• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 14.06.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 қазанда № 9777 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 14.06.2016 жылғы № 307 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 14.06.2016 жылғы № 306 Бұйрығын қараңыз
Редакция 07.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына және «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрық:
1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап енетін Ереженің 15-тармағы 2), 28), 29) тармақшаларын, 16-тармағының 125), 127), 131) тармақшаларын;
2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйелерін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап енетін Ереженің 16-тармағы 28), 29), 30), 50), 94) тармақшаларын, 17-тармағының 19), 20) тармақшаларын қоспағанда мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2014 жылғы 26 қыркүйектегі
 № 417 бұйрығымен
 бекітілген
  • 1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1-тарау жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 07.07.2015 жылғы № 403 Бұйрығына сәйкес (26.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) орталық атқару органының құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын, салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау, салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізумен, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен байланысты қатынастарды, мемлекеттік кірістер органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
2. Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері, Кедендер, мамандандырылған мемлекеттік мекемелері, аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша және арнайы экономикалық аймақ аумағындағы мемлекеттік кірістер басқармалары жататын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.
3. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Комитеттің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.
7. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитеттің актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
9. Комитеттің заңды мекенжайы: почта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.
10. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге рұқсат етілмейді.
14. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. Комитеттің міндеттері:
1) өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
2) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды анықтау және тергеу, сондай-ақ «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегия мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, арнайы демпингке қарсы және өтемдік баждардың толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының салық, кеден және бюджет саясатын іске асыруға қатысу;
5) Комитеттің құзыретіне кіретін халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;
6) Комитеттің құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды әзірлеуге қатысу;
7) өз құзыреті шегінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
8) Кеден одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;
9) мемлекеттік кірістер органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
10) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
11) Кеден одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
12) кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуді және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдай жасау;
13) Кеден одағының кедендік аумағы арқылы тауарлар өткізу кезінде зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету;
14) кедендік декларациялау мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуді оңайлатуға және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау;
15) Қазақстан Республикасының өткізу пункттерін және транзиттік әлеуетін дамыту;
16) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитарлық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау органдарының қызметтерін үйлестіру;
17) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік және санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу;
18) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу;
19) кедендік операциялар жасауды және кедендік бақылау жүргізуді, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізу;
20) кедендік статистика жүргізу;
21) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
22) трансферттік баға қолдану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;