экономикалық әсер алуға, оның ішінде көлемнің артуына, тозудың кемуіне алып келе бермейтіндігінен және тиіс еместігінен, қолда бар активтерді қайта құруға және жұмыс жағдайында сақтауға және апаттық жағдайларды болдырмауға бағытталуы мүмкіндігінен, қаулы жобасының 5-тармағының 1) тармақшасы «техникалық-экономикалық эффектіні,» деген сөздерден кейін және «өзіне бірін қоса отырып» деген сөздердің алдында «қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ қолда бар активтерді реконструкциялауға және жұмыс жағдайында сақтауға және апаттық жағдайларды болдырмауға,» деген сөздермен толықтырылсын.
3. Бекітілген мынадай:
- инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру нәтижесінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарын жоспарланған азайтуды;
- инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру нәтижесінде негізі құралдардың тозуының кемуін жоспарланған төмендетуді;
- инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру нәтижесінде нормативтік техникалық ысыраптарды (олар болған кезде) жоспарланған төмендетуді есептеу әдістемелерінің болмағанына байланысты Қаулы жобасының 7-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші бөліктерін алып тастауды ұсынамыз.
4. Қаулы жобасының 1-бөлімі 8-тармағының екінші және үшінші бөліктері уәкілетті органмен бекітілген нұсқаулықтарға сәйкес активтер құнына және табыс мөлшерлемесіне орай айқындалатын табыс деңгейін, сондай-ақ акционерлерге дивидендтер төлеу мен табиғи монополия субъектісінің басқа да дәлелді шығындарын төлеу мүмкіндігін шектейді. Осыған байланысты, оларды алып тастау ұсынылады.
5. Үкімет қаулысы 10-тармағының қолданыстағы нормасы кредиттер үшін сыйақыны және оларға қызмет көрсету үшін пайда болған шығындарды негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнына енгізу туралы уәкілетті органның әрекеттеріне қатысты барынша толық түсінік беретіндіктен оны қаулы жобасынның 9-тармағында қолданыстағы редакциясында қалдыруды ұсынамыз.
6. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру әрдайым техникалық-экономикалық әсер алуға, оның ішінде көлемнің артуына, тозудың кемуіне алып келе бермейтіндігінен және тиіс еместігінен, қолданыстағы активтерді қайта құрылымдауға және жұмыс жағдайында сақтауға және апаттық жағдайларды болдырмауға бағытталуы мүмкіндігінен, қаулы жобасының 18-тармағының 1) тармақшасы «инвестициялық жобаның (бағдарламаның)» деген сөздердің алдында «ұсыналатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) ағымдағы сапасын қолдауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындауға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын.
Бұдан басқа, қаулы жобасының бүкіл мәтіні бойынша пайдалануға енгізілетін жабдықтардың паспорттық сипаттарын қамтитын құжаттарды талап ету алып тасталсын , себебі ТМС сатып алулар жүргізгенге дейін осындай деректерді ұсына алмайды.
«Табиғи монополия субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы бойынша.
Өндірістің қолданыстағы технологиясының көзқарасы тұрғысынан нақты соңғы екі жыл көрсеткішті болып табылады. Барынша ерте кезеңдер ескірген жабдықтармен немесе өндіріспен сипатталуы мүмкін, сондықтан 5-тармақтың 4) тармақшасының мәтіні бойынша және табиғи монополия субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту Қағидаларына Қосымша нысанын толтыру бойынша түсіндірменің 2-бөлімінде «бес жыл» деген сөздер «екі және одан көп жылдар» деген сөздермен алмастырылсын және қосымшалар сәйкестікке келтірілсін.
« Табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына (Қазақстан Республикасы агенттігі Төрағасының «Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту Қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ және «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту Қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрықтарына) өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы бойынша.
Қазақстан Республикасы агенттігі Төрағасының «Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту Қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығы бойынша.
1. Тариф қалыптасуының икемділігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін тарифтердің біртіндеп көтерілуін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты Шекті тарифтер жөніндегі қағидаларының 12-тармағын қалдырып , мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«12. Ұзақ мерзімді кезеңге тарифтердің шекті деңгейлерін әрбір жылға бекітуге жол беріледі».
Сонымен қатар, Шекті тарифтер жөніндегі қағидаларға бірқатар ұсыныстар бар.
2. ТМС тәуелді емес себептер бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі және тиісінше тарифтердің шекті деңгейін есептеу кезінде қарастырылған тарифтік кірістің төмендеуі орын алатын жағдайлар туындауы мүмкін. Бұл ретте бірқатар жағдайларда құбылмалы шығындар төмендейді.
Алайда, осы жағдай субъектінің сапасыз жұмысының куәлігі болмайды және шекті тарифті төмендету үшін негіз болып табылмауы тиіс. Осыған орай, 10-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктерін алып тастауды ұсынамыз.
3. ТМС нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту Қағидаларына ескертулерде атап өтілгендей, нормалар мен нормативтік ысыраптардың, сондай-ақ ағымдағы және күрделі жөндеу шығындарының нормативтік саны мен сметасының қолданылу кезеңін шектемеу ұсынылады.
4. ТМС көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін көрсетуі, сәйкесінше, бірнеше тарифтері болуы (мысалы, шамамен 30) мүмкіндігін атап өтеміз. Бұл ретте, жөндеу шығыстарының нормалары мен сметасы, әдеттегідей, бірден барлық тарифтер бойынша (немесе олардың көбісі бойынша) бекітіледі. Ал тарифтерді қайта қарау әртүрлі жылдары мүмкін. Егер жөндеу шығындары нормалары мен сметасының және шекті тарифтердің қолданылуы кезеңдерінің сәйкестігі талап етілетін болса, онда субъектіге жөндеу шығындарының нормалары мен сметасын үнемі қайта бекітіп отыруға тура келеді. Бұл артық жұмысты туындатады, бірақ оң экономикалық әсер алып келмейді.
Осыған орай, әртүрлі қарама-қайшы түсіндірулерді болдырмау үшін жөндеу шығындарының көрсетілген нормалары мен сметасы қарау кезеңінде қолданыста болуы тиіс екендігін нақтылау ұсынылады. Осы себеп бойынша:
- 14-тармақтың 15) тармақшасының бірінші бөлігін «белгіленген тәртіппен» деген сөздерден кейін «және тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекітуге өтінімді қарау кезеңінде қолданылатын» деген сөздермен толықтыруды;
- 14-тармақтың 16) тармақшасын «негізгі құралдардың» деген сөздерден кейін «тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін бекітуге өтінімді қарау кезеңінде қолданылатын» деген сөздермен толықтыруды ұсынамыз.
5. 15-тармақтың 2) тармақшасына сәйкес негіздейтін материалдар ретінде өтінімге соңғы төрт тоқсанның шығындары туралы нақты деректер ұсынылады. Сонымен қатар, өткен төрт тоқсанның материалдарын ұсыну бір жағынан аз ақпаратты болса, екінші жағынан, жеткілікті түрде көп еңбекті қажет ететін процесс болып табылады, себебі екі жылдың, яғни ағымдағы және өткен жылдардың есеп берулерін құрамдастыруға тура келеді. Бұдан басқа, құрамдастырылған шығындарды бухгалтерлік құжаттармен растау қиындық тудырады, себебі бухгалтерлік құжаттар әрбір жыл үшін жеке қалыптастырылады. Сондай-ақ ТБИ, салықтардың мөлшерлемелері мен тағы басқаларының өзгеруі жағдайында екі әртүрлі есеп беру кезеңдерінің шығындарын құрамдастыру қиын. Осыған орай, 15-тармақтың 2) тармақшасындағы «өтінімді беру алдындағы төрт тоқсан үшін, және» деген сөздерді алып тастауды ұсынамыз.
6. Көрсетілетін қызметтердің болашақтағы көлемін негіздеу үшін өткен кезеңнің нақты көлемін алу дұрыс емес. Мысалы, субъектіге тәуелсіз себептер бойынша орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді перспективада көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеуі мүмкін, және егер тариф өткен жылдың нақты көлемдері негізінде есептелген болса, онда тариф автоматты түрде төмендейді және тарифтің есебіне салынған табыстың талап етілетін деңгейін қамтамасыз етпейді. Осыған байланысты, Шекті тарифтер жөніндегі қағидалардың 15-тармағы 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) жобаларын есептеу кезінде база ретінде әрбір жылға реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) жоспарланған көлемдері алынады;».
7. Шекті тарифтер жөніндегі қағидаларға 1-қосымшаның анықтамалық ақпараты бар кестесі бойынша:
- Шекті тарифтер жөніндегі қағидалардың 11-тармағына сәйкес, еңбек ақысын төлеу шығындары нормативтік саннан туындай отырып айқындалатындықтан, анықтамалық кестенің бірінші бағанында «орта тізімді» деген сөз «нормативтік» деген сөзбен ауыстырылсын;
- негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу инвестициялық бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылатындығының себебі бойынша, ол бойынша ақпаратты субъектімен бүкіл инвестициялық бағдарламамен бірге ұсынылады. Оны 1-қосымшада жеке бөліп көрсетудің қажеттілігі жоқ. Осыған орай, «10. Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу» деген бағанды алып тастауды ұсынамыз.
- шаруашылық тәсілмен жүргізілетін ағымдағы (жоспарлы-алдын алу) жөндеу «шикізат және материалдар» бабының құрамдас бөлігі ретінде тарифтің шығын бөлігіне енгізілгендіктен және «шикізат және материалдар» бабы бойынша нормалар уәкілетті органмен бекітілетіндіктен, 12, 12.1, 12.2, 12.3 бағандарды алып тастау ұсынылады.
8. 3-қосымша бойынша есеп беруді оңтайландыру мақсатында «Кезеңділік» деген жолда « тоқсандық» деген сөзді «жылдық» деген сөзбен ауыстыруды ұсынамыз.
9. Бұдан басқа, Шекті тарифтер жөніндегі қағидаларды мынадай тармақтармен толықтыруды ұсынамыз:
1) Іс жүзінде бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру кезеңінде тарифтің шекті деңгейін ұлғайтуды талап ететін жаңа инвестицияларды өткізу (мысалы, ҚР Үкіметінің немесе акционердің шешімі бойынша, апаттық жағдайларды болдырмау үшін және т.б.) қажеттілігі туындайтын жағдайлар орын алуы мүмкін. Тарифті уақтылы қайта қарау мүмкіндігінің жоқ болуы субъекті жұмысының тиімділігін төмендетуге алып келеді, кірістің жоспарланған деңгейін төмендетеді және жалпы субъекті қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Осыған орай, Қағидаларды мынадай редакциядағы жаңа 22-1-тармақпен толықтыруды ұсынамыз: « 22-1. Тарифтің шекті деңгейін ұлғайтуды талап ететін инвестициялық бағдарламаға түзетулер енгізілген жағдайда, субъект тарифтің шекті деңгейін мерзімінен бұрын қайта қарауға өтініммен жүгінуге құқылы»;
2) Шекті болып табылмайтын «қалыпты» тарифтерді бекіту жағдайына ұқсас, тарифтік сметаларды түзету тетігін көздеу қажет.
Бірқатар жұмыстарда және оларға байланысты шығындарда кезеңділік бар, яғни келесі жылдың өндірістік бағдарламасы өткен жылдың бағдарламасынан іс жүзінде әрдайым ерекшеленеді.
Әрі қарай, іс жүзінде жұмыстар тізбесіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайтын ахуалдар әрдайым орын алады: қосымша жұмыстар жүргізу немесе жекелеген жұмыстарды алып тастау.
Сондай-ақ жаңа жабдықты сатып алу кезінде субъект онымен байланысты болашақ шығындарды нақты жоспарлау мүмкіндігіне әрқашан ие бола бермейді, себебі әзірге жұмыс тәжірибесі жоқ.
Жорамалдау кезінде ескерілмеген жаңа шығындар туындауы мүмкін.
Бұдан басқа, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің бағалары мен тарифтері ТБИ негізіндегі болжамнан алшақтауы мүмкін.
Әрі қарай, шекті тарифтің қолданылу кезеңі ішінде көрсетілетін қызметтердің көлемі субъектіге тәуелсіз себептер бойынша өзгеруі мүмкін. Тиісінше, құбылмалы шығындар болжаммен салыстырғанда елеулі түрде алшақтауы мүмкін.
Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу кезінде экономикалық әсерді алдын ала нақты бағалау әрқашан мүмкін бола бермейді, оны тек практика көрсетеді. Нәтижесінде, шығындар болжамнан алшақтауы мүмкін.
Сонымен қатар, шекті тарифті бекіту кезінде осы факторлар алдағы бес жылға толық қарастырылуы мүмкін емес.
Осылайша, қазіргі заманғы жағдайларда экономиканың нақты секторында 5 жылға жоспарлау 5 %-дық нақтылыққа жете алмайды.
Осыған орай, қалыптасқан ахуалдың шындықтарын, сондай-ақ 5 жыл секілді ұзақ мерзім бойына бекітілген тарифтік сметалардың шығындарын орындау қажеттілігін ескере отырып, тарифтік сметаларды түзету тетігі қажет .
Қолданыстағы заңнамада тіпті шекті болып табылмайтын қарапайым тарифтер бойынша тарифтік сметаларды түзетуге мүмкіндік берілетінін атап өте отырып, Қағидаларды мынадай мазмұндағы жаңа 28-30-тармақтармен толықтыруды ұсынамыз:
« 28. Табиғи монополия субъектісі ағымдағы жылдың соңына дейін тарифтік сметаны түзету туралы ұсыныспен уәкілетті органға жүгіне алады.
Тарифтік сметаны түзету туралы ұсыныспен жүгінген кезде табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға түзетулер ескерілген тарифтік сметаның жобасын және бекітілген тарифтік сметаға түзетулер енгізуді негіздейтін материалдарды ұсынады.
29. Тарифтік сметаға қоса берілетін материалдар тігіледі, нөмірленеді және табиғи монополия субъектісі басшысының мөрімен және қолымен расталады. Қаржылық құжаттарға табиғи монополия субъектісінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және табиғи монополия субъектісінің мөрімен расталады.
30. Уәкілетті орган тарифтік сметаны түзету бойынша құжаттарды ұсынылған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.»
«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Т өрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығы на өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келесіні хабарлаймыз.
1. Осы Қағидалардың 5-бабы 37-тармағының екінші бөлігінде бақыланбайтын шығындар өзгерген жағдайда ӨЭК уәкілетті органға осы Қағидаларға сәйкес төтенше реттеуші шаралар (бұдан әрі – ТРШ) ретінде өтінім ұсынатындығы көрсетілген. Алайда Қағидаларда ӨЭК үшін ТРШ ретінде тарифті бекітуге өтінімге қандай материалдарды қоса беру қажеттілігі нақтыланбаған. Осыған байланысты 10-тармақты мынадай мазмұндағы жаңа 4) тармақшамен толықтыруды ұсынамыз: «4) ӨЭК үшін тарифті төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге арналған өтінімге:
тарифті бекітудің себептері көрсетілген түсіндірме жазба;
- осы Қағидаларға 35-қосымшаға сәйкес өндірістік және қаржылық көрсеткіштер қоса беріледі. Бұл ретте стратегиялық тауарлар құнын арттырған жағдайда, тарифте стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын бақыланбайтын шығындар ғана түзетіледі;
- төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекіту қажеттігін растайтын құжаттар қоса беріледі».
Редакциялық түзету. Осы Қағидалардың «Тарифті салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып бекіту және қолданысқа енгізу» 5-бабының 39-42-тармақтары тарифтік сметалардың орындалуын бақылауды регламенттейтіндігімен байланысты, нөмірленуін өзгерте отырып оларды жаңа бапқа шығаруды ұсынамыз.
«Өңірлік электр желілік компанияларын қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Т өрағасының 2014 жылғы 3 наурыздағы № 49-НҚ бұйрығы на өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келесіні хабарлаймыз.
Табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидаларының 6-тармағының 3) және 6) тармақшаларында және қосымшасында табиғи монополия субъектілері қызметкерлерінің нормативтік санын бес жылға және одан көп жылға бекіту өтінімге қоса берілетін өткен бес жыл үшін материалдардың міндетті түрде ұсынылуын талап етпейді, ал қызметкерлер санын талдау үшін ағымдағы жылдың және өткен екі жылдың деректері жеткілікті болады. Өндірістің қолданыстағы технологиясының көзқарасы тұрғысынан нақты соңғы екі жыл көрсеткішті болып табылады. Барынша ерте кезеңдер ескірген жабдықтармен немесе өндіріспен сипатталуы мүмкін, сондықтан «бес жыл» деген сөздер «екі және одан көп жыл» деген сөздермен ауыстырылсын.
Баяндалғанды ескере отырып, ҚР ҰКП ұсыныстарын қарауды сұраймыз. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, ҚР қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте дәлелденген жауап беруді сұраймыз.
Қазақстанның кәсәпкерлік саласын колдауыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Басқарма мүшесі Ж. Ертлесова