«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау, хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау қағидаларын.
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті немесе белгілі
бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы хабарламаның нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізімі бекітілсін.
2. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның мемлекеттік органның интернет-ресурсында, «Әділет» ақпараттық-кұқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы « »
№ бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау, хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау қағидаларын
Осы Қағидалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы
16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау тәртібін белгілейді.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өтініш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;
2) қабылдайтын ұйым – хабарлама қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) хабарлама – өтініш беруші Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша жасаған, қызметтің немесе әрекеттің жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретін құжат (бұдан әрі - хабарлама);
4) соңғы қабылдаушы – қызметті немесе әрекетті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлаған субъектілер тізілімін жүргізетін мемлекеттік орган.
2. Қабылдайтын ұйым оларды толтыру үшін өтініш берушілерге хабарлама нысандарын беруді тегін қамтамасыз етеді.
3. Хабарлама қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғаға тікелей беріледі, ол хабарламаның толық толтыруын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген қажетті құжаттардың бар екендігін тексереді. Тұлғаның хабарлама беруге өкілеттігін (сенімхаттың болуы) қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы тексереді.
Бұл ретте, қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы тікелей орында және өтініш беруші хабарламаны беру сәтінде тексереді және оны қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді қабылдайды.
Тиісті ақпараттық жүйесі бар болған жағдайда хабарламалар рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде беріледі.
Хабарламаға қажетті құжаттарды ұсынуды талап ету тек Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда рұқсат етіледі.
4. Хабарлама толық толтырылмаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қажетті құжаттар ұсынылмаған жағдайларда хабарлама қабылданбайды.
5. Егер өтініш беруші хабарламаны қабылдамауымен келіспеген жағдайда хабарламаны берген орнында және сол күні олардың арасында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші мен қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасының арасындағы келіспеушіліктер актісі (бұдан әрі - акт) жасалады. Акт хабарламаның көшірмесімен қоса екі данада жасалады және оған өтініш беруші мен қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы қол қояды.
Хабарламаның көшірмесімен қоса актінің бір данасы қабылдайтын ұйымда сақтауға қабылданады, ал екінші актінің данасы өтініш берушіде қалады және хабарламаның қабылданбағанын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шағымдану үшін негіз болып табылады.
6. Жеке тұлғаның заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін сол туралы ақпарат міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгергені туралы хабарлама осы Қағидалардың
3-тармағында көрсетілген тәртіппен беріледі.
7. Хабарламаны қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы қабылдаған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушіге хабарламаны қабылдау туралы талон беріледі.
8. Қабылдайтын ұйым қабылдаған хабарламаларды өтініш беруші хабарламаны берген күні соңғы қабылдаушыға жібереді.
9. Өтініш берушілердің өтініштері бойынша хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелер береді.
________________________________________
Мемлекеттік органдардың
хабарламаларды қабылдау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Өтініш беруші мен қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасының
арасындағы келіспеушіліктер актісі
Осы акт 20__ жылғы « » ________ «____» сағ. «____» мин.
(күні мен уақыты)
__________________________________________________________________

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |