Bestprofi Logo

null № 103 от 2014-03-27г./Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 09.03.2016 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 103 бұйрығымен бекітілген

«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Регламент күшін жойды 2016 жылғы 9 наурыздан бастап ҚР Инвестиция және даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 620 Бұйрығына сәйкес

1. Мемлекеттік көрсетілетін кызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты тіркеу актісі (бұдан әрі - акт) «Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызметік стандарт қосымша нысанына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылқы 26 ақпандағы № 154 қаулысымен бекітілген «Көмірсутек шикізатын қоспақанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы».

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4-тармағымен анықталған.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимыл) бастауға негіздеме стандартының 9-тармағына сәйкес ұсыналған құжаттары бар көрсетілген қызметті алушының еркін өтініш нысанда болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің іс-қимыл тәртібі, рәсімдері (іс-қимыл), және олардың орындалу бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлінісінде барлық рәсімдерді (іс-қимылды) өту кезеңдері:

1-рәсім - қабылданған құжаттар көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманынан тіркеуден өтеді және вице-министрге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) жіберіледі;

2-рәсім - көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары бар құжаттар жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне) жіберіледі;

3-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарастыру және ресімдеу үшін жауапты орындаушыны айқындайды;

4-рәсім - жауапты орындаушы құжаттарды толықтығына қарайды, актінің жобасын ресімдейді;

5-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы актінің жобасына бұрыштама қол қояды;

6-рәсім - актіге көрсетілетін қызметті берушінің жетекшілік ететін басшысы қол қояды.

7-рәсім - көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы актіні арнайы мөрмен бекітеді, оны тіркейді және оны кеңсеге жібереді.

8-рәсім - көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы актіні мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға (сенімхат негізінде оның өкіліне) қолма қол береді.

6. Келесі рәсімді (іс-қимыл) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимыл) нәтижесі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада көрсетілген.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысқан көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көресетілетін қызметті берушінің басшысы;

2) көресетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

3) көресетілетін қызметті беруші жауапты құрылымдық бөлімшесінің орындаушысы;

4) көресетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы мен блок-схемалары осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 және 2-қосымшаларда кертірілген.

«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттіне 1-қосымша

Кесте 1. ҚФБ әрекетін сипаттау ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімі) реттілігін және өзара әрекеттерін сипаттау

Іс-қимыл № (бүрысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

8

ҚФБ атауы

Көрсететін қызметті беруші кеңсесінің маманы

Көресетін қызметті берушінің басшысы

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

Құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

Көресетін қызметті берушінің басшысы

Көрсететін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы

Көрсететін қызметті беруші кеңсесінің маманы

Әрекеттің (үрдістің, рәсімінің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу,

құжаттарды

қызметті берушінің басшысына жіберу

Қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесін анықтау,

бұрыштама қол қою

Қабылданған құжаттарды қарастыру үшін жауапты орындаушыны анықтау

Құжаттарды толығына қарастыру, акт жобасын рәсімдеу

Акт жобасына бұрыштама қол қою

Актіге қол қою

Актіге арнайы мөр қою және оны

тіркеу, оны кеңсеге жіберу

Актіні мемлекеттік қызметті алушыға (сенімхат негізінде оның өкіліне) қолма қол беру

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Тіркелген өтініш

Қарар

 

Қарар

 

Акт жобасы

Бұрыштама қол қойылған акт жобасы

Қол қойылған акт

Тіркелген, арнайы мөр басылған акт

Акт

Орындау мерзімдері

15 минут

1 жұмыс күні ішінде

15 минут

2 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

15 минут

15 минут

Келесі іс-қимыл №

2

3

4

5

6

7

8


 

«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) блок-схемасы

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание