2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 9-2-6/3074-и хатқа
Отправить по почте
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 20 қазандағы № 11499 сараптамалық қорытындысы
2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 9-2-6/3074-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Жоба) Қазақстан Республикасының Аул шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
1. Жобаның 2-бабы 8) тармақшасына сәйкес тұқым өткізуші – жергілікті атқарушы органмен аттестатталған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқым несиесін беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
Сондай-ақ 2-тармақтың 10) тармақшасына сәйкес элиталық тұқым өндіруші (бұдан әрі – элиталық-тұқым өсіру шаруашылығы) - жергілікті атқарушы органмен аттестатталған, элиталық тұқымды өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект.
Сонымен қатар, келесіні атап өту қажет.
Заңның 1-бабы 29-1) тармақшасына сәйкес тұқым өткізуші - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқым несиесін беру жөніндегі қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға.
Заңның 1-бабы 38) тармақшасына сәйкес элиталық тұқым өсiру шаруашылығы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы аттестаттаған, элиталық тұқымдарды өндiру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары да жатқызылатындығын хабарлаймыз. Алайда, Жобаға сәйкес «жергілікті атқарушы орган аттестаттаған» ұйғарымы берілген, бұл өз кезегінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған тұлға (субъект) деп көрсетілген «Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңына қайшы келеді. Осылайша, аудандық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары аттестаттауды өткізуге құзыретті емес.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген ескертулерді ескеруді сұраймыз.
2. Жобаның 2-бабына сәйкес аттестаттау туралы куәлік - мемлекеттің аттестатталған бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердiң қызметін тануын растайтын, өз құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы берген құжат.
Сонымен қатар, «Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын растайтын, өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы берген құжат.
Осыған байланысты, Жобаның 2-бабын Заңға сәйкес келтіру қажет.
3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес Ұлттық палатаның Қазақстан Республикасының Үкіметімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына Ұлттық палатаның қатысуы нысанында жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, Жобаның 13-тармағын мынадай редакцияда жазу қажет:
«Жергілікті атқарушы органның қаулысымен сандық құрамы кемінде бес адамнан (төраға және комиссияның төрт мүшесі) тұратын сараптамалық комиссия құрылады.
Сараптамалық комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органның ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті құрылымдық бөлімшесінің, аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың (келісім бойынша) өкілдері, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері енгізіледі».
«Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма Төрағасының орынбасары Р. Ошакбаев