• Мое избранное
«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармақшасын, 
14-бабының 4)-тармағына, 20-бабының 4 және 8-тармақтарына, 30-бабының 1, 2 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа  1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже;
2) осы бұйрыққа  2-қосымшаға сәйкес Жануарларға және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
3) осы бұйрыққа  3-қосымшаға сәйкес Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары;
4) осы бұйрыққа  4-қосымшаға сәйкес Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;
5) осы бұйрыққа  5-қосымшаға сәйкес профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;  
6) осы бұйрыққа  6-қосымшаға сәйкес Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары;
7) осы бұйрыққа  7-қосымшаға сәйкес Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-минитрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев
     «____»  ________ 2014 жылы		

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі

________________ Б. Сұлтанов 
«____»  ___________ 2014 жылы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы « »
№ бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже 
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi.
2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы (бұдан әрi – ведомство) –мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның комитеті;
2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан аумақтық бөлімшелер (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, астана).
3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары:
1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу;
2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.
4. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар:
1) аумақтық бөлiмшелерi, оның iшiнде ветеринариялық бақылау бекеттерi бар ведомство;
2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын 
мемлекеттік органдардың бөлімшелері  болып табылады.
2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлер 
5. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасарлары;
2) уәкілеттін орган ведомствосының мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
3) ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары;
4) ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң, оның iшiнде ветеринариялық бақылау бекеттерiнiң мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
5) iшкi сауда объектiлерiнiң және жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдардың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
6) жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң басшылары және олардың тиiстi мемлекеттiк органдарға тиесiлi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын орынбасарлары;
7) тиісті аумақтардың мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлері жүзеге асырады.
6. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың және олардың орынбасарларының, бас мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлердің, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлердің  өзінің мемлекеттік тілдегі атауы бар мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
3. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi 
7. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:  
1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;  
2) ветеринариялық препараттарды өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларда;
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай функцияларды: