«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы
«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму
Министрінің 2014 жылғы «___» ________ № ____ бұйрығымен бекітілді
Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.
2. Осы Әдістеме жоспарланған қаржы кезеңіне шығындарды субсидиялаудың бөлінген көлеміне және ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшеріне байланысты әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін айқындайды.
3. Осы Әдістемені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттік өтінім – шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттар жиынтығы;
2) ең төмен күнкөріс деңгейі – ең төмен тұтыну себеті құнының мөлшері бойынша тең, бір адамға қажетті ең аз ақшалай кіріс;
3) тасымалданған жолаушылар – тасымалдаудың орташа ұзақтығын ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жөнелтілген жолаушылар санына сәйкес келетін көрсеткіш;
4) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер – теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдаудан, поездарда төсек-орын жабдықтарын беру мен комиссиялық алымдардан ақшалай түсімдер;
5) жоспарлы кезең – ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;
6) есептік қаржы жылы – жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;
7) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол көлігімен қолданыстағы бағалар деңгейі – әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға ағымдағы қаржы жылына заңнамаға сәйкес белгіленген бағалар.
4. Әдістемені:
1) бюджеттік өтінімді дайындау кезінде теміржол көлігі саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылатын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және тиісті облыстардың әкімдіктері уәкілеттік берген атқарушы органдар (бұдан әрі –жергілікті атқарушы органдар) қолданады;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді қарау және ол бойынша қорытынды дайындау кезінде қолданады.
2. Теміржол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау
5. Вагон типтері бойынша жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер анықталады:
бірінші қаржы жылына (Dжоспар 1 ваг.типі ):
Dжоспар 1 ваг.типі = Dнақты вагон типі *KТнақты вагон типі * KТжоспар1 ваг.типі
Dжоспар 2 ваг. типі = Dнақты ваг. типі *KТнақты ваг. типі *KТжоспар1 ваг.типі * KТжоспар 2 вагон.типі
үшінші қаржы жылына (Dжоспар 3 ваг.типі )::
Dжоспар 3 ваг.типі = Dнақты вагон типі *KТнақты вагон типі *KТжоспар 1 ваг.типі * KТжоспар 2 ваг.типі *KТжоспар 3 вагон.типі.
мұндағы:
Dнақты вагон типі – вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер;
Жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға бағаларын жоғарылату коэффициенті бюджеттік өтінімдерді қарау және ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде бір жолаушыға келетін орташа жылдық шығыстар үлесін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ол бойынша қорытынды беру негізінде анықталады.
KТнақты вагон типі – есептіге қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша ағымдағы қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға бағаларын нақты арттыру коэффициенті;
KТжоспар 1 ваг.типі – ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің бірінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға бағаларын арттыру коэффициенті;
Тжоспар 2 ваг.типі – ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің екінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға бағаларын арттыру коэффициенті;
KТ жоспар 3 ваг.типі – ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің үшінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға бағаларын жоғарылату коэффициенті.
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін нақты кірістер заңнамаға сәйкес уәкілетті орган қабылдаған, Тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырумен байланысты шығындарын субсидиялау қағидаттарына сәйкес нысандар бойынша жылдың басынан бастап жолаушылар тасымалдарын орындау туралы есептерде көрсетілген есептік қаржы жылындағы кірістер болып табылады.
6. Вагон типтері бойынша жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемі анықталады:
бірінші қаржы жылына (Vжоспар 1 ваг.типі ):
Vжоспар 1 ваг.типі = Vнақты вагон типі *KVнақты вагон типі * KV жоспар 1 ваг.типі
екінші қаржы жылына (Vжоспар 2 ваг.типі ):
Vжоспар 2 ваг.типі = Vнақты вагон типі *KVнақты вагон типі *KV жоспар 1 ваг.типі * KV жоспар 2 ваг.типі
үшінші қаржы жылына (Vжоспар 3 ваг.типі ):
Vжоспар 3 ваг.типі = Vнақты вагон типі *KVнақты вагон типі *KVжоспар 1 ваг.типі * KVжоспар 2 ваг.типі *KVжоспар 3 ваг.типі
мұндағы:
Vнақты вагон типі – вагон типтері бойынша (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың нақты көлемі;
KVнақты вагон типі – есептіге қатысты вагон типтері бойынша(купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) ағымдағы қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін нақты ұлғайту коэффициенті;
Нақты көлем Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесіне сәйкес нысандар бойынша жылдың басынан бастап жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есептерде көрсетілген есептік қаржы жылындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың көлемі болып табылады.
Көрсеткіштер көлемі әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын әрбір вагон типтері бойынша анықталады.
Әрбір вагон типтері бойынша көрсеткіштер көлемі олардың әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын барлық субсидияланатын көлемінің сомасы ретінде анықталады.
Жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне сәйкес жоспарланған көрсеткіштер негізінде анықталады.
KVжоспар 1ваг.типі ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің бірінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті;
KVжоспар 2 ваг.типі. ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің екінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті;
KVжоспар 3 ваг.типі – ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің үшінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті.
7. Бір жолаушыға арналған орташа жылдық шығыстарды есептеу:
бірінші қаржы жылына (Rжоспар 1 ваг. типі. ):
екінші қаржы жылына (Rжоспар 2 ваг. типі. ):
Rжоспар 2 ваг. типі = Dжоспар 2 ваг. типі Vжоспар 2 ваг. типі
үшінші қаржы жылына (Rжоспар 3 ваг. типі. ):
Rжоспар 3 ваг. типі = Dжоспар 3 ваг. типі / Vжоспар 3 ваг. типі
8. Ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде бір жолаушыға орташа жылдық шығыстары үлесі анықталады:
бірінші қаржы жылына (P жоспар 1 ваг.типі ):
P жоспар 1 ваг.типі = R жоспар 1 ваг.типі * 100/ Sжоспар 1
екінші қаржы жылына (P жоспар 2 ваг.типі ):
Pжоспар 2 ваг. типі = Rжоспар 2 ваг. типі * 100/ Sжоспар 2
үшінші қаржы жылына (P жоспар 3 ваг.типі ):
P жоспар 3 ваг. типі = R жоспар 3 ваг. типі * 100/ Sжоспар 3
мұндағы:
Sжоспар 1 – жоспарлы кезеңнің бірінші қаржы жылына ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшері;
Sжоспар 2 – жоспарлы кезеңнің екінші қаржы жылына ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшері;
Sжоспар 3 – жоспарлы кезеңнің үшінші қаржы жылына ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшері.
Ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшері жыл сайын «Ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшері туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті қаржы жылына анықталады.
9. Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар осы әдістемеге қосымшаға және теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтерге ұсынылған бағаларды арттыруға сәйкес бір жолаушыға орташа жылдық есептеуді вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бөлінісінде жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімге қоса береді
10. Республикалық бюджет комиссиясының хаттамасымен ең төмен күнкөріс деңгейінен қырық пайыз аспайтын мөлшерде бір жолаушыға орташа жылдық шығыстардың шекті үлесі анықталады.
11. Жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтер үшін бағаның шекті деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде бір жолаушыға орташа жылдық шығыстардың белгіленген үлесінен аспайтындай деңгейде анықталады.
_____________________________
Теміржол көлігімен әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау
қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесіне
қосымша
Вагондар түріне бөліп жоспарланған кезеңге бюджеттік өтінімге бір жолаушыға орташа жылдық шығындар есебі
| № п/п | Пойыздың № | Маршрут (атауы ) | Вагон типі | Жылына кірген күндердің саны
| Құрамдағы вагондардың орташа саны, келісім бойынша | Жолаушылар тасымалданды , адам . | Жолаушылар тасымалынан түскен табыс , мың .тг | Бір жолаушыға орташа жылдық шығыны , тг | |||
| Билетті сатудан | Төсек орын сатудан | Басқа да қызметтен табыс | барлығы | ||||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12=11/7 |
|
|
|
| купе |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| плац карт |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ортақ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| МВПС |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| г ранд |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| б изнес |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| т урист |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| отыру үшін |
|
|
|
|
|
|
|
|
____________________________________
«Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетінжолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрінің 2014 жылғы «___»_________№__бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi | Мемлекеттік органның |
| 1. | Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
|
| 2. | Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгi (мемлекеттiк органның құзыреті) | «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 226 Заңының 14 бабы 2-тармағының 34-22) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | Осы қаулының мақсаты халықтың қажеттілігін қанағаттандыру, халыққа көліктік қызмет көрсетуді жақсарту болып табылады |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердi көздемейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлiмет | Талап етілмейді |
| 8 | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер | Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында www .mid .gov .kz орналастырылған |
| 9 | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | жоқ |
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Заң департаменті директоры А. Алиақпаров
2014 жылғы «___»______________