• Мое избранное
«Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы
«Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 64-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесi бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық «Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1462 Қаулысы күшін жойған күнінен кейін, бірақ алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
 инвестициялар және даму
Министрінің
 2014 жылғы «___» ________
 № ____ бұйрығымен
 бекітілді
Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi әрi халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi. 
2. Халықаралық қатынастардағы жолаушылар тасымалы (транзиттi қоса алғанда) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 
3. Облысаралық қатынастардағы жолаушылар тасымалы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда жүргiзіледi. 
4. Халықаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұлттық тасымалдаушы жүзеге асырады, облысаралық қатынастарда - бәсекелестiк негiзде жүзеге асырылады. 
2. Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тәртiбi
5. Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мынадай кезеңдердi: 
1) халықаралық және облысаралық қатынастардағы поездар қозғалысы кестесiн және оларды қалыптастыру схемаларын әзiрлеудi; 
2) халықаралық жолаушылар тасымалын аумақтары арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын шетел мемлекеттерiнiң магистральдық инфрақұрылымын ұстау мен пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалармен келiсудi; 
3) халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар поездарына қызмет көрсетудi ұйымдастыруды қамтиды. 
6. Халықаралық және облысаралық қатынастардағы жолаушылар поездары қозғалысының кестесiн әзiрлеу бастапқы пункттерден шығу және соңғы пункттерге келу, сондай-ақ iрi елдi мекендерге келу мен шығу кезiнде жолаушылар үшiн қолайлы уақытты қамтамасыз ету қағидатын ескере отырып жүзеге асырылады. 
7. Поездарды қалыптастыру схемаларын әзiрлеу кезiнде тасымалдаушы тұрақты айналымдағы жолаушылар вагондарының санын, құрамдарды қалыптастыру және олардың айналымы, тiкелей қатынайтын вагондарды ағыту мен тiркеу пункттерiн, жол жүру бағытында жолаушылар поездарына техникалық қызмет көрсету тәртiбiн айқындайды. 
8. Жаңа облысаралық қатынастарды ұйымдастыруды тасымалдаушы магистральдық темiр жол желiсiнiң техникалық және технологиялық мүмкiндiктерiн ескере отырып жүзеге асырады. 
9. Қозғалыс кестесiнде көзделмеген қосымша жолаушылар поезын тасымалдаушының тағайындауы немесе вагондарды қосымша қосу халықаралық және облысаралық қатынастардағы жолаушылар ағынының күтiлетін көбеюi жағдайында жүргiзiледi. 
10. Халықаралық қатынастарда поездар немесе вагондар санын көбейту, сондай-ақ поездар қозғалысының кестесiнде көзделген жолаушылар поезының немесе тiкелей қатынайтын вагонның қозғалысын тоқтатуды тасымалдаушы аумақтары арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын шетел мемлекеттерiнiң магистральдық инфрақұрылымын күтiп ұстау мен пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалармен келiскеннен кейiн магистральдық темiр жол желiсi операторымен бiрлесiп жүргiзедi. 
11. Жолаушылар тасымалы жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн ашық барлық темiр жол станциялары мен тоқтау пункттерi арасында жүзеге асырылады. 
12. Халықаралық және облысаралық қатынастарда орындарды есепке алуды ұйымдастыру, бос және босайтын орындар туралы ақпарат беру және оларды iске асыру автоматтандырылған (электрондық) басқару жүйесi арқылы және/немесе жөнелту станциясынан поездың жүру жолы бойынша қол тәсiлiмен жүргiзiледi. 
«Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы «___»_________№__ бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгi (мемлекеттiк органның құзыреті)

«Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 64-бабына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы



4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

«Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1462 Қаулысы

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді









Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердi көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлiмет



Талап етілмейді

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында www .mid .gov .kz орналастырылған

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)





жоқ

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрлігі
Заң департаменті директоры А. Алиақпаров
  2014 жылғы «___»______________