2014 жылғы 13 қазандагі № 9-2-6 / 3604-и хатқа
Отправить по почте
«Ветеринария саласындағы нормативтік құқытық актілерді бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 24 қазандағы № 11791 сараптамалық қорытындысы сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
2014 жылғы 13 қазандагі № 9-2-6 / 3604-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Ветеринария саласындағы нормативтік құқытық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Бұйрық жобасының 3-қосымшасының 3-тарауы 10-тармағының 2-абзацында жануарларға және адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде құны жануарлардың бір басы және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмы (литр, ондық) есебімен нарықтық құнының 50% мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен өтеледі, ал нарықтық құнының қалған бөлігін (50%) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым өтейді деп көзделген.
Бұдан бұрын ҰКП ҚР АШМ-ге 2014 жылғы 06 маусымдағы № 6640 сараптамалық қорытынды жолдаған болатын.
Осыған орай, мал қорасында ауру жануарларды күтіп-ұстаумен байланысты қайта өңдеу кәсіпорындарының (ет комбинаты, сою пункті) союға және инфекцияланған ұшаларды мүшелеуге және санитариялық сою қалдықтарын пайдаға асыру мүмкіндігіне қойылатын ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және тамақ өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2014 – 2015 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 417 қаулысына сәйкес ҮИИДМБ-2 бағдарламасы негізінде қолданыстағы сүтті, етті, жеміс пен көкөністі қайта өңдеу, астықты, май-тоң май өнімдерін терең қайта өңдеу кәсіпорындарына техникалық аудит жүргізілетінін атап өтеміз. Техникалық аудит кәсіпорындардың жарақтандырылу деңгейін және персоналдың қауіпсіздігі мен жануарларды санитариялық сою кезінде инфекцияның таралмауына қойылатын талаптар көзделетін Халықаралық стандарттарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
Техникалық аудит қорытындыларын есепке алмай, қайта өңдеу кәсіпорындарын инфекцияланған жануарларды санитариялық союды жүзеге асыратын қатысушы ретінде белгілеу уақытынан бұрын деп санаймыз.
Бұдан басқа, профилактикасы, диагностикасы мен жоюы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын «ит пен мысықтардың аурулары - ет қоректілер обасын» жануарлардың аса қауіпті аурулары тізбесінен алып тастауды орынды деп санаймыз, себебі осы жануарлар үй жағдайларында ұсталынады және аталған инфекцияның профилактикасы мен диагностикасына жұмсалатын шығыстар жануар иесінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде бұйрық жобасын пысыктау барысында ұсынылған ұсыныстар мен ескертулерді ескеруді сұраймыз. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес негізделген жауап беруді сұраймыз.
Агроөнеркәсіптік кешен
комитетінің Хатшылығы
хатшысының орынбасары М. Уксикбаев
Б. Сейсенов