Toggle Dropdown
«Бағалау қызметiнiң кейбiр мәселелерi туралы» бұйрық жобасы
Бағалау қызметiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекiтiлсiн.
1. «Жылжымалы мүлiктiң құнын бағалау»;
2. «Жылжымайтын мүлiктiң құнын бағалау»;
3. «Құнның базалары мен түрлерi»;
4. «Зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң және материалдық емес активтердiң құнын бағалау»;,
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін.
5. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің
2014 жылғы « »_________
№_____ бұйрығымен
бекiтiлген
Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар
1. Осы Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрi - талаптар) халықаралық бағалау стандарттарын пайдалана отырып, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) негiзiнде әзiрлендi және бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына, бағалау туралы есепте пайдаланылатын ақпаратқа, сондай-ақ әдiснамада және есептеуде қолданылатын бағалау туралы есептегi сипаттамаларға қойылатын талаптарды белгiлейдi.
2. Осы талаптар Қазақстан Республикасының аумағында бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде қолдануға мiндеттi болып табылады.
3. Бағалау туралы есеп бағалау жүргiзу қорытындысы бойынша жасалады. Бағалау туралы есеп Заңға, осы талаптарға, халықаралық стандарттарға және бағалау қызметi стандарттарына сәйкес жасалған құжатты бiлдiредi.
4. Есептiң тапсырыс берушiсi - бағалау объектiсiнiң меншiк иесi немесе бағалау туралы шарт жасауға құжат түрiнде расталған негiздемесi бар өзге де адамдар, сондай-ақ заңнамада белгiленген жағдайларда сот немесе уәкiлеттi орган.
2. Бағалау туралы есептiң мазмұнына қойылатын талаптар
5. Бағалау объектiсiнiң түрiне қарамастан, бағалау туралы есепте мынадай мiндеттi бөлiмдер мен бөлiктер қамтылады:
2) iлеспе хат (тапсырыс берушiнiң келiсiмi бойынша);
4) бiлiктiлiк сипаттамалары көрсетiлген бағалаушылар тiзiмi;
5) есеп туралы жалпы мәлiметтер;
6) бағалау объектiсiнiң жалпы мәлiметтерi және сипаттамасы;
7) есептiң есептеу бөлiгi;
8) есептiң қорытынды бөлiгi;
Осы тармақтың 1-6) тармақшаларында санамаланған есептiң бөлiктерi оның қосымшаларын есептемегенде, есеп мазмұнының жартысынан аспайды.
6. Титул парағы мыналарды қамтуы тиiс:
3) есептiң жасалған күнi;
4) объектiнiң атауы және орналасқан жерi;
6) бағалау туралы шарттың нөмiрi және жасалған күнi;
7) айқындалатын құнның түрi (үлгiсi);
8) тапсырыс берушiнiң толық атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, оның орналасқан жерi, банктiк деректемелерi;
9) бағалаушының толық атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты оның орналасқан жерi, банктiк деректемелерi, бағалаушы мүшесi болып табылатын Бағалаушылар палатасының атауы;
10) бар болса, мөрмен куәландырылған есептi бекiткен адамның тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы.
7. Iлеспе хатта мыналар қамтылады:
1) бағалаудың мақсаты мен нысанасы;
2) бағалау объектiсiн сәйкестендiретiн жалпы ақпарат;
3) есепте пайдаланылған бағалау амалдары мен әдiстерi;
4) бағалау объектiсi құнының қорытынды шамасы.