2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 9-2-6/3184-и хатқа










Отправить по почте
«Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 20 қазандағы № 11498 сараптамалық қорытындысы
2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 9-2-6/3184-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажетті құжаттардың бірі болып заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттiк (есептік) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлік айқындалған, осыған байланысты осы тармаққа мынадай мазмұндағы ескертпені бекіту қажет деп санаймыз: «*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады».
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес дәлелді жауап жіберуді сұраймыз.
Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің Хатшылығы хатшысының орынбасары Д. Ошакбаев

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |