Қазақстан Республикасы
Премьер - Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар
министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 103 бұйрығымен бекітілген
«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік көрсетілетін кызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) «Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызметік стандарт қосымша нысанына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылқы 26 ақпандағы № 154 қаулысымен бекітілген «Көмірсутек шикізатын қоспақанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы».
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4 тармағымен анықталған.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимыл) бастауға негіздеме стандартының 9-тармағына сәйкес ұсыналған құжаттары бар көрсетілген қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрауы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің іс-қимыл тәртібі, рәсімдері (іс-қимыл), және олардың орындалу бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлінісінде барлық рәсімдерді (іс-қимылды) өту кезеңдері:
1-рәсім - қабылданған құжаттар көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманынан тіркеуден өтеді және вице-министрге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) жіберіледі;
2-рәсім - көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары бар құжаттар жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне) жіберіледі;
3-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарастыру және ресімдеу үшін жауапты орындаушыны айқындайды;
4-рәсім - жауапты орындаушы құжаттарды толықтығына қарайды, куәліктің жобасын ресімдейді;
5-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы куәліктің жобасына бұрыштама қол қояды;
6-рәсім - куәлікке көрсетілетін қызметті берушінің жетекшілік ететін басшысы қол қояды.
7-рәсім - көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы куәлікті арнайы мөрмен бекітеді, оны жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу журналында тіркейді және оны кеңсеге жібереді.
8-рәсім - көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы куәлікті мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға (сенімхат негізінде оның өкіліне) қолма қол береді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимыл) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимыл) нәтижесі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада көрсетілген.