• Мое избранное
«Бағалау қызметi мәселелерi бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Бағалау қызметi мәселелерi бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Бағалау қызметi мәселелерi бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) осы бұйрыққа 1 –қосымшаға сәйкес «Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына бiлiктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына бiлiктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін.
  3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.   
         4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Б.Имашев
Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің
2014 жылғы « »_________
№_____ бұйрығымен
бекiтiлген
«Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық
емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметтi жүзеге
асыру құқығына бiлiктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру,
қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына бiлiктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
3. «Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
«Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.».
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:
бiлiктiлiк емтиханынан өткенi туралы материалдарды қарау кезiнде – 10 (он) жұмыс күнi;
бiлiктiлiк емтиханынан өткенi туралы шешiм шығару кезiнде – емтихан өткiзiлгеннен кейiн келесi күннен кешiктiрмей жiбере отырып, 3 (үш) жұмыс күнi; 
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезiнде – 2 (екi) жұмыс күнi;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.»;
6. 1) біліктілік емтиханынан өткені туралы Комиссияның шешімі не емтиханнан өтпегені туралы Комиссия хаттамасынан үзіндінің көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханынан өткені туралы Комиссияның шешімін қағаз тасымалдағышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда Комиссияның шешімі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші мөрімен және басшысының қолымен куәландырылады.  
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз тасмалдағышта лицензияны алу үшін жүгінген жағдайда, лицензия электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші мөрімен және басшының қолымен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;
7. Мемлекеттiк қызмет ақылы және (немесе) тегiн түрде көрсетiледi:
1)бiлiктiлiк емтиханның өткiзiлуi – тегiн;  
2) мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) ақылы негiзде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жерi бойынша бюджетке төленедi:
1) осы қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезiнде 6 айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК) құрайды;  
2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 % құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды;  
3) лицензияның телнұсқасын беру үшiн лицензиялық алым лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 100 % құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы алу үшiн электрондық сұрау салынған кезде ақы төлеу «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) немесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырыла алады.
8. Жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, кезек тәртiбiмен көрсетiледi;
2) порталдың – тәулiк бойы (жөндеу жұмыстарды жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
бiлiктiлiк емтиханынан өту үшiн:
көрсетiлетiн қызметтi берушiге: